Сайтқа кіру Тіркелу

Халықтың әдет-ғұрыптары

Сабақтың тақырыбы: Халықтың әдет - ғұрыптары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, ауылдық және қала халқының тіршілігі жайлы мәлімет беру және қазақ халқының әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың топ алдында емін еркін сөйлеуіне өз ойларын қорытындылап, жүйелі жеткізе білуге қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Ұлттық салт - дәстүрімізді құрметтеуге және сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, суреттер, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Теңге алу» ойыны
«Теңге алу» ойынын түсіндіре отырып, балалар сұрақтарға жауап береді.
1. Фермер қожалығы деген не?
2. Фермер қожалығында не бар?
3. Фермер қожалығының қадай түрлері бар?
4. Шағын кәсіп орындар қандай өнім шығарады?
5. Сен тұратын жерде қандай фермер қожалықтары бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сұрақ - жауап
1. Ауылдық жердің тұрмыс - тіршілігі жайлы не білесің?
2. Қала адамдарының тұрмыс - тіршілігі қандай?
IV. Инсерт әдісі бойынша топпен жұмыс
Мәтінді тізбектей оқу.
1. І топ - 1 - ші абзац
2. ІІ - топ. 2 абзац
3. ІІІ - топ. 3 - абзац

Білемін
Білдім Білгім келеді
Құда түсу
Келін түсіру
Беташар т, б

V. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрлері туралы слайдтар көрсету арқылы түсіндіру. Салт - дәстүрлердің әр қайсысына түсініктеме беру.
1 - слайд. «Қыз елдің көркі»

2 - слайд. « Қыз ұзату»
Үлкен той - думан әрі қызық бұл күні ата - ана қуанады әрі жылайды. Қуанатыны: қыз құтты орнына қонады. Жылайтыны: қимастық сезім.

3 - слайд Беташар
Беташар дәстүрі жасалмай жаңа түскен келінді ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі беташар жасалады. Тойға жиналған туыстар тегіс қатысады. Жас келіннің екі жағында екі көргенді келін тұрады. Беташар жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі басқа да туыстар таныстырылып, келін оларға сәлем салады.

4 - слайд. Бесікке салу.

Бала дүниеге келгеннен кейін шілдехана жасалады. Шілдеханада әке - шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп сыйға береді. Бесіктің қол бау, белбеу және аяқ баумен тартып байлап қояды. Көз тимесін деп тұмар тағады. Қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.

5 - слайд. Тұсау кесер
Бала қаз тұрғаннан кейін тез жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен балаың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі ісі алға басып тұрған әрі жылдам сүрінбей жүретін адам кеседі.

6 - слайд.
Атқа мінгізу
3 - 4 жасқа келген ұл баланы алдымен ағаштан ашамай «ер» жасап, жуас қынанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Бала атқа мінуді осылай үйренген.

7 - слайд.. Ұлттық ойын «Көкпар» ойынын ойнату
Көкпар ойынының ойналу тарихын түсіндіру. Бұл ұлттық ойынды ойнату арқылы сұрақтарға жауап беру.
1. Жеті атаңды білесің бе?
2. Қандай тыйым сөздерді білесің?
3. Сүйінші деген не?
4. Ерлік деген не?

V. Сабақты қорытындылау
Сабақтың басында берілген кестені балалар толық толтырады.

Білемін Білдім Білгім еледі
Құда түсу
Елін түсіру
Беташар т, б Тұсау кесер, Шілдехана, Бесік той, Атқа мінгізу, Шапан жабу, жеті ата Ерулік
Шашу
Көрімдік т,. б

VІ. Бағалау, марапаттау. Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

VІІ. Үйге тапсырма:
Ерулік, Шашу, Көрімдік деген не? Зерттеп келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×