Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жүзден жүйрік...

Жүзден жүйрік...

Мақсаты: Оқушыларды жан - жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Ой - өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту. Оқу білімге, өнерге қызығушылықтарын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: үнтаспа, сұрақтар жинағы
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, қазақ тілі.

Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: Бүгін біз сабақты екі топқа бөлініп 4 кезеңнен тұратын интеллектуалды ойын түрінде өткіземіз. Ойынның аты: «Жүзден жүйрік...»
Бұл сабақта берілген сұрақтарға жауапты тез, толық және нақты жауап берулерің керек.
1 кезең: «Білгенге - маржан»
2 кезең: «Тіл өнері»
3 кезең: «Кім жылдам?»
4 кезең: «Ойлан, тап»

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздей өренді,
Білімнің нәрлі сырына.
Қадамдарың оң болсын,
Сайыскерлерге сәт сапар тілейміз! – деп сөз кезегін топ басшыларына береміз. Өздерінің топтарын таныстырып өтсін.
1 топ: «Білімділер» Бұл сайыста қалма бос,
Біліміңе білім қос.
2 топ: «Ойшылдар» Тартысайық сайыста күш - жігермен,
Айырылысайық қимас дос көңілмен.
Музыка ойналады. Әр топтан бір оқушы қарсылас топтарына музыкалық сәлем жолдайды.
1 кезең: «Білгенге - маржан» Сұрақтарға жауап беру.
«Білімділер» тобына
1. Көктем айларын ата / Наурыз, сәуір, мамыр/
2. Табиғат дегеніміз не? / Бізді қоршаған орта/
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың атын білдіретін сөздер/
4. ҚР - ның тұңғыш президенті кім? / Н. Назарбаев/
5. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас? /Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан/
6. Абылай ханның шын аты кім? /Әбілмансұр/
7. Қазақтың ұлттық аспабы /домбыра/
8. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары /Әлия, Мәншүк/
9. Біздің облысымызды ата? /Павлодар облысы/
10. Әліппенің атасы кім? /А. Байтұрсынов/
«Ойшылдар» тобына
1. Мақал дегеніміз не
2. Жылдың неше мезгілі бар? /төрт/
3. Жаз айларын ата / маусым, шілде, тамыз/
4. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын кім? /А. Құнанбаев/
5. Білім күні қай күн??/1 қыркүйек/
6. Қабанбайдың шын аты кім? /Ерасыл/
7. Жырды айтушы адам қалай аталады? /жыршы/
8. Рейхстагқа ту тіккен адам кім? /Р. Қошқарбаев/
9. Біздің мектептің директоры кім?
10.. Күй атасы кім? /Құрманғазы/
2 кезең: «Тіл өнері»
Бұл кезеңде берілген мақалды аяқтау керек
«Білімділер» тобына
Тіл тас жарады,... /тас жармаса бас жарады/
Жақсы сөз... /жарым ырыс/
Ойнап сөйлесең де... /ойлап сөйле/
Әдепті бала - арлы бала,.../ әдепсіз бала – сорлы бала./
Жақсыдан үйрен -.../жаманнан жирен/
«Ойшылдар» тобына
Үлкенге құрмет -.../кішіге ізет/
Бірлік болмай.../тірлік болмас./
Еңбек етсең ерінбей,... /тояды қарның тіленбей/
Туған елдей ел болмас,.../туған жердей жер болмас/
Жүз теңгең болғанша,.../жүз досың болсын/
3 кезең: «Кім жылдам?»
Жұмбақтың шешуін тауып, екі тілде жауап беру.
«Білімділер» тобына
1. Жеті қазынаның бірі
Адамды қорғап жүретін досы. /ит – собака/
2. Футболшының алаңдағы ойын заты. /доп – мяч/
3. Тұмсығымен қозғалар
Соңынан аппақ із қалар /бор – мел/
4. Үсті толы ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды түйме. /Кірпі – еж/
5. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. /Жел – ветер/
«Ойшылдар» тобына
1. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде /қалам – ручка/
2. Сағат сайын соғылады
Мектептен табылады. /қоңырау – звонок/
3. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен /Пияз – лук/
4. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама /кітап – книга/
5. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады /есік – дверь/
4 кезең: «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде 12 ұяшық, Қалауы бойынша таңдап, артындағы сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап берсе, ұяшықтағы ұпай саны беріледі.

10 10 10
20 20 20
30 30 30
40 40 40

1 - ші қатардағы ұяшықтар
1. «Анна апайдың бақшасы» мәтінінің авторы кім? /Оралхан Бөкей/
2. Ұзындық өлшеуіштерін ата / мм. см. дм. м. км./
3. Сөйлемнің неше түрі бар? Қандай? / хабарлы, лепті, сұраулы/
4. Рәміздерді және олардың авторларын ата
/ Әнұран – авторлары: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдыаяқов.
Ту – авторы: Ниязбек Шәкен Оңласынұлы
Елтаңба – авторы: Мәліков Жандарбек, Шот – аман Уалихан/
2 - ші қатардағы ұяшықтар
1. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз? /қабырғаларының қосындысы/
2. Сөз таптарын ата. /зат есім, сан есім, сын есім, етістік/
3. 1841 жылы қазан айында Қостанай облысы, Зотобол ауданында туған ағартушы кім? /Ы. Алтынсарин/
4. Шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктер / сексеуіл, құмқараған, қияқ, селеу/
3 - ші қатардағы ұяшықтар
1. Қандай кірпінің тікені кірмейді? /жаңа туған кірпінің/
2. Қай құс ерте келеді? /қарлығаш/
3. Суда туып, құрғақта өмір сүреді. /бақа/
4. Кеше Айнұрдың туған күні болған. Ертең бейсенбі болады. Айнұрдың туған күні аптаның қай күні? /сейсенбі/
Қорытынды
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету