Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Бүгін бізде 4 сабақ

Қарағанды қаласы,
№6 жалпы білім беретін орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Ахметжанова Алмагул Карбаевна

Сабақтың тақырыбы: «Бүгін бізде 4 сабақ»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды топтық сайыстарға үйрету, алған білімдерін тексеру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу, білім - біліктерін дамыту.
Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, іскерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
2. Өткен сабаққа шолу
3. Жаңа сабақ

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға - сол алда, - дегендей жарыс түрінде өткізілетін сабағымызды бастаймыз.

Топтық сайыс
1 - топ: « Алғырлыр»
2 - топ: «Тапқырлар»
Әр топ өз ұрандарымен, сәлемдесулерімен таныстыру
Қызығушылығын ояту
« Кім жылдам» ойыны арқылы
Екі топқа бірнеше сұрақтар беру.

Балалар, бүгін біз «Білім бағына» саяхатқа шығамыз. «Білім бағына» біз «Білім» көлігімен шығамыз. Бірақ бізге көптеген аңдар кедергі жасауға тырысады. Біз әрі қарай саяхатқа шығуымыз үшін, олардың бізге берген тапсырмасын орындауға тырысуымыз керек.
Балалар, бүгінгі біздің бірінші сабағымыз сауат ашуға қош келдіңдер. Міне, балалар бізге қасқыр өз тапсырмасын ала келіпті. Дұрыс жауап берген топқа жұлдызша беріп отырамыз.

1 - тапсырма: Дыбыстық талдау жаса
«Алғырлар» тобына «Тапқырлар» тобына
- Доп - Ойыншықтар
- Жылқылар - Құстар
2 - тапсырма: Қай топ көп сөз құрайды?
«Кемпірқосақ»

3 - тапсырма: «Теңге ілу» ойыны.
Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру керек.
Қоңырау соғылады.
Ән: «Біз дәуірдің түлегіміз»
Саяхатқа әрі қарай шығамыз. Енді алдымыздан түлкі кездеседі. Түлкі бізге математика пәні бойынша тапсырмалар әкеліпті. 1-тапсырма: Математикалық жұмбақ есептер.
«Алғырлар» тобына------- «Тапқырлар» тобына
Аулада 3 үйрек, ------------- Табақта 5 алма,
Қорада 1 үйрек. ------------- Қолымда 2 алма.
1 үйрек тығылды,----------- Қосқанда барлығы,
1 үйрек жығылды. ---------- Болады неше алма?

2 - тапсырма: «Ханталапай» ойыны
Талпай - ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны аяқталған соң, салыстыру жұмысын жүргіземіз.

3 - тапсырма: «Кім шапшаң»
«Алғырлар» тобына «Тапқырлар»тобына
8 - 3=
7 - 4=
6+2=
5+3=
5 - 5=
4 - 4=
4+0=
5+0=
9 - 0=
6 - 0=
Қоңыр соғылды.
Ән: «Ертегілер»
Саяхатқа әрі қарай шығамыз. Алдымыздан қоян кездеседі. Дүниетану пәнінен тапсырмалар алып келіпті. Тез алдымыздағы дөңгелекшені көтеріп жауап береміз.
1 - тапсырма: Өсімдік түрлерін ата?
Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
Қол не үшін керек?
Қазақтың тұңғыш президенті кім?
Кітап не үшін керек?
“Қызыл кітапқа” не жазылады?
Тірі табиғатты ата?
2 - тапсырма: Берілген суреттерден «Қай жануар немен қоректенеді?» тауып айту
Интерактивті тақтада суреттер көрсетілген.
Қоңырау соғылады.
Ән: «Қуыршақ»

Енді алдымыздан аю кездеседі. Аю бізге бейнелеу пәнінен тапсырмалар әкеліпті.
Екі топтың оқушыларына салынған түрлі суреттер таралады. Осы суреттерді берілген уақыт ішінде дұрыс бояп, көрмеге тез іліп қою керек.

Қоңырау соғылады.
Би: «Қаражорға»
Сабақты бекіту: Сонымен балалар бүгінгі білім саяхатына шығып, қысқы табиғатпен таныстық. Алдағы кездескен кедергілерден жақсы өттіңдер. Сендерге сабақ ұнады ма? Оқушылар ойларын тыңдау. Екі топ оқушыларының алдындағы жұлдызшалар саналып, көп жұлдызша алған топты марапаттау.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету