Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғат-денсаулық мекені

Өзін-өзі тану пәні Салтанат Нұрмашева
Тақырыбы: Табиғат - денсаулық мекені

Мақсаты: Оқушылардың «табиғат» құндылығы туралы түсінігін дамыту.
- табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- баланың табиғатқа аялы қарым-қатынасын дамыту;
- табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері: Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық
Табиғат, сен – тіршілік, тұнып тұрған;
Сен – Күнсің, көтерілген күліп қырдан.
Сен - көлсің,
Сен - ормансың,
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Мәтінмен жұмыс.
Өсиет әңгіме
Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты.Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық,қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап,оның жолын қайдан табамыз деп,ұзақ кеңесіпті.
Әрі ойланып,бері ойланып,ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болады.
Үлкен ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Саялы орманынан»,ортаншы ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен,ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.

Ұлдарына риза болған қария,үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты.
Қария бақытты да баянды,ұзақ ғұмыр кешіпті.
1. Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?
2. «Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?
Таза ауа,таза су,пайдалы тағам,көтеріңкі көңіл күй, адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Тыныштық сәті.
- Балалар,көзімізді жұмып табиғат аясында отырмыз деп елестетейік.(Үнтаспадан тыңдату)
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып.
Дала сұры қашады.
Балаларым, айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады ?
- Енді көзімізді ашайық.
- Бұл күз мезгілі.
Шығармашылық жұмыс.Суретке қарап, «Табиғатпен біргеміз» тақырыбына әңгіме құрастыру.
Дәйексөз.
Бүгінгі сабағымыздың дәйек сөзін дәптерімізге жазып алайық.
«Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.»
Р.Сәтімбекұлы
Жүректен - жүрекке.
- Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Табиғат анаға арнап«Табиғат та бір кітап» өлеңін айтайық.
Тамаша ғой
Бүгін сен
Табиғатқа жүгінсең.
Құлақ түріп,
Көз тігіп,
Төңірекке үңілсең.
Еріп бұлттың ырқына,
Жоқ болады бір күн ай...
Табиғат та бір кітап,
Оқи алсаң,шіркін-ай!
Қорытындылау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×