Сайтқа кіру Тіркелу

Сан есім

Сыныбы: 2
Тақырыбы: Сан есім
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сан есім туралы мәлімет беру. Сөйлем ішінде сан есімді ажырата білуге және сөйлемде дұрыс қолдана білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, қайырымдылыққа, сауаттылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік әдіс, эвристикалық әдіс, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: аңдардың суреттері, үйі. Бағалау фишкалары
Сабақтың технологиясы: ДОТ элементтері
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ тілі 2 - сынып
Әдістемелік құрал
Бастауыш мектеп журналдары
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Арайлап таң атты,
Күн нұрын таратты.
Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Сәлеметсіз бе, мұғалім?!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Қане, кім айтады?
(Үй тапсырмасын 4 - 5оқушыдан тексеріп, қосымша сұрақ қоямын)
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: Сан есім
- Балалар, Асқар есімді бір кішкентай бала орманда ойнап жүріп адасып, үйін таба алмай қалады. Біз Асқардың үйін табуға көмектесеміз бе?
- Иә, көмектесеміз.
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Сан есім» деп аталады. Бүгінгі күннің ретін дәптерімізге жазамыз.
- Балалар, біз Асқарды өз үйіне апаруымыз үшін ең алдымен біз оның қай елде, қай үйде тұратынын анықтап алуымыз керек. Ол үшін мынадай тапсырманы орындауымыз керек.
1) Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу
Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Осы сөздер нені білдіріп тұр?
Байқоңыр – қазақ даласындағы халықаралық ғарышжай. Байқоңырдан бірінші рет ғарышқа Юрий Гагарин ұшты. Содан бері әр елден екі жүздей ғарышкер аспан әлеміне самғады. Тоқтар Әубәкіров - қазақстандық ғарышкер. Екінші қазақстандық ғарышкер – Талғат Мұсабаев. Т. Мұсабаев ғарышта үш рет қайтты.
2) Ережемен таныстыру.
Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? Неше? Нешінші? Деген сұрақтар қойылады: жеті, жетінші, елу, он тоғызыншы
- Балалар, енді Асқардың мекен - жайын анықтап алдық, яғни Асқар «Сан есім» деген атайдың үйінде тұрады екен. Енді Асқарды сол үйіне апаруымыз керек.
- Асқар келе жатқанда, алдынан қоян шығады. Қоян Асқарды баласынып, қорқытып, жібермей тұр. Енді біз Асқарды құтқарып алуымыз керек. Ол үшін қоян бізге мынадай тапсырма беріп отыр.
Қоянның тапсырмасы
2 - жаттығу
Жаңылтпашты жатқа оқы, жаз. Заттың санын білдіретін сөздерді тап, оларға сұрақ қой.
- Үш қап жаңғақ көп пе?
Бес қап жаңғақ көп пе?
- Үш қап жаңғақ көп емес,
Бес қап жаңғақ көп
- Балалар, Асқарды қояннан құтқарып алдық. Асқар тағы да алға жылжыды. Бірақ алдынан қасқыр шықты. Қасқырдың да тапсырмасы бар екен. Оны орындамасақ, Асқарды жеп қоятындығын айтты. Енді, балалар, Асқарға көмектесеміз бе?
3) Дәптермен жұмыс
Қасқырдың тапсырмасы
3 - жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.
Алматы қаласындағы республикалық мұражай төрт залдан тұрады. Жексенбі – аптаның жетінші күні. Қоқиқаздың балапаны жұмыртқадан жиырма сегіз күннен кейін шығады. Асқардың сәйгүлігі мәреге бірінші болып жетті. Құнан деп үш жастағы жылқыны айтады.

Сергіту сәті
Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Үстін - үстін бүлдірдің,
Тарелкені сындырдың.
- Балалар, Асқарды қасқырдан да құтқарып алдық. Енді мына жақта арыстан мынадай тапсырма беріп отыр.
- Балалар, енді арыстанның тапсырмасын орындап жіберейік. Сол кезде Асқарды құтқара аламыз.
Арыстанның тапсырмасы
4 - жаттығу
Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі цифрдың тиістісін сөзбен жаз.
Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
- Балалар, Асқарды арыстаннан құтқарып алдық. Енді ол әрі қарай жылжыды. Алдынан піл шықты. Ол да өз тапсырмасын орындасақ қана бауырсақты жіберетіндерін айтты.
Пілдің тапсырмасы
Шығармашылық тапсырма
Суретке қарап, сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау.
- Балалар, пілдің де тапсырмасын орындадық. Асқарды атасының үйіне аман - есен жеткіздік. Сендерге көп рахмет айтады.
ІV. Сабақты қорытындылау
- Балалар, сонымен біз Асқарды барлық кедергілерден өткіздік, яғни құтқарып алдық. Асқар үйіне келді. «Сан есім» деп аталатын атасына әкелдік. Сол арқылы біз «Сан есім» тақырыбын меңгердік. Бізге «Сан есім» атамыз риза болып, рахметін айтты.
V. Бағалау.
Сабақта белсенділік танытқан, тиянақты қатысқан барлық оқушыларды бағаладым.
VI. Үйге тапсырма.
Ережелерді жаттау
5 – жаттығу
Сан есімді қатыстырып, «Менің отбасым» тақырыбында мәтін құрау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×