Сайтқа кіру Тіркелу

Жауқазын

Сабақтың тақырыбы: Жауқазын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жыл мезгілдеріне тоқталу, оның ішінде көктем туралы айту. Көктем белгілерін, ерекшеліктерін анықтап, шапшаң әрі сапалы оқу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Берілген тапсырманы орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты қорғауға, адамгершілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: гүлдердің суреттері, көктем мезгілінің суреті.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Оқу құралдарын тексеру.
Ынта зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Бәйшешек» өлеңін жатқа сұрау.
ІІІ. Білімдерін жан - жақты тексеру:
Бәйшешек гүлін құрастыру арқылы өткен материалдарға шолу жасау.
Тапсырмалар:
1. Жыл мезгілдерін ата?
2. Көктем мезгілінде өлі табиғатта қандай өзгерістер болады?
3. Көктем мезгілінде алғаш шығатын гүлдерді ата?
4. Гүл немен қоректенеді?
5. Жыл құстарына қандай қамқорлық жасайсыз?
6. Ұя салмайтын құсты ата?
7. Құстар қалай көбейеді?

ІV. Жаңа білімге игеруге даярлық кезеңі:
Үнтаспадан көктемнің құбылыстарын тыңдау және талдау. Осы белгілер арқылы әңгіме құрату.
Әңгіме: Қар еріді. Күн жылынды. Көктем келді. Күн ұзарып, түн қысқарды. Ағаштар бүршік жарды. Жыл құстары өлкемізге қайта оралды. Құстар ұя салып, ұяға жұмыртқа салады. Малдар төлдейді. Мал өріске шығады.

V. Жаңа білімді түсіндіру:
1. Өлеңді мұғалімнің оқуы.
2. Өлеңді түсіндіру, талдау.
Қырға шығар дүркіреп,
Көктем басы жауқазын
Ызғар әлі кеткен жоқ,
Қырлар әлі кепкен жоқ.
Жауқазындар көкпеңбек,
Көбейе бер, көктем боп.

VІ. Алған білімдерін тиянақтау:
а) Өлеңді оқушыларға оқыту.
ә) Өлеңнің мазұнын ашатын сұрақтар.
Сұрақтар:
1. Көктемде қандай жаңбыр жауады?
2. Жаңбырдан кейін табиғат қандай күйге бөленеді?
3. Ақын көктем басы сөзін қандай гүлге теңеді?
4. Өздерің қандай гүлдерді білесіңдер?

Сергіту сәті:
Көктем келсе жарқырап,
Дала гүлге толады.
Бой көтеріп құлпырып,
Дала гүлге толады.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерге гүлдердің аттарын жаздыру.
Жауқазын, қызғалдақ. сарғалдақ, раушан, бәйшешек.

VІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:
1. Ассоциация әдісі бойынша қорытындылау.
Таза ауа құлпырады өседі
Әдемі Жауқазын жайнайды
Сыйлайды хош иісті жайқалады
2. Жауқазын гүлін жасату, бір - біріне сыйлау.
3. Гүлге қатысты мейірімді, жылы сөздер айту.
Мысалы: Гүлдей жайна, құлпырып өс, әдемі бол.

VІІ. Қорытынды:
1. Қандай тақырып өттік?
2. Сендерге сабақ ұнады ма?
3. Қандай гүл жасап үйрендік?

VІІІ. Үйге тапсырма:
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Жауқазын суретін салу.
ІХ. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×