Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын күз

Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты:
1. Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Жоспары:
1. Таныстыру
2. Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3. Қас - қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Өз өнерін көрсету.
5. Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту)
6. Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. (Күрең күз әнімен)

- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде 2, 3, 4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алтын күз» сайысына қош келдіңіздер.
- Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық - деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
- Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы ментән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.
- Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.

№1. Сембай Аружан
№2. Сәндібек Әсел
- Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын күз сайысына қатысушылардың өзін - өзі таныстыруы.

2 бөлімінде
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз
3 - бөлімінде « Қас - қағым сәт» «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру

4 - бөлімінде
Өнер жастан жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі - бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
5-бөлімінде
Молшылық күз - береке күз
Береке күз - мерекеміз - дей келе күзгі жеміс - жидектерден, көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.

6 - бөлімінде күз ханшасы мен ханшайымының биі. Ортаға сайыскерлер шығады.
Қорытынды бөлім. М а р а п а т т а у л а р
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×