Сайтқа кіру Тіркелу

Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз

Тақырыбы: Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз.
Мақсаты: а) 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету.
ә) Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу.
б) Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Құттықтау плакат, гүлдер, шарлар.
ТСО: Магнитофон, үнтаспа
Барысы:
1 - жүргізуші: 2 - жүргізуші:
Жер бусанып, көк шығып, Сегізінші наурыз
Арықтардан су ақты. Келген кезі көктемнің
Бүрлеп өсіп көк шыбық Елге ұсынып сары уыз
Жұтып жатыр шуақты. Елжіреп нұр төккен күн
Аналардың мерекесі, бәрімізді қуантты.
Мұғалім: Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар мерекелеріңізбен құттықтаймын. 8 - наурыз - тамаша мереке, көктем - мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі. Бұл күні ең жылы сезімдер – қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді. Осы тамаша күнге орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады:
1. «Ана - өмір шуағы»
2. «Наурыз аруы»
І бөлім «Ана - өмір шуағы»
1 - жүргізуші: Дүниеде анасыз адам болмайды. Мына отырған сендер де, мен де, осы біз бәріміз анадан туып, ананың көкірегінен нәр алған жандармыз. Олай болса ардақты аналарға, салмақты әжелерге арналған « Ана - өмір шуағы» атты бөлімді бастайық.
2 - жүргізуші:
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен.
1 - жүргізуші:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
1 - оқушы: Ана - біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы - Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
2 - оқушы: Ана деген - асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан.

3 - оқушы: Ана деген - ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!
4 - оқушы: Ақыл құйған санама
Алғыс айтам анама
Күн алыста, ал анам
Үнемі менің жанымда
5 - оқушы: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
6 - оқушы: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың,
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы анашым!
Хормен:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек - ау...
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек - ау!
Ән «Ақ мамам»
2 - жүргізуші: Бізге жарық өмір сыйлаған, бізді дүниеге әкелген анамыз бен әкеміз болса, сол ананың анасы, әкенің анасы бізге әже болады.
1 - жүргізуші: Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, өлең жырларымызды қабыл алыңыздар.
7 - оқушы: Аналарды сүйеміз
8 - оқушы: Әже деген - берекесі әр үйдің
Ақылын ойға түйеміз Әже деген – қамқоршысы сәбидің
Әжені де ардақтап Әже деген - алыптардың анасы
Әдеппен бас иеміз Әже деген - қонағы ғой пәнидің
9 - оқушы: Құртын, майын сақтаған
10 - оқушы: Тентек болсам, ашынып,
Жұртқа мені мақтаған Жақсы іс қылсам, асырып,
Әжетайым ол менің Маған сақтап жүреді
Қылығымды жақтаған Тәттіні де жасырып.
11 - оқушы
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай
Әжетайым бар менің.
Бәрі: Құттықтаймыз сіздерді
Әжемізге мың алғыс
Көрініс: «Жай ғана әжей»
Хор: «Құттықтаймын ана, мерекеңізбен!»
Аналар мен әжелерге дайындаған сыйлықтарын таратып беру.
ІІ Наурыз аруы
1 - жүргізуші: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз - дей келе қыздарымызға арналған сайысымызды бастаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
2 - жүргізуші: Біздің қыздар білімді,
Меңгерген ілімді.
Біздің қыздар елгезек,
Алады тез тіліңді.
Сыныбымыздағы ақылды, білімді, елгезек қыздарымыз алдарыңызда өнерлерін ортаға салмақшы. Қарсы алыңыздар.
1. Рымбекова Жанерке
2. Елеукенова Аида
3. Нұриден Аружан
4. Букешова Айдана
5. Асхат Айжан
6. Өтепберген Аружан
Шыққан қыздарды бір - бір ұлдар алып шығып таныстырады.
1. Рымбекова Жанерке Талғатқызы. Дос пейілді, басқаларға жаны ашығыш, мейірімді, жауапкершілігі жоғары бала. Жанерке билегенді ұнатады, өнер мектебіндегі би үйірмесіне қатысады.
2. Елеукенова Аида Амангелдіқызы. Сабақты жақсы оқиды. Ол тапсырылған істі баяу, бірақ тиянақты орындайтын көп сөйлемейтін, салмақты, ұяң мінезді, мейірімді оқушы.
3. Нұриден Аружан Медетқызы. Іске ширақ, жүрегі жылылыққа толы, мейірімді, қылықты қыз. Аружанның жан - жағындағыларды өз ісімен, қылығымен баурап алатын сиқырлы мінезі бар. Аружан әжесінің қолқанаты.
4. Букешова Айдана Маратқызы. Өзгелерден ерекше бірбеткей мінезі бар. Жанындағы достарының қуанышына қуана білетін, әдемі киінгенді, сұлулықты сүйетін кербез, ерке қыз. Айдана мақтағанды ұнатады, көңілденсе әндетіп жібереді.
5. Асхат Айжан Асхатқызы. Жауапкершілігі жоғары, белсенді, білімді оқушы. Айжан айналасындағы құбылысты, өзгешелікті тез байқағыш, ширақ ойлы, басқаларға жаны ашығыш мейірімді, анасына қолқанат, бауырларына қамқор апай.
6. Өтепберген Аружан Қонысбайқызы. Өз ойын еркін жеткізе білетін, жан - жақты білімді бала. Есте сақтау қабілеті және қиялы өте жоғары дамыған. Ол бақылағанды, зерттегенді одан қорытынды шығарғанды жақсы көреді.

