Сайтқа кіру Тіркелу

Болашаққа денсаулықпен бірге барайық!

Болашаққа денсаулықпен бірге барайық. (тәрбие сағаты)

С. мақсаты: 1. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оқушыларды
болашақтың тірегі болатынын дені сау, жан - жақты азамат етіп тәрбиелеу.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, психологиялық іс -
әрекет арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: түрлі - түсті қағаз, «Аспан әлемі», ракета, суреттер.

Сабақ барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Балаларға түсті қағаздарды таңдату, өз есімдерін жаздыру.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Балалар, бәріміз де түрлі - түсті қағаз алған екенбіз, яғни бейбітшілікті, ашық аспанды қалайды екенбіз. Олай болса, бүгінгі сабағымызда бәріміз «Аспан әлеміне» саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін біздер ракета құрастырып алуымыз керек.

Таңертең ұйқыдан тұрған соң не істеу керек?

Тазалық, денсаулық туралы не айта аласыңдар?
Қар кешіп, салқын суға шомылатын адамдарды кімдер дейді?
- Енді саяхатқа ұшар алдында бізге әдемі тақпақ оқып бере қойсын.
Әрқашан ерлікке құштармыз.
Қажымас дарынды жастармыз.
Жол салды ақ маңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз.
Ұшармыз жұлдызға бір жерден
Сырласып болашақ күндермен
Ертең - ақ Марсқа барамыз
Балалар қырқадан гүл терген.

1.«Жұмбақтар» планетасы.
- Ха - ха - ха... Мынау келген кімдер? Неге сен тап - таза болып отырсың? Мен сендерді өзімнің еліме алып қалып, партаға сызуға, суға түспей кір болып жүруге, құстарды атуға үйретемін. Ха - ха - ха
- Жарайды, менің сендерге сұрағым бар.
Тырнақ өскен, шашы көптен алынбапты - ау, рахат - ай!
Кім туралы айтылған?
- Қане, олай болса күштеріңді сынайын, кім менімен күш сынасып көреді?
- Тез кетіңдер, менің елімнен, мен сендермен дос болмаймын.

2.«Аппақ балалар» планетасы.
Бейнетаспамен жұмыс.
- Қане, балалар, біз қай планетаға келдік екен, экранға қарайықшы.
(Экранда темекі)
- балалар мені танисыңдар ма? Менің пайдам өте көп. Мені тек қана «крутой» балалар ұстайды. Мен тек қана тәртіпсіз, тентек балалармен дос боламын. Ал менімен кім дос болғысы келеді?
Мұғалім: Балалар, қазір мына тәжірибе арқылы ойланып көріңдерші, темекі пайдалы ма, әлде зиянды ма?
Тәжірибе: Ыдысқа таза мақта салып, қақпағын кесіп, темекіні тұтатып қыстырамын. Сосын ыдыстың ішіне темекі түтінін жинаймыз. Сол кезде мақта түсі өзгереді.
(Тәжірибе жасау)
- Темекі тартқан адамның өкпесі мына мақтадай болады екен.
Олай болса, темекіні тартуға бола ма, жоқ па?
Сіздер қалай ойлайсыздар?
Маған сурет салу арқылы көрсетіңіздер.
(Оқушылар сурет салады)
- Өте жақсы, темекінің зиянды екенін жақсы біледі екенсіңдер. Осыдан қандай қорытындыға келуге болады?
3.«Спортландия» планетасы.
Спортландия ханшасы қарсы алады.
- Хош келдіңіздер балалар! Мен Спортландия елінің ханшасымын. Біздің елдің адамдары спортпен айналысқандықтан ұзақ өмір сүреді және денсаулықтары жақсы.
- Ал сіздер спортты жақсы көресіздер ме?
- Спорттың қандай түрлерін білесіздер?
- Қандай спорттық үйірмелерге қатысасыздар?
- Өте жақсы, балалар! Спорт туралы көп біледі екенсіздер.
- Балалар, менімен кездескілерің келе ме?
- Олай болса, күнде ертеңгілік жаттығу жасасаңдар, денелеріңді таза ұстап, спортпен айналыссаңдар мен әркез сіздердің қастарыңда боламын.
Көріскенше қош - сау болыңдар!
Мұғалім:
Балалар, міне, өз сыныбымызға да қайтып келдік. Саяхат ұнады ма?
Қай планетаға барған ұнады.?
Несімен ұнады?
Осы «Аспан әлеміне» саяхат жасай отырып ойымызға не түйдік?
- Болашаққа денсаулықпен бірге барайық!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі

Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі

Мақсаты: 1. Ойын арқылы балалардың қарапайым математикалық ұғымын қалыптастыру. 2. М. Монтессори әдісі бойынша қол, саусақ моторикасын дамыту....
Ғарыш әлеміне саяхат

Ғарыш әлеміне саяхат

Кулагино орта мектебінің мектепке дейінгі шағын топ тәрбиешісі Қадырқұлова Лаура Өмірзаққызы...
Жаны саудың – тәні сау

Жаны саудың – тәні сау

Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Шарбану...
Бұлттар әлеміне саяхат

Бұлттар әлеміне саяхат

Ақтөбе қаласы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Жұлдыз»балабақшасы тәрбиешісі Жумабаева Венера Мирамбекқызы Тақырыбы: «Бұлттар әлеміне саяхат»...
Тәні саудың, жаны сау

Тәні саудың, жаны сау

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Тәні саудың, жаны сау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×