Сайтқа кіру Тіркелу

Қамқорлық

Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру, белсенді ынталы оқуды үйрету.
Дамытушылық: Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз қөзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру. Байланыстырып сөйлеу, сын тұрғысынан ойлауын, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.
Т әрбиелік: Адам бойындағы жақсы қасиеттерге жақын болып, жаман қасиеттерден аулақ болуға, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, ой қозғау, эссе жазу.
Көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Топқа бөлу
Мақалдарды талдау.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Жеке жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас.
Мақалдар арқылы топтық іс - әрекеттің жемісті болуы бірлікке байланысты екенін ертеден - ақ дәлелдеген.

Топтың ережесімен таныстыру.
1. Бірін - бірі тыңдау.
2. Өз пікірлерін ортаға салу.
3. Жұппен, топпен біріге жұмыс істеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы әңгімелеу.

А - тобы: Бүркіт мәтінін оқу, мазмұндау.
1. Жолаушылар қайда келеді? Олар кімдер еді?
2. Гайдар нені көрді, неге таңырқады?
3. Жолаушылар бүркіттің соқыр екенін қайдан білді?
4. Гайдардың «жақсылықты ұмытпауды үйрен» дегенін қалай түсінесін?

Б - тобы:
1. Жолаушыларды жұрт қайда шақырды, қалай күтті?
2. Қарт жолаушыларға өзін қалай таныстырды, қандай әңгіме айтты?
3. Әңгімеде оқиға қай кезде болған деп ойлайсындар?
4. Мәтіндегі жауыз адамдардың әрекеттерін бүркіттің әрекетімен салыстыру.

В тобы::
1. Ол кезде қандай қиыншылықтар кездескен еді?
2. Қиын кезде қыран бүркіттің қандай көмегі тиген екен?
3. Жауыз адамдар бүркітке не істеді?
4. Халық буркіттің жақсылығын қалай қайтарды?

ІІІ Қызығушылығын ояту
«Қамқорлық» деген мәтін тақырыбын оқушыларға болжату. Оқушылардың пікірін тыңдау.
Топтастыру стратегиясын жазу (Қамқорлық туралы)

ІV Мағынаны тану Б. Соқпақбаев жайлы білетін білімдерін еске түсіру.
-- Сендер бұрын Б. Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білесіңдер?
«Бурыл ат», «Сен ұйықтап жатқанда», «Шынықсын денеміз» «Шал мен бала» мәтіндері.
-- Сендер кино, мультфильм көргенді ұнатасыңдар ма? Осы Б. Соқпақбаевтың қандай киносын білесіңдер?
«Менің атым Қожа»
-- Бүгін біз Б. Соқпақбаевтың «Қамқорлық» деген шағын мәтінімен танысамыз. Ал қазір бұл мәтінмен таныспас бұрын, мен әр топқа тапсырма беремін. Сол тапсырманы орындаймыз.
Мәтінді мұғалімнің оқуы, талдауы
Сөздік жұмысы
Жан далбаса - сасқалақтап, ышқынып бейқам алаңсыз
Қол созым - жақын - жерде
Топшысынан - торғайдың аяғы
Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Мәтінді бөліктерге бөлу, осы бөліктер бойынша әңгімелету.

І бөлім: Торғайдың жанталасы
ІІ бөлім: Безбүйрек Жантас
ІІІ бөлім: Қожаның қамқорлығы
Шығармашылық тапсырма.
А - тобына «Қамқорлық» деген тақырыпта шағын эссе жазу.
Б - тобына Мәтін мазмұнына сай мақал - мәтел жазу.
В - тобына Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
(Әр топ өзінің жұмысын қорғайды)

Ү. Қорытынды.
А - Б топтарына ортақ тапсырма. Кесте толтыру.
1 Әңгіменің аты Бүркіт Қамқорлық
2 Әңгіменің авторы
3 Оқиға орны
4 Кейіпкерлер
5 Әңгіме немен аяқталды.
6 Негізгі ойы.
В - тобына.
Венн диаграммасын сызу.
Жантас Қожа

ҮІ. Үйге тапсырма.
А - тобына. Мәтін мазмұнына сурет салу.
Б - тобына. Қамқорлық сөзіндегі әріптерден сөздер құрастыру.
В - тобына.?

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қадырбаева Гулжанат Балташевна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×