Сайтқа кіру Тіркелу

Жуан дауысты дыбыстар және олардың әріптері

Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар және олардың әріптері
«Ақ бұзау» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Жуан дауысты дыбыстарды меңгертіп, ажырата білуге үйрету; оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру; әдемі, таза, сауатты жазуға үйрете түсу;
ә) дамытушылық: Сөйлеу әрекеттерін, ой - өрісін дамыту; Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту; танымдық қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: Үй жануарларының пайдасын түсіндіре отырып, жануарларды аялауға баулу, тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап
Технологиясы: СТО әдістері
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, таблицалар, суреттер, үнтаспа, домбыра;

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың көңіл - күйлерін тексеріп, олардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.
- Қазір қандай сабақ?
- Ана тілі сабағы.
- Олай болса біз бір - біріміздің қолымызды қысып, бір - бірімізге жүректен шыққан жақсы тілектерімізді айтайық.
- Ақылды бол!
- Инабатты бол!
- Өтірік айтпа!
- Шыншыл бол!
- Үлкеннің алдын кеспе!
- Ата - анаңды сыйла!
Олай болса, сендердің қаншалықты сабаққа дайын екендеріңді байқау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын.
3. Әріп деген не? Қазақ тілінде неше әріп, неше таңба бар?
4. Сөз неден құралады?
5. Сөйлем неден құралады?
6. Сөйлем деген не? Сөйлемнің басы қалай жазылады? Соңынан не қойылады?
7. Дауысты дыбыстарды ата.
Балалардың жауабы тыңдалып, мадақталады.

II. Ой ашар: «Ойлан тап» кестесімен танысу.
Енді балалар, мына кестеге қарайық. Бізге өрнектер берілген. Осы өрнектердің мәнін тауып, жанындағы әріпті, мәні қанша шықса, сол номердегі тор көзге апарып жазамыз.
Соңында бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз шығады. Міне, біз «Ойлан тап» кестесінің сырын таптық.
1. Дыбыстың 2 түрге бөлінетінін білеміз, дауысты және дауыссыз дыбыс болып. Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстың өзі 2 түрге бөлінеді: жуан дауысты дыбыс және жіңішке дауысты дыбыс.
2. Енді кестедегі жуан дауысты дыбыс әріптерін оқиық және жаттап алайық.
3. Тақтамен жұмыс.
Сонымен бүгінгі тақырыптың ішінен жуан дауысты дыбыс әріптерін табайықшы

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
29 - жаттығу: көшіріп жазып, жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.
ІҮ. Сергіту сәті «Мал қалай дыбыстайды?»
Сәйкестендіру тесті
Жұмбақтар:
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар
Бір желпуіш сияғы бар. (сиыр)
- Жұмбағымыздың шешуі сиырдың атасы кім еді?
- Зеңгібаба
- Олай болса «Зеңгібабаның» құрметіне орай «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып жіберейікші - деп барлық оқушыға тізбектетіп оқытамын.
Ал балалар осы төрт түліктің бірі сиыр малының қандай пайдасы бар?
Еті, сүті тағам. Оның сүтінен әр түрлі тағамдар алынады. Атап айтар болсақ құрт, май, айран, қаймақ, сүзбе, ірімшік. Пайдасы туралы толық түсінік беремін.
Шығармашылық тапсырма
«Мө - мө» деп сүт сұрайтын
(бұзауқаным)... қайдасың?
Күнде берем сүтіңді.
Ойнақтап жүріп құлайтын.

Менің атам бақты оны,
Үстінде бар ақ тоны.
Ол не?- төлдің бозымы,
Білемін ғой.... (қозыны)

Ащыдан басқа жемейтін,
Ыстық шөлде отаны.
Шөлдесе “су” демейтін,
Кім біледі.... (ботаны)

Өнері бар сан қилы
Тастан - тасқа қарғиды
Ол не?- шұнақ құлақты
Білемін ғой...(лақ)
Ү. Бекіту
Топтық тапсырма:
І топ: Жуан дауысты дыбыстарды ата.
Жуан дауысты дыбыстары бар бірнеше сөздерді ата
ІІ топ: “Бұзау” сөзіндегі жуан дауысты дыбыстарды тап.
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
ІІІ топ: Айран, қаймақ, құрт, май
Сөздердегі жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз.
Өздеріңе ұнаған сөзге сөйлем құра.
ІҮ топ: Сиырдың төлі қалай аталады?
Бұзаудың суретін бейнеле.
ҮІ. Қорытынды. Егемен еліміздің ертеңгі әл - ауқаты, экономиканың даму деңгейі, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында көрсетілгендей, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарында болу үшін болашақта төрт түлікті малды көбейтіп, өсіріп баға білсек, еліміз төрт түлік малға бай ел болады.
ҮІІ. Бағалау
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 28 - жаттығу
«Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Фонетика. Дауысты дыбыстар

Фонетика. Дауысты дыбыстар

Тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы дауысты дыбыстарды ажырату. Сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс...
Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Сабақтың мақсаты: Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу...
Жуан дауыстылар. Ақ бұзау

Жуан дауыстылар. Ақ бұзау

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат...
Қыс. Жуан дауысты дыбыстар.

Қыс. Жуан дауысты дыбыстар.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның Бастауыш сынып мұғалімі Шамганова Гүлназ Амантайқызы...
Ақ бұзау. Жуан дауыстылар

Ақ бұзау. Жуан дауыстылар

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×