Сайтқа кіру Тіркелу

Менің ұстаздарым

Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы, Әуезов кенті, "Бақыршық орта мектебі" КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Сатимова Меруерт Бауржановна

Пән: Өзін-өзі тану 2- сынып
7–сабақ
Менің ұстаздарым
Мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- оқушыларға мұғалімнің, ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары» екенін түсіндіру;
- мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
- ұстаздарды бағалауға, сыйлап - құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.

Әңгімелесу
Мұғалім мен шәкірт арасындағы сыйластықты қарым-қатынастарын дамыту мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
- Ұстаз деп кімдерді айтамыз?
- Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз деп санайсыңдар?
- Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?
Ойын
Ұстаз еңбектің мәнін рөлдік ойын арқылы да ашуға болады.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметін арттыра түсу мақсатында өлең оқу ұсынылады. «Ұстаз» өлеңі (А. Сопыбеков)
Тапсырма
Мұғалім ұстаз ой пікірлерді толықтыру және оқушылардың өз ойларын пайымдауларын байқау үшін «Суретке қарап, ұстаздық еңбек туралы айтып беріңдер»
Жаңа ақпарат
Оқулықта берілген «Жаңа ақпаратты» талдау арқылы ұстаздың адам өміріндегі маңызы түсіндіріледі.
Оқушыларға мұғалім еңбегінің маңызын аша түсетін жаңа ақпаратпен танысу ұсынылады.
Мәтінмен жұмыс
Балаларға ұстаз еңбегінің маңыздылығы мен мән-мағынасын түсіну үшін «Өнерлі жігіт» аңызы негізінде әңгімелеу ұйымдастырылады.
Қорытындылау
Дәптермен жұмыс
Тапсырма:
«Менің ұстазым» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.
Жүректен жүрекке
Балалар мұғалімді ортаға алып, өз тілектерін арнап, ұстаздарымен қосылып ән айтады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×