Сайтқа кіру Тіркелу

І.Жансүгіров. «Көктемде». М.Хакімжанова «Көктем жыры»

Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров. «Көктемде». М. Хакімжанова «Көктем жыры»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктем мезгілі туралы тереңірек білім беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Мәнерлеп оқу арқылы өлеңнің мазмұнын ашу.
2. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, дүниетанымын кеңейтеді, сөздік қорын молайтады және өз пікірін ашық айта білуге, еркін қорғауға жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісін дамыту.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауыз-біршілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Өткенге оралу», «кезекпен қайталау», «5жолды өлең», сұрақ-жауап, топтық жұмыс, «мағынаны тану» сатысы, талдау, өз пікірін ортаға салу, тіл дамыту, жазу жұмысы, «Ой-толғаныс» сатысы, «Бір-бірімен пікір бөлісу, талқылау» әдісі, «мен саған, сен маған әдісі.
Оқыту технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың типі: дамыта оқыту.
Жабдықтар: Автор туралы дерек, «Құстарға қамқорлық»
Пәнаралық байланыс: дүниетану, саз, экология, бейнелеу.
Ақпараттық құралдар: мультимедия.

Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
а) психологиялық дайындық
ә) бағалау деңгейін түсіндіріп өту.
1. «Өтілгенді пысықтау».
«Өткенге оралу» әдісі.
Пікір - алмасу.
1. Балалар сендер қандай демалыстан келдіңдер?-Көктемгі демалыстан
2. Ендеше қазір қандай мезгіл екен?-Көктем
3. Көктем бізге неше ай қонақтайды?-3ай
4. Көктем айларын ата. Наурыз, сәуір. мамыр.
5. Көктемнің алғашқы гүлін ата?-бәйшешек
6. Көктемнің алғашқы құстарын ата. -Ұзақ қарға, қарлығаш кейін т. б. құстар ұшып келеді.
7. Осы құстардың пайдасы бар ма?-Орман ағаштарының өсуіне, адамдардың егіндерінің өсуіне көмектеседі. Ондағы зиянкестерді жояды.
8. Оқушылар ендеше құстарға қамқорлақ жасайық. Құстарды жақсы көріп, қамқорлық жасаған оқушы бойында жақсы қасиет, білімге толы болады. Енді жылы жақтан ұшып келе жатқан құстарымызды қарсы ала отырып, өтілген материалдардан білімдеріңізді сынаймыз.
а) «Бүгінгі білімім- ертеңгі байлығым». (7минут)
Сұрақ. 1. «Ағаштар неге ашуланды?»шығармасының авторы кім?туған жылы, шығармаларын ата.
2. «Ағаштар неге ашуланды?»шығармасындағы кейіпкерді ата. Ол туралы не айта аласың.
3. Монолог, диалог дегеніміз не?
4. Біз мал баққан елміз.............(жалғастыр)
5. Бақ, байлық, бала дегеніміз не?Оған кім жауа береді?
6. Кейіптеу дегеніміз не? Өтілген қай өлеңді айтуға болады?мысал (жатқа авторымен бірге. )
7. Теңеу дегеніміз не?Мысал келтір, авторымен
ә) «Бір-бірімен пікір бөлісу, талқылау» әдісі
Топтық жұмыс. (5минут)
I топ : Көктем туралы өлең құрастыр, жаттаған тақпақтарын айту.
II топ: Көктем дегенде көз алдыңа не елестейді?суретін салу.
III топ: Көктемгі өзгерістерді ақ парақ қағазға түсіндіру. Әр оқушы өз ойын білдіреді де, кейінгі оқушыға береді.
1. Әр топ өз жұмыстарын қорғау. 1оқушы шығып айтып беру.
2. Ортақ пікірге келейік, осы не туралы айтып жатырмыз.
3. «Көктем туралы»
II. «Мағынаны тану» сатысы.
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
1. І. Жансүгіров. «Көктемде». М. Хакімжанова «Көктем жыры».
2. Автор туралы қысқаша нақты дерек беру. (мультимедиядан) Автордың аты-жөні-Мариям Хакімжанова, Ілияс Жансүгіров
Туған жері, туған жылы-.................
Шығармалары-................................
3. Өлеңмен жұмыс.
а) «Көктемде» өлеңін мұғалімнің оқуы.
ә)түсіндіру.
б) тіл дамыту. (сөздік қорын дамыту)
шымайт-шымды жер
құмайт- құмды жер
в) «Көктем жыры» өлеңі
г)түсінік беру.
4. «Кезекпен қайталау» әдісі.
Оқулықпен жұмыс.
а) Іштей оқу.
ә) Дауыстап, мәнерлеп оқу.
5. Білімді жүйелеу.
«Мен саған- сен маған» әдісі.
Сұрақ. а)Екі өлеңде де не туралы айтылған?
ә)Осы екі өлеңде де адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстары кездесе ме?Кейіптеу дегеніміз не?
б) «Малшылар өрісінен қозы терсе» қай өлеңде айтылған?Қалай түсінесіңдер.
в) Өзеннің тасуы қай өлеңде айтылады?Ақын қалай көрсеткен?
г)Көктемде көл беті қалай өзгереді?
ғ) Осы өлеңдерден ақындардың шеберлігін неден байқауға болады?
д) Осы өлеңдермен таныса отырып сендерге қандай көңіл күй туғызды?
6. Жазу жұмысы
Шығармашылық тапсырма
I топ: Адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын мына үлгі бойынша жазу.
Қайтеді?
Көктем басталады, гүлге бөлейді, күнін себеді.
Өзен..........................
Құстар........................
Мал............................
II топ : Топтап жазу.
Күн жылынады,...........
III топ: Өлең құрастыру.
Жарқылдайды-.........
Қаңқылдайды-..........
Жасылданды............
Қаптады құстар........
7. Сергіту сәті
Ә. Бейсеуов «Шақырады көктем» хормен айту.

III. «Ой-толғаныс» сатысы .
Сабақты қорыту.
а) «5жолды өлең» әдісі.
«Көктем»
1. Не? Көктем
2. Қандай? Көрікті, жасыл
3. Не істеді? Басталды, жылынды, жаңарды
4. Сөйлем - Көктемде барлық тіршілік иелері оянады.
5. Мағыналы сөз..........Мезгіл.
IV. Үйге тапсырма
Қалаған өлеңдерін жаттау. Мәнерлеп оқу, «Ормандағы көктем» тақырыбында шығарма жазу.

V. Бағалау.
Оқушылардың білім деңгейін саралау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×