Сайтқа кіру Тіркелу

Абай «Жазғытұры» І. Жансүгіров «Жазғытұрым»

Сынып: 4
Тақырыбы: Абай «Жазғытұры» І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: өлеңдерді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету.
2. Дамытушылық: көктемдегі еңбек түрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: еңбекке баулу.
Tүpi: жаңа сабақ.
Көрнекілік, ОТҚ: портреттер, суреттер, интерактивті тақта.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері: Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз - талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
II Біздің өткен тарауымыз «Табиғат - менің өз үйім» деп аталған. Неге олай аталады? Дәлелдеңдер.
Ендеше, табиғаттың төрт мезгілін сөзбен айтып шығайық: көктем, жаз, күз, қыс. Ал қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Бүгінгі тақырьп, мақсат хабарланады:
Жаңа тарау: Масатыдай құлпырар жердің жүзі...
Бұл тарауда көктемгі тіршілік туралы әңгіме болады.
Осы тараудың атын қалай түсінесіңдер?
Масаты - түкті мата.
Жердің бетіне шыққан шөпті соған теңеп тұр, - дай, - дей жұрнақтары теңеу мағынасын береді
(2 - 3 матаның кесіндісін көрсету.)
Абайдың заманында «көктем» cөзi болмаған. Сондықтан «жазғытұры» деген сөзді пайдаланған.
Ал «көктем» деген сөз жыл мезгілі ретінде XX ғасырдың. 40 - 50 жылдарында пайда болған.
«Көктем» — «көктеу», «көктеме» деген сөзден шыққан. яғни «көгеру», «өсіп шығу» дегенді білдіреді. Бұған дәлел: XX ғасыр басындағы ақындардьң осы жыл мезгіліне арналған өлеңдері «жазғытұрым» деп атаған.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Абай Құнанбаев (1845 - 1904). Семей жерінде, Шыңғыстау маңында туған. «Ескендір», «Масғұт» деген поэмалар жазған.
Ілияс Жансүгіров (1894 - 1938). Қазіргі Алматы облысында туған. «Құлагер», «Дала», «Күй», «Күйші» поэмалары бар.
Ш Өлеңдерді мәнерлеп оқу (мұғалім). (Бұл кезде интерактивті тақтадан көктем көріністері көрсетіліп тұрады, слайд - шоу).
IV Оқушылардың оқуы:
1) Іштей.
2) Шумақтап, дауыстап.
V 1) Негізгі идеясы -?
2) Сөздік жұмысы.
VI Топтарға тапсырма:
1 - топқа тапсырма: Мәтіндерге сүйене отырып, жазғытұры ауа райы қандай болатынын анықтаңдар.
2 - топқа тапсырма: Жазғытұры мезгілінде жан - жануарлардың қандай күйге түсетінін анықтаңдар.
3 - топқа тапсырма: Ауыл адамдарының көктемгi еңбегі туралы әңгімелеңдер.
4 - топқа тапсырма: Қала адамдарының көктемгi еңбегін әңгімелеңдер.
VII Ой - пікір тыңдау.
VIII Тапсырма: екі өлеңді салыстыр.
IX 1) Пікіp алмасу.
2) Мұғалімнің қорытындысы.
Екі өлеңді салыстыру түрінде:
Айырмасы
1) Өлең құрылысы.
2) Абай суреттеу түрінде жазған.
Ілияста көңіл - күйдің кұбылысы басым.
3) Абай - табиғат көрінісін өз жасының мөлшерімен қарап шығарған.
Ілияс - балалардың көзімен қабылдап, табиғатты балаларша суреттеген.
Ұқсастығы:
1 Eкeyi де қазақ ауылының тіршілігін суреттеген: қазақ даласы, мал баққан елдің тұрмысы; қазақ дүниетанымының ұғымы бейнеленген.
X Ой тастау: заттарың жоғалып, араласып кетпеyi үшін қандай әрекет жасайсыңдар? (Белгі салу.)
Иә, бұл - қазақ халқының малға байланысты дәстүрі. Малға ен салудың мақсаты - меншіктеудің түpi.
Интерактивті тақтамен жұмыс

тілік жүрекше қиық ойық сырға

Қазақтың ен - таңбалары.
Көктемгі пейзаж көріністерін жинақтап, дыбыстату.
Көгал, гүлдер, көбелек, ашық аспан, қой, ешкі төлдерімен бірге, өзен.
XI Үйге тапсырма:
1) Таңдау еркімен Абайдың немесе Ілиястың көктем тақырыбындағы өлеңін жаттау.
2) Қозы, лақ, бұзау, құлын... әрі қарай өсyiне байланысты аттарын жазып келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×