1 - жүргізуші: Кішкентай арулар келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды танытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға.
2 - жүргізуші: Таныстырсын өздерін,
Тамылжытып сөздерін!
І. Таныстыру (Әр сайыскер өзін таныстырады)
1 - жүргізуші: Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Қыздар шығып ортаға
Би де билеп, ән де салып береді.
ІІ. Өз өнері
2 - жүргізуші: Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз - дей келе келесі сайысымыз – қол өнері (ою қию)
ІІІ. Ою қию
Ән «Алтын ана»
ІV. Ширату сұрақтары
1 - жүргізуші: «Ширату сұрақтары»сайысында әр сайыскер қыздарымыз ортаға шығып, бір әріпті таңдайды. Берілген сұраққа сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
1. Атың кім?(С)- Самал
2. Құрбыңның аты кім?- Саяжан
3. Қайдан келдің?(қала, ауыл аты)- Сараннан
4. Нені жақсы көресің?- Самсаны
5. Фамилияңды(тегіңді) айт.- Смағұлова
6. Жануардың атын айт.- Сілеусін
7. Қандай өсімдікті білесің?- Сәбіз
8. Ер баланың атын айт.- Саят
9. Қандай көлікке міндің?- Самолетке
10. Нешеге дейін санай аласың?- Сегізге дейін.
Ойын
1. Аналармен « Әндер сақинасы» (бір ана ән бастайды келесі ана жалғастырады)
2. Ер балалармен «Жүрекке жылы сөздер» (ұлдар анам қандай? деген сұраққа жауап болатын сөздер тізбегін айтады) мейірімді, ақылды, әдемі,
сабырлы, әйбат, т. б
1 - жүргізуші: Сыры мен қарап барлық сымбатына
Қызды жұрт қылығымен әсем деген
Бүгінгі мерекеде біздің қыздар
Ерекше киім үлгісін жасап көрсетеді
V. Ерекше киім үлгісі
Ән «Ертегілер»

1 - жүргізуші:
- Көңілді көтердік біз мерекеде,
Әжелер, аналар мен қыздар үшін.
Қаттырақ соғайықшы алақанды,
Келгенде алдымызға қыздар біздің!
2 - жүргізуші: Ару - қыздарымызды марапаттау сәті туды.
- Келесі кезек - әділ қазылар алқасы, сіздерде! (Әр қызға мадақтау қағаздары тапсырылады, сыйлықтар беріледі.)
2 - жүргізуші: Ең жақсы сөз ана
Өсіп жатса бала
Ана оған пана
Аман болсын ана
1 - жүргізуші: Ата - аналық үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың соңынан
Жарқын қыз бен ұл өсер
Мұғалім: Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүл - аналар,
Ана деп бас иеді бүкіл күллі халық!
Құрметті аналар, мерекелеріңіз мерекеге ұлассын! Білімді де сүйкімді, өнерлі де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай, ұзақ өмір сүріңіздер!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×