Сайтқа кіру Тіркелу

Сөз және оның құрамы

Қазақ тілі, 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы Сөз және оның құрамы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Сөздің мағынасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөз және оның құрамы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Сөздердің тек дыбыстардан ғана емес, басқа да бөлшектерден құралатындарына көздерін жеткізу.
2. Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорларын молайту, өз ойларын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге дағдыландыру, сауаты да көркем жазуға үйрету.
3. Тәрбиелік мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтауға, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім негіздерін меңгерту, оқып - үйрену сабағы
Сабақтың әдісі: «Топтастыру», «Ой қозғау» стратегиялары, сұрақ - жауап, көрнекілік.
Көрнекілігі: кесте, суреттер, парақшалар, сауалнама.
Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау
1. Сөз және оның мағыналары туралы білімдерін бақылау мақсатында сұрақтар беріледі.
«Топтастыру» стратегиясы
Сөз дегеніміз не?
Мәндес сөздер дегеніміз не?
Қарама - қарсы мағыналы сөздер дегеніміз не?
Әр түрлі мағыналы сөздер дегеніміз не?
Жауап берген оқушылар бағаланады.

III Жаңа сабақ
Сөз және оның құрамы туралы түсінік беріледі.
*Сөз тек дыбыстардан емес, басқа да бөлшектерден құралады.
Осы ережені түсіндіріп, ұғындыру үшін 1 - жаттығу талданады.
Мәтін жазылған плакат тақтаға ілінеді.
• Мәтінде Алматы сөзі жеті рет кездеседі.
• «Алматы» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
• 7 санының киелі сан екендігі туралы айтылады.
1. «Тез өзгерт» ойыны
Шарты: әр топқа бір сөз жазылған парақша таратылады. Осы сөздерді өзгертіп айту керек.
I топ Нұрлы
II топ Әлия
III топ Алма

2. Оқулықпен жұмыс
3 - 4 бала ережені қайталап оқиды.
2 - жаттығу Талабы: жақша ішіндегі сөздерді өзгертіп, сөйлемдерді көшіру.
Нанды жерге тастама, басуға болмайды. Ас атасы - нан, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нанды алып қой.
3. Өзіндік жұмыс
Көзіңді қолыңмен сүртпе. Кітапты жатып оқыма, көзің ауырады.

4. Дәптермен жұмыс
5 - жаттығу Талабы: мақал-мәтелдерді көшіріп жазу.
Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.

Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.

Ердің атын ел шығарар.

5. Топпен жұмыс Берілген сөздерді өзгертіп жазу.
I топ қала, бала.
II топ білім, терезе.
III топ оқу, мектеп.

IV Қорытынды.
Сауалнама жүргізіледі.
1. Сөз неден құралады?
А) дыбыстан
ә) буыннан
б) екі сөзден
в) сөйлемнен
2. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
А) силықтың
ә) сыйлығ
б) сыйлықтың
в) сыйлықтің
3. Дұрыс құрылмаған сөйлемді белгіле
А) Ауылда тұрамыз біз.
Ә) Біздің үй тауға жақын.
Б) Мұғалім тапсырманы тексереді.
В) Менің атым - Есет.
4. Сөйлемді керекті сөзбен толтыр. Кәмшаттың құрбысы ------- келді.
А) Астаналар
ә) Астанасы
б) Астанадан
в) Астананың

V Үйге тапсырма беру: Ереже жаттау. 3 - жаттығу.
VI Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×