Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қатынас тақырыбына есептер шығару

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: Қатынас тақырыбына есептер шығару беріп, сабаққа белсене қатысқандарына қарай оқушылар білімін бағалау.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: қатынастың ережесін және қасиетін пайдаланып, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білуге үйрету.
Дамытушылық: есептер шығару арқылы оқушылардың ой - өрісін логикамен байқау, математикалық сауаттылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: ережелер, сұрақ - жауап, деңгейлік есептер
Сабақтың көрнекілігі: жеке карточкалар, қосымша әдебиеттер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгелдеу
ІІ. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Үйге берілген есептердің шыққан, шықпағандығын тексеру.
Сұрақтар:
1. Қатынас дегеніміз не?
2. Қатынастың мүшелерін атаңдар?
3. Қатынастың қасиетін айтып, мысал келтіріңдер.

ІІІ. Есептер шығару(қосымша әдебиет авторы: Бейсеков Ж Математикадан ҰБТ - ға дайындалуға арналған тест тапсырмалары)

№1. Қоспадағы алтын мен күмістің массаларының қатынасы 5: 3 - ке қатынасындай. 32 г қоспада қанша алтын, қанша күміс бар екенін табыңдар.
Шешуі: 5х+3х=32
х=4 5*4=20 г, 3*4=12 г

№2. 480 санын 3: 5 қатынасындай етіп екі бөлікке бөліңдер
Шешуі: 5х+3х=480
х=60 5*60=300, 3*60=180

№3. Үш учаскенің ауданы 60 га. Бірінші учаскенің ауданы барлығының ауданының 25%- на тең. Екінші және үшінші учаскелердің аудандарының қатынастары: 4: 5 - ке қатынасындай. Учаскелердің әрқайсысының ауданын табыңдар.
Шешуі: 1) 3)
2) 60 - 15=45
Жауабы: 15 га, 20 га, 25 га

№4. Тест тапсырмасы. Математикадан емтихан тапсырғанда қатысушылардың 15%- ы бірде - бір есеп шығара алмады. 144 адам есептерді шығарғанда қателер жіберген, ал есептерді тура шығарғандар санының атымен есеп шығара алмағандар санына қатынасы 5: 3 қатынасындай болған. Сол күні математикадан неше адам емтихан тапсырған?
А) 180 В) 240 С) 280 Д) 220 Е) 320

ІҮ. Сергіту сәті:
Сиқырлы квадраттар

Шарты: бос тор көздерді тиісті сандармен толтыру керек. Сонда торкөздегі цифрларды тігінен де, көлденеңінен де, қиғашынан да қосқанда бірдей мәнге тең сандар шығуы тиіс.
1. 39 болатындай етіп 2. 87 болатындай етіп
орналастыру керек. орналастыру керек
Ү. Қорытындылау:
Үй тапсырмасы: № 5; 6

Оқушылар білімін бағалау
Үй жұмысын орындағандарына қарай, сыныпта сұраққа жауап беріп, сабаққа белсене қатысқандарына қарай оқушылар білімін бағалау.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Сан аралығына есептер шығару

Сан аралығына есептер шығару

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру....
Құрама есептер шығару

Құрама есептер шығару

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шалабаева Алтын Әзбергенқызы...
Жарты жазықтық, сәуле және бұрыш

Жарты жазықтық, сәуле және бұрыш

Қарағанды қаласы, №6 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Саденова Н. К....
Төртбұрыштардың аудандарына есептер шығару

Төртбұрыштардың аудандарына есептер шығару

Сегізінші сыныпқа геометриядан төртбұрыштардың аудандарына есептер шығару. әртүрлі формулалаларды қайталау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар...
Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару

Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Есқалиева Гүлнұр Бақытбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету