Сайтқа кіру Тіркелу

Туған жер

Тақырыбы: Туған жер
Қ. Мырза Әли
Мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері:
- Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;
- туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
- туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: туған жер туралы мақал-мәтелдер, Шалқардың суреттері

Барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы «Ғасыр саңлағы»
1Тізбектей оқыту
2. Мазмұнын сұрау (3-4оқушы)

3. Сұрақ-жауап арқылы бекіту
а) Әңгімедегі Тоқтар кім?
б)Анасы екеуі келе жатып қандай көріністі тамашалады?
в)Тоқтар кішкентай кезінен кім болуды армандады?
г) Тоқтар қай жылы ғарышқа ұшты?
д) Тоқтар туралы тағы не білесіңдер? (оқушылар жауабы )
(1-слайд)

Сергіту сәті
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!

Жаңа сабақ
Қ. Мырза Әли «Туған жер»
Қ. Мырза Әли туралы мәлімет (2-слайд)
Aқын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. 2011 жылы қайтыс болды
- Балалар сендер хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?(Оқушылар жауабы) (3слайд)
Бұл хайуанаттар бағы. Мұнда Үнді пілінен бастап Бетпақдаланың Батбатына дейін бар.
Батбат дегеніміз - кәдімгі кесірткенің бір түрі.
Кесіртке, көлбақа, пингвин бала кездері естеріне түсіп, көңілдері құлазып туған жерлерін
еске алады. (4-слайд)

Бұлардың үшеуінің де айтқаны дұрыс. Өйткені әркімнің туған жері өзіне ыстық болып көрінеді.
- Балалар сендердің туған жерлерің қалай аталады?(оқушылар жауабы тыңдалады)
- Шалқар
- Биыл біз Шалқардың неше жылдығын тойлағалы отырмыз?
-80 жылдық мерекесі екен.
Олай болса өзіміздің туған жеріміз туралы қысқаша айтып өтейік
Шалқар Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданының орталығы, қала ірі темір жол станциясы. Тарихқа жүгінсек, сонау 1870 жылы Ұлықұмның оңтүстік-батыс беткейіне, Шалқар көлінің жағасына қазақ шаруалары келіп, қоныс тебеді. Олар бұл өңірде мал шаруашылығымен айналысып, алғаш жеркепе үйлер салған. 1901-1903 жылдары осы өлкеде Орынбор - Ташкент темір жолының құрылысы басталып, алғашқы өнеркәсіп орны - Шалқар паравоз депосының іргетасы қаланды. 1932 жылы Шалқар ауданы болып құрылады. (Шалқардың құмы, көлі, эмблемасын көрсету 5-слайд)

Елбасымыз Н. Назарбаевтың « 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы» бойынша, Шалқарда бой көтерген жаңа №8 мектеп
Шалқар көлі
Шалқар ауданының 80жылдық тойына құрылған 80 ағаш үй.

Шалқар құмы
Балалар үнтаспаға қосылып, «Шалқар вальсі» әнін айтады.
Әркімге өзінің туып өскен жері, оның сылдырап аққан суы, биік таулары, ағаштары, хош иісті гүлдері де ыстық. Сондықтан әркім өзінің туған жеріне деген махаббатын, Отанына сүйіспеншілігін, мақтанышын түрлі жолдармен білдіреді. Ақын – жазушыларымыз туған жердің сұлу табиғатын, байлығын жырласа, суретшілеріміз суретін салады.
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат.

Дәптермен жұмыс
Туған жер туралы мақал –мәтелдер жазу.
Туған жер-алтын бесік.
Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.

Сөздік жұмыс
Жұмақ-рақат орын, пейіш.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×