Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

«Туған жер» Қасым Аманжолов

Тақырыбы: «Туған жер» Қасым Аманжолов
Сабақтың мақсаты: Өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру;
Білімділік: ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру;
Дамытушылық: оқушыларды сатылай кешенді талдауға, ізденімпаздыққа тапсырмаларды тиянақты орындауға, алғырлыққа баули отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: шығармашылық ізденісіне бағыттау, елін, жерін сүйетін ұл - қыздарды тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Аралас сабақ Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ізденіс, топтың жұмысы, сатылай кешенді талдау, ой толғау; Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, слайд, мультимедиялық ( интер белсенді тақта) Пән аралық байланысы: қазақ тілі, математика, дүниетану Жаңа технология: Сатылай кешенді талдау, жалпы оқыту дағдысын дамыту; Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Балалар, бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі. Мұғалім:- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз? - Жылылықты сеземіз. - Бір біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар? Жақсы көңіл күйді қуанышты көріп тұрмыз. Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық: Кел, балалар, күлейік, Көңілденіп жүрейік. Балдырғанбыз демейік, Өмір сырын білейік. - Жарайсыңдар балалар. Бәріңнің көңіл күйлерің жақсы екенін сезіп тұрмын. «Жақсы сөз жанға қуат береді»деген осы. Ендеше орнымызға жайғасып отырайық.

Үй тапсырмасын тексеру: «Елтаңба мен Ту туралы жыр» Кеңес Оразбекұлы Қыран мен Пырақ сөздерінен диалог құраңдар, диалогте мәтіндегі мақалдарды қатыстырып айту. а) Мәтін бойынша сұрақтар:
- Қос Пырақ қандай елдерді аралапты?
- Қыран олардан не деп сұрайды?
- Пырақ не деп жауап берді?
- Мәтіндегі мақалдар не туралы айтылған?
Мақал - мәтелдер Ат ердің................ (қанаты )
Берегеннің қолынан,..........( беремегеннің жолынан )
Ер аралаған..............(сыншы болар)
Отан оттан да.............(ыстық)
Өз елім өлең............. (төсегім)
Әркімнің өзі жері....... (жұмақ)
Туған жер............ ( тұғырың )
Туған ел.............. (қыдырың )
Кісі елінде............(күркірегенше,)
Өз еліңде............... (дүркіре )
Төртеу түгел болса..............(төбедегі келеді )
Ынтымақ түбі................(игілік )
Сонымен мақал мәтелдер не туралы екен? ( туған ел, туған жеріміз жайлы )
Мақал - мәтелдерді сатылай кешенді талдау
Бірліксіз ел тозады, Бірлікті ел озады.
Мақал
1. Мақал Себебі: тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.
2. Тақырып: Ынтымақ, бірлік туралы айтылған. Себебі: елде бірлік ынтымақ болмаса, халық тозады.
3. Құрылымдық ерекшелігі Тура мағына. Себебі: ешқандай астар, тұспал, ауыспалы мағына мен ишара жоқ, ой ашық айтылған.
4. Әдеби теориялық ұғымдар: Эпитеттер: бірлікті ел, бірліксіз ел. Себебі: заттың құбылыстың айрықша сипаты, сапасы анықталды.
Синоним: тозады - азады:
Себебі: мағынасы жуық сөздер
5. Тәрбиелік мәні:- ынтымақты болуға, бірлікке шақырады.
- Елтаңба, туымыз неге жатады? ( рәміздерге ) - Елтаңба авторы кім? (Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уалиханов ) - Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков ) Мұғалім: Сонымен балалар, Елтаңбасы, туы, әнұраны болмаса еш ел егеменді бола алмайды. Рәміздер сол елдің бет бейнесін көрсетеді. Басқа елдің төрінде желбіреп тұрған өзіміздің туымызды көргенде жүрегіміз лүпілдеп, бойымызды елімізге деген ерекше мақтаныш билейді.

Еліміздің мемлекеттік рәміздерін әрқашан қастерлеп, қадірлей білу керек. Ендеше мына әнге назар аударып, зейінімізді салып тыңдайық. Ән тыңдау. «Көк тудың желбірегені» Осы әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? - Көк тудың желбірегені, Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес маған керегі.- дегенде нені түсінесіңдер? Әнде айтылғандай өздерің жанымды берсем де, туымның желбірегені керек деп айта аласыңдар ма? Неліктен? Оқушылардың елге деген сүйіспеншіліктерін бақылау мақсатында әңгімелеу жүргізіледі. Балалардың жауабын мұғалім түйіндейді.

Мұғалім: Әрбір адам үшін туған ел, туған жер барлық уақытта да қымбат. Өйткені сен туған өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Туған елді әңгіме еткенде оған деген сүйіспеншіліктен жүрегіміз лүпілдейді, туған елдің құдіреттілігі соншалықты, жаныңды баурап алады. Көрініс:( 3оқушының әңгімесі) «Туған елге сағыныш»

Жаңа сабақ: - Мұғалімнің түсіндіруі: а) Қ. Аманжолов атамыздың «Туған жер» өлеңімен танысамыз; ә) Қ. Аманжоловтың өмірімен таныстыру Қ. Аманжолов – қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ даңқы кең жайылған Қ. Аманжолов (1911 - 1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді.
Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды.

Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата ананы, достық пен махабатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен зор тебіреніспен жырлады. б) Өлеңді мәнерлеп оқу;( мұғалімнің оқуы ) в) Өлең бойынша сұрақтар: - Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі, өлеңнің қай жолдарында берілген

- Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой пікірін аңғартуға болады? (қызығыңды еркін көріп келем, сен аямай барыңды маған бердің, мен де саған барымды беремін.) - Осы оқулықта ақынның қандай өлеңімен таныстық? ( Көктем өлеңімен танысамыз.) - Ақынның қандай өлеңдерін білеміз? г) Мәнерлеп оқу. Бір оқушы мәнерлеп оқиды; Тапсырма: «Туған жер» өлеңін сатылай кешенді талдау.

«Туған жер» өлеңін сатылай кешенді талдау.
Туған жер
1. Авторы: Қ. Аманжолов.
2. Тақырып: белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы. Бұл өлеңнің тақырыбы Автордың туған жерге деген сүйіспеншілігі.
3. Жанр түрі: өлең. өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы: Ақынның айтар ойы мен мақсаты. туған жерге деген сүйіспеншілігін, туған елінің, қасиетін, туған жерінің көріністерін суреттеген.
5. Шумақ дегеніміз аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең төрт шумақтан тұрады.
6. Тармақ. дегеніміз - өлеңнің әр жолы 16 тармақ
7. Бунақ дегеніміз белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. Бунақ саны 2 - 3.
8. Буын саны – дауысты дыбыстың санына байланысты. Өлең 11 – буынды.
9. Ұйқас түрі: ұйқас дегеніміз - өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен ерекше сөз беріп тұратын әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігі айтылады. өлең қара өлең ұйқасына құрылған.(а - а - б - а)
10. Әдеби теориялық ұғымдар. а) Теңеулер: жас балаға, байтақ едім, кең едім, жер едің. ә) эпитет дегеніміз - заттың ерекше сипатын сапасын, анықтайтын суретті сөз. б) кейіптеу дегеніміз - табиғат құбылысын жандандырып адам сияқты, күлдіріп, қуанту т. б кейіпте суреттеуді айтады.
11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: бұл өлең арқылы әр адам өзінің туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіріп, туған жердің ыстық, қымбат екенін біліп, оны аялап, қадіріне жетуге тырысады.
1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас,
2. Ел іші - алтын бесік
3. Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.
4 Әркімнің өз жері «мысыр шахары»

Дәптермен жұмыс:
Оқушылардың білімін беки түсу үшін тапсырма беріледі. Тапсырма: 1. Жезқазған сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру. 2. Туған елге, жерге байланысты өлең шығару немесе эссе жазамыз; Қорытынды: Жүректен жүрекке. Балалар еліне деген мақтанышын ән жолдары арқылы білдіреді. Шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып ән айтылады. Ән: «Туған жер» Қасым Аманжолов

Қазақ поэзиясын сатылай кешенді талдау.

1. Авторы___________
2. Тақырып - бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. __________________
3. Жанр түрі - поэзия (өлең). өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келеін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеасы - автор тақырып арқыллы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көз қарасы, өз дүниетанымы тұғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді. _____
5. Шумақ - аяқталған біртұтас ойды білдіреді................... 6. Тармақ – өлеңнің әр жолы:.................................. 7. Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі...........
8. Бунақ саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты.
9. Ұйқас түрі............................................................................................... Ұйқас дегеніміз - өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі. 10. Әдеби теориялық ұғымдар: Теңеу:............................................................................................... Себебі: Теңеу дегеніміз - заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей ақ. мұны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Эпитет:................................................................................. Эпитет дегеніміз -- заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, анықтайтын сурет. 11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні..........................................................................................................

Мақал - мәтелдерді сатылай кешенді талдау_____________________Мақал, себебі халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мәтел, себебі ол ой - пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде. 2. Тақырыбы:______________
3. Құрылымдық ерекшелігі: а ) Тура мағына - себебі ешқандай астар, тұспал, ауыспалы мағына мен ишара жоқ, ой ашық айтылған._______________
ә ) Ауыспалы мағына – Себебі ой ишарлап, астарлы берілген. ________
4. Көркемдік тәсілдер:
Эпитет _________________
Себебі заттың құбылыстың айрықша сипаты, сапасы анықталды Әсерлеу:_____________
Себебі: адам немесе адам өмір кешкен ортаның шындығын оқшау халде әдейі өсіріле не өшіріле суреттеу.
Тәрбиелі мәні: ________________
Жезқазған сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
Берілгені: Жезқазған о = □=?
Шешуі: Жезқазған 9 о= 3(2а, е) □ 6( 2з, ж, қ, ғ, н)
а) 3 □ = 2 (а) жуан ә) 3 □ = 2 (а) ашық 1( е) жіңішке 1( е) жіңішке
б ) 3 □ = 1 (е) ашық а) 1(қ ) қатаң 4(2з, ж, ғ) 2( а) жіңішке 1 (н) үнді

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№1 орта мектебі Мақсұтова Айнагүл
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету