Сайтқа кіру Тіркелу

Сыйымдылық. Литр

Сабақтың тақырыбы: Сыйымдылық. Литр.
Мақсаты:
Білімділік: Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі - сыйымдылық жайында түсінік беру және оның бірлігі литрмен таныстыру, бір амалмен шығарылатын есептер құрастыра алуға дағдыландыру;
Дамытушылық: Оқушыларға түрлі тапсырмаларды орындату арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
Тірбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ой қозғау
- Балалар, ыңғайланып отырып, ойша қиялдайық. Таза ауамен еркін тыныс алып, кең байтақ даламен көк шалғынды кешіп келеміз. Алдымыздан....(дауыстар естіледі)
- Үнсіз даланы түрлі дыбыспен көңілді еткен, сайын далаға жан бітіріп, толтыра көркем еткен бұл не байлық? (Төрт түлік)
- Иә, балалар, бұл бір қожалықтың
Келе - келе түйесі,
Үйір - үйір жылқысы,
Табын - табын сиыры,
Отар - отар қой, ешкісі екен.
- Шаруашылық қожасы өз малдарына ен салыпты, ендеше көзіміз жеткен нөмірлерін тауып байқалық.
- Ол үшін амалдарды ауызша орындап, тек жауабын ғана ретімен тізбектей жазамыз.
- Әр түлікті берілген әріптері бар қоршауға кіргізейік. Сол әріптерді қоссақ, қандай сөз шығар екен?
- Шама деген не екенін еске түсірейік.
- Өткен сабақта қандай шамамен таныстық?
- Массаның қандай бірлігін білеміз?
- Осы түліктерден шаруашылық қожасы массамен өлшенетін қандай заттарды алады?
(Ет, жүн, тері...)
- Ал сүтті неге масса бірлігімен өлшей алмаймыз? (Сұйық )
- Үстел үстінде екі ыдыс тұр. Олар туралы не айта аласыңдар?( 1 литрлік банка, 1 литрлік бөтелке )
- Қалай ойлайсыңдар?
Осы ыдыстардың біріндегі сұйық, екіншісіне толық сыя ма? Оны қалай анықтауға болады?
- Сұйықты қандай бірлікпен өлшейтінін кім біледі? Осы өлшем бірлікті біз қайда кездестіреміз?
ІІ. Мағынаны ашу
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашқызу
Оқулықпен жұмыс
№1.
- Шырынды ұнатасыңдар ма? Пайдасы қандай? (Дәруменге бай)
- Ал сүтті ше? Пайдасы? (Сүттің құрамында бастысы ағзаға ең керекті кальций бар. Кальций сүйекті нығайтады,...)
Ал, біздің қожалықта тағы қандай сүт түрлері өндіріледі?
(Емдік қасиетке ие қымыз, шұбат және ана сүтінің орнына жүретін - ешкі сүті)
Ыдыстардың сыйымдылықтары салыстырылады. Ыдысқа құйылған сұйықтықтың мөлшері анықталады. Оқушылар сыйымдылықтың өлшем бірлігі туралы қорытынды жасайды. Жаңа шаманы - сыйымдылықты салыстыру орындалады.
10л * 3л 1л * 3л 2л * 1л және т. с. с.
№2. Есептер шығару.
1) есептің қысқаша шарты
-
+ -
2) Есептерді салыстыру.
3) Бидонға литрлеп қосып және литрлерді шығарып алуға бола ма? Қорытынды жаса.
Сергіту сәті. Тұлпарым
Аулым қашық,
№3. Жұппен жұмыс
Біз алыс сапарға шығамыз. Өзімізбен бірге екі ыдыс аламыз. Осындай ыдыстарда қандай сұйық болатынын және оларға қанша сыятынын әр жұп анықтап, есеп құрастырып, шығару және ортаға салып, көрсетіп беру жұмыстары тапсырылады.
Тақтамен жұмыс.
№3. Есепті шығар, кері есеп құрастыр.
Өткенді қайталау және бекіту.
№5. А, Ә) Ұқсастығы мен айырмашылығы неде екенін түсіндіре отырып, жазбаша орындау.
№6. Өзіндік жұмыс. Тапсырманы орындау алдында қосу мен азайтудың компоненттерін және олардың амалдар нәтижелеріменбайланысын еске түсіру қажет.
Рефлексия.
Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Шешудің барлық мүмкін нұсқалары, соның ішінде
графиктік түрі де ұсынылады, топта талқылау ретінде ұйымдастырылады. Жұмысты ортаға салып, көрсетіп береді. Жұмысқа 4 - 5мин. бөлінеді.
Тапсырма қиын болды ма? Егер мүмкін болса, нені өзгертер едіңдер?
Сабақты қорытындылайық, өздеріңе белгілі шамалардың сұлбасын түзейік. Сұлбаны жеке парақ қағазға құру керек те, алда көрнекі құрал ретінде пайдалануға болады.
Біздің сұлбада басты тірек сөз қандай болу керек?
ШАМА
Ал, сендерге қандай шамалар белгілі? Олар қандай бірліктермен өлшенеді?
ШАМА
Ұзындық
См, дм, м. Масса
Кг Сыйымдылық (Көлем) л
Үй тапсырмасы. 56 - бет. №4
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұзындық. Өлшеу және салыстыру

Ұзындық. Өлшеу және салыстыру

Ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды және өлшейді. Ұзындық (см, дм),...
Тік төртбұрыштың қасиеті

Тік төртбұрыштың қасиеті

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: тік төртбұрыш жайында түсінік беру; тік төртбұрыштың қасиетін анықтау; есепті әр түрлі тәсілмен шығару; Дамытушылығы:...
Уақыт және оның өлшем бірліктері

Уақыт және оның өлшем бірліктері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Прназарова Альфия Асқарқызы...
Бөлшектерді қосу мен азайту

Бөлшектерді қосу мен азайту

Көкшетау қаласы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі Шамиганова Райхан Манапқызы...
Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.

Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.

«Сымбат»жеке мектебінің бастауыш мұғалімі Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы Тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×