Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жаттығу жұмыстары. 6 сынып қазақ тілі

Қазақ тілі. Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты: Басқа ұлт балаларына қазақ тілінен білім беру.

1) Білімділік: Өткен сабақта алған білімдерін қорытындылау. Өткен сабақтарында алған білімдерін тексеру. Сөздік қорларын молайту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын байыту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын құрметтей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер, карточкалар, тірек схемалар.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
ҚР - ның әнұраны.
Сыныптағы оқушыларды түгелдеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.Тіл дамыту сәтін өткізу.
Өткен сабақты пысықтау: 1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.38 - бет, 4 - тапсырма. Өлеңді жаттау. Ережелерді жатқа сұрау.
№2 дәптерлерін тарату, №1 дәптерлерін жинап алу.

Сөздіктерге мысалдар келтіру. Мысалдар келтіргенде сөйлемдегі сөздің орын тәртібін дұрыс қою.

«Күз» суретімен жұмыс.
Сұрақ - жауап арқылы өткен сабақты қорыту.
Күзде ауа - райы қандай болады?
Күз айларын ата?
Күзде оқушылар қайда барады?
Күзді әңгімелеу.
Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
Толықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

Пысықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
Анықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

III. Жаңа сабақты қалыптастыру:
- Балалар, біз сендермен бүгін осы сабаққа дейін өткен тақырыптар бойынша алған білімдерімізді тексереміз. Өткен сабақтарды қалай түсінгендерінді көрсетесіңдер. Түсінбеген жерлеріңді сұрап, бір - бірімізге түсіндіреміз. Ауызша сұрақтарға жауап беру. Тақтамен жұмыс жүргізу. Сұрақ - жауап әдісін қолдану.

Тапсырмалар:
Мына сөздердің аудармасын жаз:
Группой, кипящий, заметить, долг, безостановочно, покой, в основном, быть побитым, ворота, сила, ряд, нежный, пешком, клумба, стыдиться, разведать обстановку, безмолвно, светиться.

Сөздерді тәуелде:
Гүлім, күнделік, өрік, кітап, домбыра, сынып, мұғалім.
Сұрақтарға жауап бер:
Сөз дегеніміз не?
Толықтауыштың сұрақтарын айт?
Дауысты дыбыстардың жіктелуін айт?
Пысықтауыштың сұрақтарын айт?
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше буын бар? Оларды ата?
Мына сөздерге сөйлем құра:
Күз, үздіксіз, іс, мінезі жұмсақ, оқу озаты, мінезі шапшаң, аялдама, бос, кішіпейіл, жағажай, құм, түгел, жаңалық.

Сөйлемдерді дұрыс құра:
Доп Алимамен ойнадым мен, Жатыр қар жауып далада, Ұшып құстар кетеді жаққа жылы, Қазақ тілі мен бес алдым сабағынан.
Сөздерге фонетикалық талдау жасау:
Сабақ, домбыра, егін, астық, құстар, жылы, қанағат, досым, Бейбіт, аспан.
Мына сөздерді септе:
Күнделік, ұршық, әпке, ана.

Жаңа сабақты бекіту:
Оқушылар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді дәптерлеріне жазыңдар. Қазір дәптерге өздерің жіктік жалғауына және төрт сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

- Содан соң дәптерлеріңді маған жинап беріңдер.

Сабақты қорыту:
- Оқушылар, өткен тақырыптарды, грамматикалық тақырыптарды түсінбеген оқушы болса сұрақ қойсың, сұраққа жауап беремін.
Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру. Жаңа сөздерді қайталату, сұрақтар қою. Түсінбеген жерлерін түсіндіру.

- Өте, жақсы. Сұрақтарын жоқ болса, үй жұмысын күнделіктеріне жазып алыңдар.
Үй тапсырмасын беру: Сөздікті, ережелерді қайталау.

VII. Бағалау: Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Зат есімнің жіктелуі

Зат есімнің жіктелуі

Жіктік жалғауларды түсіндіру. Сөздердің жіктелу үлгісімен таныстыра отырып, мысалдар келтіру арқылы жаңа тақырыпты пысықтау. Жіктік жалғауының...
Нәтиже сабақ

Нәтиже сабақ

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың берілген тақырып бойынша алған білімдерін пысықтап қорыту. Өз беттерінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру....
Достық

Достық

Мақсаты: 1. Оқушыларға достық тақырыбын түсіндіру, достарға байланысты сөздерді оқыту, суреттердің аттарын айтқызу, сергіту сәтін үйрету; 2. Суретпен...
Тіл дамыту жұмыстары

Тіл дамыту жұмыстары

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы № 4 Хромтау орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні. Септік жалғаулары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні. Септік жалғаулары

Павлодар қаласы, "№ 8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені" ММ бастауыш сынып мұғалімі: Смаилова Ә. Ә....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету