Сайтқа кіру Тіркелу

Халық поэзиясының алыбы Д. Жамбылова «Жәкем»

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:
Сынып: 3 Мектеп:
Мұғалімнің аты - жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Халық поэзиясының алыбы. Д. Жамбылова «Жәкем»
Оқу мақсаты: 3. 2. 1. 2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;
3. 2. 7. 1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді, мәтіннен көркемдеуіш сөздерді табады;
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты таба алады, мәтіннен көркемдеуіш сөздерді анықтайды;
Кейбір оқушылар: шығармадағы қажетті ақпаратты тауып, теңеу, эиптет сөздерді сөйлеу барысында қолданады.
Бағалау критерийлері  мәтінді түсініп оқиды;
 мәтін мазмұнын айта алады;
 мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
 теңеу, эпитет сөздерді анықтайды;
 сөйлеу барысында қолданады.

Тірек сөздер Оқушылар:
Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіннен қажетті ақпаратты табады. Шығармадағы әдеби көркемдегіш сөздерді мұғалім көмегімен табады және сөйлеу барысында қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Кешкілік, Жамбыл атам, естелік, қара қыз.
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Жамбыл ата мейірімді себебі ол бізді....
Құндылықтарды дарыту Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Үлкенді сыйлау, құрметтеу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу
Пәнаралық байланыстар Естеліктен теңеу сөздерді тауып жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта, https://www. youtube. com/watch? v=ALdzd02ZO3I

Алдыңғы білімді игерулері Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі. Мәтін мазмұнын айта алады, мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
0 - 4 минут Ширату тапсырмасы.
Кімнің мейірімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен құрастыру арқылы 5 - топқа бірігеді.

Күлімдеген күн мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
І топ. Күлімдеген күн
ІІ топ. Аяулы ана
ІІІ топ. Қадірлі әке
ІҮ топ. Әлпештеген әже
Ү топ. Еркелеткен ата
Құрастырған сөйлемдеріндегі мейірімді жандар туралы әңгімелейді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Қима сөздер, интербелсенді тақта. Қосымша 1, 2
Слайд 1, 2, 3
Сабақтың ортасы
5 - 9 минут
10 - 24 минут
25 - 29 минут
30 - 37 минут

1 - 1 - тапсырма
(МК, Ө) «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша «Естелік» дегенде ойларыңа не келеді? Оқушы ойын тыңдау.
Үлгі: бір затты сыйлау, бірге түскен суреттер, бір жанмен кездескендегіні еске алуы т. б.
Қосымша: Естелік – өмірде шынайы болған атақты тұлғалар мен оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың баяндап беруі.
Ендеше бүгін Ділдәхан апамыздың өз атасы Жамбылмен болған оқиғадан естелігімен танысамыз.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін - бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
2 - тапсырма
(Ө, Т, МК) «Түртіп алу» әдісіне сүйеніп мәтінді түсініп оқиды. «Шәкірт балаларға» өлеңін оқу барысында теңеу сөздерді мұғалім немесе қабілетті оқушылар көмегімен түртіп отырады және дәптерге жазады. Мәтіннен қажетті ақпаратты табады.
Дәптермен жұмыс:
Теңеу сөздер: мәуелі бәйшешек, ұялы бір бәйтерек, гүлдей жайнаған
«Бірге ойлаймыз» әдісімен «Естелікті жазған кім? Ол кімді еске алды?» сұрақтарына жауап береді.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін - бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
 мәтінді түсініп оқиды;
 мәтін мазмұнын айта алады;
 мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
 теңеу сөздерді теріп жазады.
3 - тапсырма
(ЖЖ, ОТ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен Жамбыл Жабаев туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)
1. Ол кім?
2. Қайда туған?
3. Қандай қызмет атқарған?
4. Қандай шығармаларын білесің?
5. Бірнеше шығармаларын атап бер
6. «Ленинградтық өренім» өлеңі таныс па?
Қосымша:
Жамбыл Жабаев (1846 - 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.
4 - тапсырма
(ОТ, МК, Ұ) «Фотогалереяны шарлау» стратегиясы арқылы қабырғада ілінген суреттер арасынан өлеңдегі теңеу сөздерге сай келетін суреттерді табады, өлең жолынан тауып оқиды, түсіндіреді.
«Жас ақын Жамбыл мен Құлманбет айтысы» алдын ала дайындалған үзіндіні көрсету.(2 мин)
«Айрықша тапсырма» әдісімен қабілетті оқушылардан сөздерді қолдана отырып айтыс ұйымдастыру.
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

Оқулықтың 54 - бетіндегі ереже, интербелсенді тақта,
Слайд 4
Слайд 5, 6
Оқулықтың 53 - 55 - беттері, интербелсенді тақта, түсті қарындаш.

Жамбыл суреті, пікірлер ағашы суреті, маркер, қосымша 3
Слайд 7

Слайд 8
Түрлі қима суреттер (бәйшешек, бәйтерек суреті )
Қосымша 4
https://www. youtube. com/watch? v=ALdzd02ZO3I

Сабақтың соңы
38 - 40 минут
Кері байланыс: «Үш минуттық кідіріс» әдісі
Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.
Мен …………. туралы көп білдім.
Мені …… таң қалдырды.
Мен … сездім.
Мен………… басқаша қарайтын болдым. Слайд 9
Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзгертіп отыруы қажет.
Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
2, 3, 4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Түртіп алу», «Миға шабуыл», «Пікірлер ағашы» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.
«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Галереяны шарлау» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.
Өзін – өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Отшашу», «Смайлик» әдісі

Дескриптор:

 мәтінді түсініп оқиды;
 мәтін мазмұнын айта алады;
 мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
 теңеу сөздерді теріп жазады. Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарлар әлемі. қазақ тілі 5-сынып

Жануарлар әлемі. қазақ тілі 5-сынып

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 1. 4. 1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау....
Сулы жер – нулы жер

Сулы жер – нулы жер

6. Т/А. 3. 1. Тыңдалған мәтін мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау. 6. Ж. 3. 1. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік...
Ақпаратты шифрлеу

Ақпаратты шифрлеу

Сабақтың мақсаты - Мәтіндік ақпараттың кодтау және декодтаудың жолдарын түсіну және қолдану. - мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау әдістерін...
Мәдениет пен тіл

Мәдениет пен тіл

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты...
Алтын адам

Алтын адам

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық түрлерін...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×