Сайтқа кіру Тіркелу

Өзен және көл

Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушылардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту, табиғаттың құбылысын танып, одан әсер алуға үйрету. Өзен және көл туралы мәлімет бере отырып, білімдерін арттыру.
Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, табиғатты аялауға үйрету, шығармашылық ой - өрісін артыра отырып, экологиялық тәрбие беру.
Дамытушылық: байқағыштық, танымдық қабілеттерін дамыту, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, әңгіме, бақылау, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суретті плакат, сызбалар, кескін картасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау. Жер асты сулары
1 - топ: «Сусыз тіршілік жоқ» дегенді түсіндір
2 - топ: Жер асты суының маңызы бар екенін дәлелде
3 - топ: Адам өміріне шипалы сулардың маңызы қандай?
Қосымша тапсырма: Құдық туралы мақал - мәтел, аңыздар айту.
3. Ой жинақтау
1) Интерактивті тақта арқылы табиғат құбылысын көрсету
- Мына жерде табиғаттың қандай көріністерін көріп тұрсыңдар?
ағады тасиды
тұщы су буланады
Өзен туралы өз ойымызды айтайық.
- Өзен таудан құлап, сарқырап ағады. Ол тастан - тасқа соғылып жер - көкті аралайды.
2) Слайдтан көлдердің суретін көрсету
терең ағынды
ащы тұщы
4. Мағынаны тану. Поэзия минуты арқылы бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын ашу, яғни өзенмен байланысты екенін аңғарту.
өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
(Ы. Алтынсарин)
5. Жаңа сабақ. Өзен және көл
1) мәтінді тізбектей оқу
2) Қандай жаңа ақпарат алғанын анықтау
Өзен дегеніміз - өзі салған арнамен ағатын су ағыны. Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады. Өзендер екіге бөлінеді: тау өзендері жазық өзендер. Тау өзендері тік жартасты терең болып келеді. Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу, жазық жерлердің өзендері терең емес және олардың ені бірнеше километр болады.
Қызықты мәлімет
Әлемдегі ең ұзын өзен – Мысырдағы Ніл өзені. Оның ұзындығы 6670 км. Ең қысқа өзен – АҚШ - тағы Ди өзені. Оның ұзындығы 37 км.
Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар. Ертіс, Іле, Орал, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана жүзе алады. Бұл өзендерде балықтардың құнды тұқымдары тіршілік етеді.
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықтарда да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрл і болады. Үлкен көлдер теңіз деп аталады.
Өзендер сияқты көлдер де жаңбыр суынан қорекетенеді. Көл суы буланады және өзенге бастау болады. Көл суы ағынды және ағынсыз болады. Ағынды көлден өзен ағып шағады. Көлге тұз жинақталады, ол өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады. Көлдің шаруашылықта пайдасы зор.
3) «Insert» жүйесі бойынша жұмыс істеу.
Білемін Білмеймін Үйрендім
4) Шығармашылық тапсырма ( Өлең немесе жұмбақ құрастыру)
6. Қорытынды
- Оқушылар, не үйреніп, не білдік?
Оқушылар Картаны пайдалана отырып, Қазақстанның өзен, көлдерін көрсетеді.
7. Үй тапсырмасы
Су тасқынынан кейін адамдар қандай зардап шегеді? (эссе)
8. Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×