Сайтқа кіру Тіркелу

Артық, кем, тең

Пәні: математика
Класы: 1
Пән мұғалімі: Сагинбаева Жанар

Сабақтың тақырыбы: «Артық», «кем», «тең» түсініктері.
Мақсаты: «артық», «кем», «тең» түсініктерімен таныстыру; заттар "жиынын саны бойынша салыстыруға үйрету; «» таңбаларын дұрыс қолдана білу. Зейіндерін салыстыра алу дағдыларын дамыту. Бұрынғы алған білімдерін жетілдіру.
Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: заттық, сюжеттік суреттер, флипчарт.

Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім . Бұрынғы алған білімдерін жетілдіру үшін ауызша есептеуге заттардың екі тобын салыстыруды енгізу қажет. Заттар тобын салыстыру үшін, тақтаға қатарды өзара сәйкестендіруге болатындай жұп заттарды қоямын. Тақтаға 4 үлкен дөңгелек, одан төмен тақтада аз орын алатындай 5 кішкентай дөңгелек бейнеленеді.

Жаңа материалмен таныстыру.
Жаңа материалмен таныстыру үшін ауызша жаттығулардан бастау. Мысалы, тақтаға 4шар және 2доп суретін қоямын. Содан кейін балалар тапсырманы орындап, оның сұрақтарына жауап береді: « Шар көп пе, доп көп пе? Сендер неге олай ойлайсыңдар? Цифрмен доптың санын көрсет. Осы цифрды үстелдің бетіне қой. 4цифрының оң жағына қой (шаршылардың астына цифрларды бекітемін). Қандай цифр заттардың санының артық екенін көрсетеді? Математикада бұл «>» таңбасымен белгіленеді ( «>» таңбасын тақтаға ілемін) және былай оқылады: «4 саны 2-ден артық». «», «<». «=» таңбаларымен берілген математикалық жазуларды оқуды, теңсіздік. теңдік құруды үйренеді (терминдер келесі сабақта беріледі). №1 слайд

Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырманы орындау сурет бойынша теңдік, теңсіздік құру және оларды оқу дағдыларын бекітуге арналған. №2 слайд
Дәптермен жұмыс.
Оқулықтағы №2 тапсырманы жазбаша орындамас бұрын теңсіздік белгісін жазуға (№1) жаттығу керек. №3 слайд

Жаңа материалды бекіту.
Дәптердегі №3 тапсырманы орындау. Алдымен берілген сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Үстелдің бетіндегі заттарды санайды. Содан кейін қоршаудың ішіне салынатын заттың саны анықталады. Суретті сызба түрінде беруге болады. №4 слайд

Сурет салынып болғаннан кейін торкөзге сәйкес сандар жазылып, балалар қандай таңба қойылатынын айтады. Таңбаны сандар арасындағы жұлдызшаның үстіне жазады. Сәйкес математикалық жазу алынғаннан кейін балалар оны дұрыс оқуға жаттығады. Тапсырманы орындау барысында балалар заттарды санау, есептеу нәтижесін санмен жазу; заттар тобын және сандарды салыстыру дағдыларын бекітеді.
Мұндай тапсырмаларды жылдам орындайтын балалар үшін үстел бетіне суретті толықтырып, қасықтар мен пышақтардың санын теңестіру жұмысын ұсынамын.

Сабақты қорытындылау.
№4 тапсырманы өз беттерінше орындағаннан кейін жаңа сабақты қаншалықты меңгергендіктерін тексеру керек.
Өтілген материал бойынша істелетін жұмыс.
Оқулықтағы №3 тапсырманы орындау кезінде оқушылар фигураларды атайды, содан кейін суреттен кесінділерді тауып, сызғыштың көмегімен олардың ұзындығын өлшейді. №5 слайд
№4тапсырма зейіндерін, салыстыра алу дағдыларын дамыту үшін берілген. Фигураларды белгілеріне қарай топтарға бөлу жұмысын әртүрлі тәсілдермен орындауға болатынына назарларын аудару. №6 слайд
Сабаққа қатынасқан оқушыларды мадақтау.
Қосымша материал
Математикадағы ең алғашқы түсініктер - «артық», «кем», «тең» түсініктері болды. Егер бір тайпа ұстаған балықтарын басқа тайпаның
адамдары жасаған тас пышақтарға ауыстыратын болса, неше балық, неше пышақ әкелгенін санаудың қажеті болмады. Тайпалар өзара айырбас жасау үшін әр балықтың жанына бір пышақтан қойып шығу жеткілікті еді.

Ауыл шаруашылығымен табысты айналысу үшін арифметикалық білім керек болды. Санаусыз күнді ажырату қиын болды(егісті қай кезде егу керек; суаруды қашан бастау қажет; малдардың төлдеуін қашан күту керек). Отарда неше қой бар екенін, қоймада неше ҚАП астық тұрғанын білу қажет болды. Міне, осылайша сегіз мың жыл бұрын ежелгі малшылар сазбалшықтан әр қой үшін бір кружкадан жасады. Қойдың түгел екенін әр қой қораға кірген сайын бір кружкадан алып қойып отыру арқылы білді. Кружка мен қойдың саны тең болса, малының түгелдігіне қуанып, ұйқыға жататын. Бірақ олар қой ғана емес, сиыр, ешкі, есек те баққан. Сондықтан сазбалшықтан басқа да
фигураларды жасауға тура келді.

Ал диқандар қыш фигуралардың көмегімен жинаған өнімдеріне есеп жүргізді: қамбаға неше қап астық -салынды; зәйтүннен неше құмыра май сығылып алынды, т. б. Егер қой қозы туса, малшы жаңа кружка қосты, егер олардың бір бөлігі сойылып кетсе, бірнеше кружканы алып қоюларына тура келді. Осылайши ертедегі адамдар санауды білмесе де, арифметикамен айналысты.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сандар және цифрлар. Заттарды санау

Сандар және цифрлар. Заттарды санау

Сабақтың мақсаты: Әр оқушы санағанда еркін қолданатын сан шекараларын анықтау; 10 көлеміндегі заттарды санау дағдыларын жетілдіру....
Өрнектерді салыстыру

Өрнектерді салыстыру

Өрнектерді өрнекпен салыстыруға; салыстыру нәтижелерін, яғни теңдіктер мен теңсіздіктерді дұрыс жазуды және оқуды үйрету; құрастыру дағдыларын...
3 саны және цифры. Үшбұрыш

3 саны және цифры. Үшбұрыш

Білімділігі: 3 саны және цифрымен таныстыру; сан сәулесі туралы түсініктерін қорытындылау; үшбұрыш, оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру....
Геометриялық  пішіндерге  арналған  дидактикалық  ойындар

Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар

Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыжаз орта мектебі Шағын орталықтың аға тәрбиешісі Орманова Құралай Халелқызы...
4 саны мен цифры. Төртбұрыш. Шаршы.

4 саны мен цифры. Төртбұрыш. Шаршы.

Атырау облысы, Исатай ауданы, Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Шарбану Нұрмашева Насырқызы Сабақтың тақырыбы: 4саны мен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×