Сайтқа кіру Тіркелу

Б. Соқпақбаев Қамқорлық

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Асанхан Эльмира Сәндібекқызы

Сабақтың тақырыбы: «Қамқорлық» Б.Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты: 1.Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру,мәтіннің негізгі идеясын ашу,оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.
2.Оқушының ойлау қабілеті мен есте сақтауын өз беттерінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
3.Ізденімпаздыққа,тапқырлыққа, табиғатты қорғап аялауға баулу.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, Венн диаграммасы, сұрақ-жауаптар т.б.
Сабақтың құрал-жабдығы: Сурет,оқулық, жұмыс жасайтын орталықтар
1.Оқу, жазу орталығы
2. Драма орталығы
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындатып, зейіндерін сабаққа
аудару.

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
2. Үй тапсырмасы

- Үйге қандай тапсырма берілді?
-«Көжек» ертегісінің мазмұнын айтып, сұраққа жауап беру.

Тақтаға бес оқушыны шығарып, ертегі мазмұнын сұрап, оқушыларға сұрақ қойғызу, туған жер туралы мақал-мәтел айтқызып бағалап, қорытындылау.

3. Жаңа сабақ
1. «Пікірлер ағашы» арқылы жазушы Бердібек Соқпақбаев туралы білетіндерін сұрау.

1.Ол кім?
2.Қайда туған?
3.Қай жылдары өмір сүрген?
4.Қандай шығармаларын білесің?
5.Қандай қызмет атқарған?
2. «Жақсыдан үйрен» бөлімінде не өттіңдер?

1.Үлкенді сыйлау
2.Адал достық
3.Әдептілік
4.Мақтаншақ болмау
5.Қамқорлық т.б

3.Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Қамқорлық»
Авторы Б.Соқпақбаев

Бүгінгі өтетін тақырып мазмұнын меңгерту үшін оқушыларды орталықтарға бөліп әр орталыққа тапсырма беру.

1-топ. Оқу мен жазу орталығы
1. Әңгімені оқып түсінігін айту.
2.Әңгімедегі Жантас пен Қожаға мінездеме беру Венн диаграммасы арқылы

2-топ.Драма орталығы
1.Әңгіме мазмұнын оқып, көрініс қою.

4.Орталықтардың жұмысын тыңдау.
5.а) Мұғалім түсіндірмесі.
ә) Суретпен жұмыс.

6. Дәптермен жұмыс.
Қожаның орнында сен болсаң не істер едің?

7. Қорытындылау
«Венн» диаграммасы

Ж.Аймауытов
Б.Соқпақбаев

1.Ж.Аймауытовтың әңгімесі әңгімесі қалай аталады?
2.Б.Соқпақбаевтың әңгімесінің аты қалай?
3.Жүсіпбектің торғайы неден қорқып еді?
4.Бердібектің торғайы ше?
5.Жүсіпбектің торғайына ара түскен кім?
6.Бердібектің торғайы ше?
8. Бағалау
Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
9. Үйге тапсырма.
«Қамқорлық» тақырыбына сүйене отырып эссе жазу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тарқаған өкпе. Т. Әбдірайым. Ғабиден ата ғибраты А. Жақсыбаева

Тарқаған өкпе. Т. Әбдірайым. Ғабиден ата ғибраты А. Жақсыбаева

Мәтін мазмұнын түсініп идеясын ашуға негіз жасау. Оқушыға мәтінге құрылған жоспарды оқып, дәлелдеуге мүмкіндік беру. Әңгімені оқи отырып, достық...
Қамқорлық

Қамқорлық

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Прназарова Альфия Асқарқызы...
Қамқорлық

Қамқорлық

Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру,...
Бауырымен жорғалаушылар

Бауырымен жорғалаушылар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асанхан Эльмира Сәндібекқызы Сабақтың тақырыбы:...
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» повесі

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» повесі

Онды орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Саржанова Күнімкүл Аманқосқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×