Сайтқа кіру Тіркелу

Күз

Тақырыбы: Күз.
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту "Күз" өлеңін оқып беру, түсіндіру, жаттау.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрсету, жаттау.
Көрнекіліктер: суреттер, плакаттар.
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Жүзік сияқты әдемі бол!
Сұрақ жауап.
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Күз.
- Күз мезгілінің қай айы?
- бірінші.
- Жалпы күз мезгілінде неше ай болады?
- Үш.
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Жапырақ сарғаяды, күн суытады, жаңбыр жауып, адамдар қыс мезгіліне дайындық жасайды.
- Құстар не істейді?
- Жылы жаққа ұшып кетеді. Ондай құстарды «Жыл құсы дейміз». Олар өз еліне көктем мезгілінде келеді. Өйткені суық күндерде оларға тамақ тауып жеу қиынға соғады.
- Адамдар қысқа қалай дайындалады?
- Егіндерін жинап, қыс мезгіліне дайындық жасайды. Отын, көмір түсіріп алады.
- Жан – жануарлар күзде не істейді?
- Олар да қысқы азығын өздерінің іні мен апанына жинап ап, ұзақ ұйқыға кетеді екен. Мысалы аю – бал, жапырақ жинап алса, тиін – жаңғақ, саңырауқұлақ, жапырақ жинап алады екен. Ал қоян өзінің түсін екі рет ауыстырады. Ол күзде, көктемде, жазда - қоңыр, ал қыста - ақ болып өзгереді. Себебі ол өте қорқақ жануар. Сондықтан ол жылы кездерде ағаш бұтағы сияқты, суықта қар сияқты бұғып жата қалады екен.
Әңгіме
Жеміс.
Ернұр әкесімен ауыл маңындағы алма бағын аралады. Біреулер піскен жемісті жинап жатыр екен.
Ернұр әкесіне:
- Әке, ағаштар адамға тегін жеміс береді ғой. Ал адамдар неге оны ақшаға сатады? – деді.
Тосын сұраққа әкесі үндемей қалады.
Сұрақ – жауап
- Әңгіме не туралы айтылған?
- Сен алманы не істер едің?
- Неге алманы тегін бере салмаймыз?
- Өте жақсы, алманы өсіру үшін де адам еңбектенеді емес пе? Сондықтан маңдай теріңмен тапқан ақшаның еш ұяты жоқ.
Күз. Абай Құнанбаев.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

- Бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
- Күз.
- Абай Құнанбаев кім?
- Ақын, жазушы, драматург.
- Абай атамыздың басқа қыс, жаз, көктем мезгілдеріне арналған өлеңдерін білеміз бе?
Күз мезгіліне байланысты өлеңдер оқу.
Күз I. Жансүгіров
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойналық та, күлелік,
Енді оқуға кірелік.
Күзгі жапырақтар Қ. Жұмағалиев
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дария дай шалқып жүр.
Мейірлі күз, мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда,
Шомыламыз нұрға біз.
Күнді көрсе толғанар,
Бұлтты көрсе шамдалар,
Қысты қазір жолатпа,
Тола түссін қамбалар.
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
Күзгі жапырақтар Қ Шаңғытбаев.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалбырап.
Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап,
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
Сергіту минуты.
Кел, балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Дидактикалық ойын.
"Қай мезгіл?"
- Балалар мен қазір сұрақ қоямын, сендер қай мезгіл екенін қол көтеру арқылы айтып бересіңдер.
- Дүниенің бәрі сап – сары түске айналады. Ол қай мезгіл.
- Күз
- Күн суытып, жер, үйлер ақ көрпе жамылады. Ол қай мезгіл?
- Қыс
- Жан – жануарлар ұйқысынан оянып, жерге көк шығып, төрт түлік төлдеп, жылы жақтан құстар ұшып келеді. Бұл қай мезгіл?
- Көктем
- Ең жақсы уақыт, балалар ұзақ уақытқа демалысқа шығады, суға шомылып, саяхатқа шығамыз. Ол қай мезгіл?
-
Қорытындылау.
- Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік, не туралы айттық?
- Күз мезгілі ұнай ма?
- Күзде қандай өзгерістер болады?
- Күз мезгіліне арнап өз ойыңнан өлең шығар.
Жұмбақ:
Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Күз)
Кері қайту
Ілмек сөздер: Күз, мектепалды даярлық
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×