Сайтқа кіру Тіркелу

Біріккен сөздер

Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы.
Бастауыш сынып мұғалімі Асанғалиева Дина
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз

Сабақтың мақсаты: Біріккен сөз туралы түсінік.
Білімділік: Біріккен сөздердің жазылу ережесі.
Дамытушылық:
1) Тапсырманы орындау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға баулып, өз беттерімен жұмыс істеуге, алған білімдерін кеңейтуге үйрету;
2) Оқушылардың ой-өрісің дамыту, білімін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Туған ұлтын сүюге, туған тілін, туған жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Шығармашылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап. Оқу жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау.
I. «Қызығушылығын ояту»
II. «Мағынаны түсіну»
III. «Ой толғаныс»
Сабақтың көрнекілігі: «Кубизм» «Фигуралар» «Топтастыру»
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру Оқушыларды үш топқа бөлу.
I-топ
II-топ
III-топ
«Ауылым» «Туған жер» «Қазақ елі»
- Қазақ тілім, өз тілім - ана тілім,
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді ұл-қызын мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім!

- Міне балалар кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағы.
II. Үйге қандай тапсырма берілді? Үш оқушыдан үй тапсырмасы сұралды.
III. Жаңа сабақ:
I. «Қызығушылығын ояту»

Ойын: «Фигураны тап»
I-топ II-топ III-топ
- Екі сөзден тұратын фигураның атын жазу
- Балалар, осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табайық.
- Төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш
- Бұлар қалай жасалған?
- Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған.
- Олай болса жаңа сабағымыз «Біріккен сөз»
-
IV. Оқулықпен жұмыс.
226-жаттығу
- Берілген сөздерді сөз құрамына талда.
Үш топтың оқушылары тақтаға жазып шығады.

II. «Мағынаны түсіну»
V. Өз беттерімен жұмыс.
227-жаттығу
VI.Сергіту сәті.
- Балалар, туған ел, туған жер туралы өлең оқиық?

Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем!

Ауылым.
Ауылым – Отаным. Ауыл – қазақтың ақ бесігі. Ауыл – ата қоныс. Ауыл – атамекен. Ауыл – ұлылықтың басталуы.
VII. Жаттығу жұмысы. 228 – жаттығу
- Өлеңді көшіріп жаз.
- Біріккен сөздерді тауып астын сыз.

Төмендегі сөздерден біріккен сөз жаса:
Бөрі, жан, басар, дос, гүл, ай.
Айгул. Айжан. Досжан. Бөрібасар. Жандос. Айдос.Гүлжан

VIII. «Кубизм» «Құстар» «Балық» «Өсімдік»
Берілген сөздерден біріккен сөздер құрап жаз.
Құстар:
Балықтар:
Өсімдіктер:

IX. «Ой толғау»
Сурет бойынша сөйлем құрастырып жаз.
X. «Нені оқып үйрендік?»
Сабақта өтілген материалды қайталау.
XI. Үйге тапсырма. 229-жаттығу
«Топтастыру»
Кісі аттары Құс аттары Өсімдік аттары

Жәндік аттары Жер-су аттары
- Балалар, осы тілімізді неге ана тіліміз дейміз?
- Осы тіл анамыздың ақ сүтімен дарыған.
- Осы тіл анамыздың ақ сүтімен бүкіл ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіреді.
XII. Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×