Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Интернет және оның пайдасы мен зияны

Тақырыбы: Интернет және оның пайдасы мен зияны
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, бір - бірін тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сыни тұрғысынан ойлау, Тви шоу
Өту барысы
1. Шаттық шеңбері(3 мин)
2. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу (3 мин)
3. Қызығушылық ояту (6 мин)
видео - ролик көрсету
3. Мағынаны тану
а) Топтық жұмыс (постер қорғау) (10 мин)
ә) топтық жұмыс (Тви шоу, радио бағдарлама, көрініс)( 18 мин)
4. Ой толғаныс(3 мин)
«Алтын қағида» әдісі арқылы
5. Кері байланыс(2 мин)
Қылауша, күннің көзі арқылы
Шаттық шеңбері.
- Оқушылар айналып шеңберге тұрамыз. Сіздер бір - бірлеріңізді 7 жыл бойы жақсы танып білдіңіздер. Ендеше, бүгінгі шаттық шеңберіміз «Менің көршім қандай адам?» деп аталады. Шеңберде қастарыңызда тұрған көршілеріңіздің бойындағы қасиеттерін айтасыздар.
Топқа бөлу
Оқушыларға әр тақырыпқа қатысты сөздер жазылған кішкене парақшалар беріледі. Сол парақшада берілген сөз арқылы 3 топқа бөлінеміз. Бұл жерде топқа бөлінген кезде оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауға мүмкіндік туады. Топқа бөлу тақырыппен тығыз байланысты алынған.
І топ: желі, электронды почта, хаттар, смайликтер, модем, агент
ІІ топ: тез хабар алу, ақпарат көзі, байланыс түрі, қажеттілікті толығымен қанағаттандыру, әлем жаңалықтары, қашықтан оқу, қызмет түрлері
ІІІ топ: ультра - күлгін сәулесі, денсаулыққа зиян, сананы улау, тәуелділік, адамның психикасы, онлайн ойындар.
Осы сөздерді оқушыларға таратып, сол бойынша 3 топқа бөлінеді.
Үш топ өз араларынан топ басшысын тағайындайды және топ ережелерін құрастырады.
Үлгі: Топ ережелері: 1. Тыңдау мәдениетін қалыптастыру
2. Уақытты үнемдеу
3. Топта ұйымшылдықпен жұмыстану
4. Тапсырма орындау барысында белсенділік таныту
5. Өз пікірлерін ашық айта білу
Қызығушылық ояту Интернет туралы жалпы мәлімет ретінде видео - ролик көрсетіп, тыңдатып алып, топпен жұмысқа көшемін.
Мағынаны тану
І топқа: Интернет туралы түсіндіріп өту. (постермен жұмыс)
Ол үшін төменде берілген ресурстарды І топ оқушылары пайдалана отырып постермен жұмыстанады.
Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді.
ІІ топқа: Интернеттің пайдасын түсіндіру (постермен жұмыс)
Ол үшін төменде берілген ресурстарды ІІ топ оқушылары пайдалана отырып постермен жұмыстанады.
Интернеттің жеке - дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана - сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;
- «Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп - біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес... (материалдарды және моральді жағынан болсын).
Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьютерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 - 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60 - 70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан - жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе - көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші. Асыл тастан, өнер жастан - демекші, осылай жас - ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен бар керек мағлұматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет, оның пайдасы өте зор.!
ІІІ топқа: Интернеттің зиянын түсіндіру(постермен жұмыс)
Ол үшін төменде берілген ресурстарды ІІІ топ оқушылары пайдалана отырып постермен жұмыстанады.
Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық - коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл - қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу - баланың айналасындағы адамдармен бетпе - бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра - күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы - ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы
Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды - таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние
Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс - шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық - деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасымен қатар зияны да баршылық.
Топтардың постермен жұмыстарын бағалау.
І топ оқушылары ІІ топ оқушыларының жұмысын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы (формативті бағалау) бағалайды.
ІІ топ оқушылары ІІІ топ оқушыларының жұмысын төмендегі бағалау парағын пайдаланып отырып 3 балдық жүйемен бағалайды.
ІІІ топ оқушылары І топ оқушыларының жұмысын бармақ әдісі арқылы бағалайды және өз ойларын айтып өтеді.
Барлық топтарға ортақ тапсырма: «Интернет және оның пайдасы мен зияны» тақырыбында
І топ: Тви шоу арқылы көрсету.
ІІ топ: Радио бағдарлама арқылы көрсету
ІІІ топ: Көрініс арқылы көрсету (өмірмен байланыстырып)
Топ жұмыстарын бағалау
Әр топ мүшесі өзіңе ұнаған топтың жұмысын бағалау үшін (Тви шоу, радио бағдарлама, көрініс) сол топтың қоржынына стикерлер апарып жапсырады.
Ой толғаныс.
«Алтын қағида» әдісі арқылы бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысты бір фактіден айтып шығу.
Үлгісі: Сен есіңе сақтап ал! Интернет әлемдік жаһандануға негіз береді. Осы үлгіде әр оқушы бір фактіден келтіріп өтуі тиіс. Осы арқылы оқушының бүгінгі тәрбие сағатынан не үйренді, не біліп кетті осыларды аңғаруымызға болады.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Интернеттің пайдасы мен зияны (дебат сабақ)

Интернеттің пайдасы мен зияны (дебат сабақ)

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білімгерлердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір...
Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің Информатика пәні мұғалімі Абезова Алия Өмірбекқызы...
Интернет туралы мәлімет

Интернет туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана...
Балалар және интернет

Балалар және интернет

Балалар және интернет Сабақтың тақырыбы: «Балалар және интернет » Сабақтың түрі: дебат (пікір-талас) Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек...
Интернеттің пайдасы мен зияны (пікір - талас)

Интернеттің пайдасы мен зияны (пікір - талас)

Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету