Сайтқа кіру Тіркелу

Бүгін бізде мереке (Туған күнді атап өту)

Тақырыбы: Бүгін бізде мереке. (Туған күнді атап өту)

Мақсаты: а) Күзгі демалыста балалардың көңіл - күйін көтеріп сыныптастарының туған
күндерін атап өту.
ә) Шығармашылық қабілеттерін және жолдастық қарама - қатынастарын
арттыру.
б) Ұйымшылдыққа, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу

1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде мереке, себебі өз сыныбымыздағы
сыныптастарымыздың туған күндерін мерекелемекшіміз.

2 - жүргізуші: Еркін күліп ойнаймыз,
Ертеңді де ойлаймыз.
Жолдастықты қадірлеп,
Туған күнді тойлаймыз.

1 - жүргізуші: Құттықтау мен сыйдың,
Иесі мынау гүлдін.
Айтыңдаршы, балалар,
Туған күні кімдердің?

Оқушылар Айя, Меруерт, Мөлдір, Жалғас, Елнар, Лаура, Нұрдаулет, Ақтолқын деп хормен айтады. Аты аталған оқушылар орындарынан тұрып сыйлаған гүлді алып өздеріне жеке жасап қойған орынға келіп отырады.
2 - жүргізуші:
Еркін күліп ойнаймыз,
Ертеңді де ойлаймыз.
Жолдастықты қадірлеп,
Туған күнді тойлаймыз.

1 - оқушы: Ай секілді өзі де,
Сыңғыр - сыңғыр сөзі де.
Айтарымыз Айя қыз,
Ересі ғой үйінің.

2 - оқушы: Билейді кейде айнала,
Көркіне ақылы сай ғана.
Мөлдір біздің әдемі,
Сөйлейді өзі жай ғана.

3 - оқушы: Өзі сондай сүйкімді,
Бары жоғы байқалмас.
Арамызда Меруерт,
Өзі баяу қыз тіпті.

4 - оқушы: Үндемей жүріп үлгеріп,
Бәрімізге жағатын.
Лаура сондай ақылды,
Айтқызбай бәрін істейді.

5 - оқушы: Сабағын баяу оқиды,
Көңілге бәрін тоқиды.
Үндемей жүрген Ақтолқын,
Нені ойлап толқиды.

6 - оқушы: Жалғас сондай ақылды,
Сабаққа да әр кезде.
Салмақтылық танытып,
Өте жақсы қарайды.

7 - оқушы: Көп ұлдардың ішінде,
Ширақ әрі шапшаңы,
Әйтеуір Жалғас жүреді,
Бәрінеде үлгеріп.
8 - оқушы: Енді біздің Елнардың,
Басына келер бақ не бір.
Аузын ашса көмейі,
Көрініп тұрған ақкөңіл.
1 - жүргізуші: Жайнасын өмірлерің әр күн сайын
Аспанда тұрсын мәңгі күн мен айың,
Келешек өміріңе бақыт тілеп
Туған күн мерекелеріңмен құттықтаймыз.
2 - жүргізуші: Қамзол киім, қынай бел
Толған ою - өрнекке
Билесін деп сұрайды ел
Өнеріңді көрмекке
Қыздардың орындауындағы би
1 - жүргізуші: Бата мен тілек - егіз қозыдай ұғым. Тілек дегеніміз - бата, бата дегеніміз - тілек.
«Сапарың оң болсын»,«Жақсы жатып, жайлы тұрыңыз» деген тіркестерде бата да, тілек те бар, бата мен тілек - адам баласына жақсылық ойлау. Ендеше дастархан басында өз сыныптастарымызға туған күн мерекелеріне арнап тілек айтайық.(Әр оқушының тілегін тыңдау)
2 - жүргізуші: Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып ән шырқаймын
Биде билеп береміз
Сынып болып «Жорға» биін билеу.
2 - оқушы. Ал енді балалар ойын ойнап көңілімізді бір сергітейік.«Алма», «Өз орныңды тап» ойындары ойнау.
1 - жүргізуші: Бүгін бізде мереке
Мереке жақсы емес пе?
Данияр да келіпті
Өнеріңді көрсет ендеше.
Ән «Туған күн».
2 - жүргізуші: Туған күн мерекесінде кім болса да сыйлық алғанды ұнатады. Ендеше біздің достарымыз да сыйлық күтіп отырған шығар. Олай болса достарымызға дайындаған сыйлығымызды тапсырайық
Туған күн иелері хормен: Жасымызға жас қостық
Жақсы күнде бас қостық
Арманы бір құрдастар
Құрметтеріне мың алғыс.
1 - жүргізуші: Сен туған күн, мен туған күн,
Бізде бүгін көп мереке.
Асыр салып кел билейік
Құтты болсын бұл мереке
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×