Сайтқа кіру Тіркелу

Уақыт бірліктері

Сабақ тақырыбы: Уақыт бірліктері.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Уақыт бірліктерімен (тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр) және олардың арақатынысымен таныстыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыруға машықтандыру, сағатпен, минутпен өрнектеп жазуға үйрету;
Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ойлауға, жазуға, көруге, есептеуге баулу, танымдық, шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
Тәрбиелік: Пәнге деген сүйіспеншілігін оятуға, табиғатты қорғауға, жолдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, өлең, есеп шешу, түсіндіру, ізденушілік, сөйлесу.
Сабақтың көрнекіліктері: Кітап, плакаттар, сағат, топтамалар, сандар, себеттегі жапырақтар, күннің шығуы, орамал, т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Түгендеу.
Психологиялық дайындау.
Күн жарығын алақанға саламын. Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді жүрегіме басып ұстай қаламын. Жып – жылы болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге нешінші есеп берілді?
- №6, 36 бет
Дәптерлерін тексеріп, қателерін өздеріне оқытып, түзету.
ІІІ. Өткенді қайталау. Жұмбақ жасыру.
Он екіге жетіп,
Жүргені кері кетіп (сағат)
Сағат бойынша жұмыс жасау. Сағаттың тілдерін анықтау. Уақытты үйрету. Топтамамен жұмыс жүргізу. Екі таңбаларды көрсету, ондықтарын, бірліктерін ажырату. 41, 65, 11, 12, 13, 24, 36, 49 Мысалы 41 санында 4 ондық, 1 бірлік бар т. с. с.
ІV. Мақсат қою.
V. Жаңа сабақ. Уақыт бірліктері. №1 плакатпен жұмыс жасау. Оқытқызу, түсіндіру. Сұрақтарға жауап беру. Өмірмен байланыстыру. 1апта – 7 күн, 1 жыл – 12ай, 1 мүшел – 12 жыл.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Жазу минутасы – саны - үлгіні көрсету.
№2 плакатпен жұмыс, суретті түсіндіру. Оқушыларға оқытқызу. Шартын жазу.
Ағасы - 48 жаста
Інісі -? 40 жас кіші.
Ш: 48 - 40=8 (жас)
Ж: Інісі – 8 жаста.
Күз мезгілі бейнеленген плакатты тақтаға ілемін.
- Балалар қазір қандай мезгіл?
- Күз
Күз белгілерін атау
- Ендеше жапырақ терейік.
«Жапырақ теру» ойыны. Сағатпен, минутпен өрнектеп жазу.
№3 Тақтамен жұмыс жапырақ теріп, себетке саламыз (жазбаша)
90 мин.= 1сағ. 30мин.
100 мин.=1сағ 40 мин
80 мин.=1 сағ. 20 мин
70 мин.= 1сағ. 10 мин
№4 «Орамал тастамақ» ойыны (ауызша).
1сағ. 20 мин.= 80 мин
1сағ. 30мин. = 90 мин.
1сағ 40 мин =100 мин.
1сағ. 10 мин.= 70 мин
№5 – қатар бойынша жарыстыру; ауызша қайталау; қателерін түзету.
Озып шыққан қатарды мадақтау.
1 сағ * 60мин 1 сағ 10мин * 65 мин
1 тәуілік * 24 сағ 1 сағ 90мин * 69 мин
1 сағ * 100жыл 1сағ 5 мин * 70 мин.
Сабақты қорыту.
- Балалар, бүгін сендермен не өттік?
- Уақыт бірліктерін.
Уақыт бірліктерін атау. (Сағат, апта, минут, секунд, тәулік, ай, жыл, мүшел, ғасыр).
Уақыт бірліктерін дұрыс орнатып, пирамида басына шығу.
Үйге. №2, 37 бет, түсіндіру. Бағалау
Кері қайту
Ілмек сөздер: сабақ жоспары
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×