Сайтқа кіру Тіркелу

Бөлшектермен үлестер. Олардың жазылуы

Тақырып: Бөлшектермен үлестер. Олардың жазылуы.
Мақсаты: 1. Бөлшектер мен үлестер туралы түсінік беру. Бөлшектің жазылуымен таныстыру.
2. Оқушылардың бөлшекті жазу, оқу дағдысын дамыту, есептеу, есте сақтау қабілетін жетілдіру. Өткен сабақты толықтыру.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: геометриялық фигуралар, жолақтар, сурет.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу, түгендеу.
2. Оқу - құралдарын ретке келтіру.
IIҮй тапсырмасын тексеру.
1. Ауызша мысалдар.(Көбейту кестесіне байланысты)
2. Жылдамдық, уақыт, қашықтық ережелерін қайталап, формуласын еске түсіру.
S=V∙t,
V=S: t,
t = S: v.

III. Жаңа сабақ.
«Ой қозғау» стратегиясы. Ауызша есептеулер. 100 - дің жартысы нешеге тең? 1000-ның жартысы? 1 тәуліктің жартысы неше мин? 1/2 шелек су 4 л болса, толы шелек неше л болады? Кесіндінің жартысы 5см болса, осы кесіндінің ұзындығы неше см?
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Бөлшек туралы түсінік беру.
- бүтін алма - жартысы немесе 1/2 бөлігі. - ширек, немесе 1/4 бөлігі
ә) Бөлшектің оқылуы мен, алымы мен, бөлімін таныстыру.
Бөлшектің үсті - 1, 1 - алымы,
Бөлшектің асты - 2, 4 - бөлімі

IV. Оқулықпен жұмыс.
№1Сурет бойынша бөлшек, бөлшектің алымы мен бөлімі туралы білімдерін толықтыру.
а) Бөлшектерді жазу.
4/16, 9/21, 2/4, 1/4, 1/3, 3/9, 1/9, 2/3

ә) Ережені оқып қайталау.
2. Практикалық жұмыс. Әр оқушыға жолақ таратып, оның ұзындығын өлшеу. Осы жолақтың 1/(2 ), 1/4, 1/3, 4/6 бөлігі неше см болатынын табу.
б) Тақтада ілінген дөңгелектің, тіктөртбұрыштың неше бөлігі болғанын бөлшек түрінде жазу.
3/4, 1/6, 2/4, 4/8;

V. Өткен сабақ бойынша тапсырмалар орындау.
№2Топ бойынша жұмыс. Әр топ өздеріне берілген есепті шығару.

1 – Д
S1=256км
S2=128км
?
256+128=384(км)

2 – Д
S1=6км 25м
S2=3км 13м
s -?
S=6 км25м+3км13м+2м =11км38м
№3Ойын «Кім жылдам?» Мысалдардың жауаптарын ғана жазу.
№4Теңдеу шешу.
№5Шеңбердің диаметрі арқылы тіктөртбұрыш сызып, периметрін табу.
VI. Шығармашылық тапсырма.
№6 Есепті шығару.
200+500=700 м 500 - 200=300м

VII. Жаңа сабақты бекіту. Өздік жұмыс.
20м жіптің 1/2, 1/4, 1/10 бөлігін тап.
1 сағаттың 1/6, 1/10 бөлігін тап.
1 жылдың 1/2, 1/3, 1/4, 1/6 бөлігін тап.

VIII. Сабақты сұрақ-жауап түрінде қорыту.
Бөлшек деген не?
Бөлшектің бөлімі нені білдіреді?
Бөлшектің алымы нені білдіреді?
IX. Үйге 106 - 107 бет,№3,№4
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×