Сайтқа кіру Тіркелу

Сұраулы сөйлем

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты қапшықтан асықтарды таңдап алып, сандарға сәйкес 3 топ үстеліне /А, Ә, Б үстелдерге / бөліп отырғызу.
Үй тапсырмасын тексеру: 234- жаттығу. Сурет бойынша құраған сөйлемдерін оқыту. «Сұраған мен сұрау белгісі» өлеңін рөлге бөліп оқылады. / Сұрау белгісін бала қолына ұстап көрсетіп оқиды./

Сұраған: Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Саған осы не керек?
Сұрау белгісі: Маған ең алдымен, сұраулық шылау керек.
Олар жазылуға тиіс бөлек, екіншіден,
Сұраулық есімдіктер керек.
Олар қатысқан сөйлемдер соңында
Ойлашы өзің, не келеді?

«Киноға барамысың? Жаңа газет аламысың?»
Деген секілді сөйлемдерде, кей оқушы сен секілді,
Тыныс белгісін қоймай кетеді. Өзің айтшы білсең,
Осылардың соңында, қандай белгі келеді?
Дауыс ырғағын да ескер деймін,
Жазғаныңды үнемі тексер деймін!
Мұны білмесең, бала, онда ісің шала!
(«Қызықты грамматика», 1984)
- Сұраулы сөйлем болу үшін қандай сұраулық шылау, сұраулық есімдіктер керек? /3 топтан мысал келтірту арқылы жауапты қорытындылау /

ІІ.Жаңа сабаққа мақсат қою:
Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарымен танысамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кітаппен жұмыс
235, 236- жаттығуларды орындау барысында сұраулы сөйлемде «неге, қандай, қалай т.б.» сұраулық мағына беретін сөздер қолданылатыны, сұраулы сөйлемнің өзіндік интонациясы болатыны меңгеріледі.

Дәптермен жұмыс (Дәптермен жұмыс ережесін еске салу)
238- жаттығу
Сабақтан кешікпе. Айдос ауылдан келіп пе? Ешқашан өтірік айтушы болма. Қар қалың жауды ма?
Терме диктанты. Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді теріп жаз. Сұраулық есімдік пен шылауды тап. / әр үстелден 1 оқушы түсіндіріп талдайды /.
Шегене деген немене?
Соны білгің келе ме?
Шамалы, азды, шағынды
Бабалар деген шегене. (М. Әлімбай)

Сергіту сәті: Күннің көзі біздерді,
Жаттығуға тұрғызды.
«Бір» дегенде қолымыз,
Көтерілсін жоғары.
Ал төбеде көк шалғын,
Сыбдырлайды көңілді.
«Екі» деген кезде сен,
Түсіре қой қолыңды.

ІV.Бекіту:
А үстелі
Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.
Ақсары
Құстардың түрі өте көп. Сен, Ақсарыны білесің бе Ақсары бүркітке ұқсай ма Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап-сары. Ақсары- жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді.
Ә үстелі
Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.
Әнші.
Сахнаға бiр топ әншi балалар шықты.Олар хормен қазақша ән айтты Бiр әншiнiң дауысы ерекше естiлдi. Балалар: “Бұл кiм ” деп таң қалды Бұл әншi Әлия екен.Әлия жақсы ән салады.
Б үстелі
Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.
Қараторғайлар.
Жер тез кепті Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бір күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесі ағаштарға түскенде тыңдау керек.

Ребус: 237- жаттығу
Жауабы: Кітапхана, қамқорлық.
Сөйлемдер құрату.
Графикалық диктант. Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрап жаз.
................................................ба ?

.............................................нешеу ?

...............................................нешеде...............................?

.....................................................қай..................................?

V.Қорытынды:
Сұраулы сөйлем
Сұраулық шылау
Сұраулық есімдігі

VІ. Бағалау
Әр топ басшылары бағалау парақтарын толтырады.
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Оқушының аты-жөні
№1; №2; №3
Қорытынды баға
VІІ.Үйге тапсырма
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×