Сайтқа кіру Тіркелу

Тоқсан жастағы тарлан

Әдебиеттік оқу пәні 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мырзатай Жолдасбеков. Тоқсан жастағы тарлан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кенен Әзірбаев және оның өнері туралы, ән құдіреті туралы әңгімені оқыта отырып, қазақ елінің тарихы, тұрмыс - салты туралы мағлұмат беру. Көркем сөздер, қара сөздер, нақыл сөздердің мағынасын аша отырып, дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Өнер адамдары туралы білімдерін кеңейту, әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Кенен ата әндерінің құдіретін сезінуге ықпал жасай отырып, өнер адамдарын құрметтеуге, қадірлеуге, адамгершілікке, туған елінің тарихын қастер тұтуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Кенен Әзірбаев туралы буклет, кітаптар, үнтаспа («Бозторғай» әні).
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Шеңбер аясында Ө. Ақыпбековтың «Өзіңді тану» өлеңін бірлесе қайталау.
Өзіңді тану
Жақсы болу - өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің - ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
«Өзіңді тану» пайдасы.
Үй жұмысын қорытындылау.
Өткен сабақтағы «Оқышы дана Абайды» өлеңін қайталап шығу.
«Оқимын мен де Абайды» тақырыбына құрастырған өлең шумақтарын оқыту.
І. Қызығушылықты ояту.
Сыныпты топтарға бөлу:
1 - топ. Домбыра.
2 - топ. Қобыз.
3 - топ. Жетіген.
(Топтардың аталуына тоқталып кету).
- Топтардың аталуы қандай тақырыпқа байланысты болып отыр?
Сабағымыз не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
- Қазақ халқының арасында өнер адамдары көп болған. Өнердің түрлері де сан алуын. Соның ішінде күй өнерін халыққа жеткізген атақты композиторларды халық қастерлеген, құрметтеген.
- Қандай композиторларды білесіңдер? (Музыка сабағына саяхат)
- Енді осы әнші композиторлардың бірінің әнін тыңдап көрелік.
«Бозторғай» әнін тыңдау.
- Әнді тыңдағаннан қандай әсер алдыңдар?
- Көз алдарыңа не елестеді?
- Неліктен деп ойлайсыңдар?
- Оқиға қай кезде болған? (Тарихқа шолу. Дүниетану сабағын еске түсіру)
- Бұл ән кімнің әні болуы мүмкін? Білетіндерің бар ма?
Кенен Әзірбаев туралы мәлімет беру. Ақынның қызы Төрткен әкесінің еңбектерін насихаттап, халыққа жеткізіп жүрген ұрпақтарының бірі екенін айту.
ІІ. Мағынаны тану.
Мәтінді түсініп оқу. («Түртіп алу» стратегиясы бойынша)
Сөздерге түсінік беру.
Сіңірі шыққан кедей – өте кедей.
Бұғанасы қатпай жатып – кәмелет жасқа жетпей.
Үзеңгілес серігі – бірге жүрген жолдасы.
- Кенен ақынға сипаттама беру. Ақынның бойында қандай қасиеттер болған екен?
- «Ел басына қайғы түскен қараңғы түнек» дегенді қалай түсінесің?
- Ақын нені армандапты? Сол арманына жетті ме екен?
Сергіту сәті.
Мынау менің – жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің – оң қолым,
Мынау менің – сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Дәптермен жұмыс.
- Мәтіннен ақынның балаларға берген батасын тауып, мәнерлеп оқып, өзіңе айтқандай қабылдап, дәптеріңе жазып ал.
ІІІ. Ойтолғау.
1 - топ. Кенен Әзірбаев – топтастыру жасау.
2 - топ. «Ән құдіреті» эссе жазу.
3 - топ. «Кенен ата» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
Топтарда жұмыс.
Топтардың жұмысын талқылау, талдау, ортаға салу.
Сабақты қорытындылау ретінде сұрақтарға жауап беру.
- Білім таппай, білгіш болма,
Көрінгенге күлгіш болма,
Қорқақтаған қоян болма,
Қуыс кеуде ноян болма... – ден Кенен атамыздың бата сөздерімен сабағымыз аяқталады.
Кенен ата әндерін жүрекпен ұғып, жүрекпен айта білейік.
Үйге тапсырма.
Кенен ата туралы қосымша мәліметтер жинастыру
Бағалау
Сабақта белсенділік танытқан, топпен жұмысты дұрыс орындаған оқушылар бағаланады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×