Сайтқа кіру Тіркелу

Жиырма тиын

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің мұғалімі
Темірбаева Гүлмира Құлымжанқызы.

Сабақтың тақырыбы: Жиырма тиын.
Мақсаты:
1. Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету, мәтін авторы туралы мәлімет беру.
2. Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.Сөздік қорын сөз байлығын молайту.
3. Адамгершілікке, бірін-бірі сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, айтқанын тыңдауға, қамқор жанашыр болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, бор, интерактивті тақта, автор суреті, мақал-мәтелдер.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру
Пән аралық байланысы:қазақ тілі, математика

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылардың бір-бірімен ұлттық амандасу.Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, оқушы назарын сабаққа аудару.

II. Үйге берілген М.Әлімбаевтың Не жомарт? Кім жомарт? Өлеңін жатқа сұрау.Тақырыпқа сай мақал жаттау, қосымша сұрақтар беру.
Мақал: Сараңда бар болса да –жоқ
Жомартта жоқ болса да –тоқ.
Жомарттық - айтқан сөзіңді орындау, әділ сөйлеу, қайырымдылық жасау

III.Өткен сабақты қорытындылау
Ана - Батыр
Ұстаз
Күн
Жер
Ситуациялық сұрақ: Үзіліс - буфет
Қандай болу керек?

IY.Жаңа сабақ
Сабақты математикалық жұмбақ жасырудан бастау.
1. 10+10=? Болады (20)
2. Өткен жылы бүкіл қазақ халқы тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? (20жылдығын)
- Сонымен бүгінгі тақырыбымыз «жиырма тиын» деп аталады.
Қазір біз тиын емес, теңге деп сөйлейміз.Егемендік алғаннан соң 1993жылы ұлылық төл теңгеміз айналымға енді.
- Балалар, енді осы тақырыбымызға сай мақал-мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру.
- Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады
- Жүз сом ақшаң болғанша,
............................................
3. Жәнібек Кәрбозин өмірі.Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған.1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.’’Кербақбай’’, ‘’Қолғанат”, “ Қарабек пен қарақшы” т.б.балаларға арналған пьесалар жазды.Оның балаларға арналаған “Бәйшешек”, ”Менің шеберханам”, ”Ысқырық”, ”Біздің Бекен қайда екен?”, ”Біздің ауыл балалары” сияқты өлең жинақтары бар.
4. Мәтінмен жұмыс.
а) оқып беру, мазмұнын оқушылармен бірлесе отырып түсіну, талдау.
ә) сөздік жұмыс
милығына -
5. Сергіту сәті: Кім үлкенді тыңдаса
6. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
7. Мәтінді оқушыларға оқыту.
8. Ойын «Сырлы сандық»

Жаңа сабаққа байланысты тапсырманы орындау.
Берілген сөйлемдерді ретімен орналастыру (тақтаға бес оқушы шығып орындайды)
1. Мен қалтамдағы екі жиырма тиындықтың біреуін оған ұсындым.
2. Дүкенге жақындағанда, біресе аяғымен, біресе қолымен қардың арасын қарап жүрген Қанатқа көзім түсті.
3. Дұрыс істегенсің.Бұның адамгершілікке жатады.
4. Табылып қалар деп, мен де қардан тиынды іздеуге кірістім.
5. Алтайжан, дүкенге барып келе қойшы.

Y.Қорытынды
Мақалмен қорытындылау «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» сондықтан балалар «Адам болам десеңіз»
Мына қасиеттердің қайсысына жақын қайсысынан аулақ болу керек?
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×