Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Зат есім, 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: Сөз таптары, соның ішінде зат есімдер туралы ұғым беру, зат есімнің сұрақтарын меңгерту, сөйлемдерден
сұрақ қою арқылы зат есімдерді табуға үйрету.
Білімдерін, сауаттылықтарын, сөздік қорларын дамыту.
Ұқыптылыққа, әдептілікке, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: ойын сабақ
Типі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, қызығушылығын ояту, топтастыру, талдау, топтық жұмыс, семантикалық карта, өзіндік бағалау.
Көрнекілігі: мысалдар жазылған карточкалар, суреттер, түрлі - түсті жұлдызшалар, семантикалық карточкалар, плакат.
Барысы: І. Ұйымдастыру.
- Амандасу.
- Түгендеу.
- Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқыту, талдау, сұрақ - жауап арқылы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ: Түрлі - түсті шариктер таңдау арқылы топқа бөліну, сол түстер бойынша отырғызу.
1. Қызығушылығын ояту. «Тез есепте!» ойыны.
Мақсаты: Оқушыларға мысал жазылған карточкалар беріледі, дұрыс жауабын тапса, әріптер шығады, сол әріптер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
8*5 6*0 9*5 80*2 60*3 20*5 30*3 Зат есім
2. Мағынаны тану: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісінде тапсырмалар орындау.
- Мақта қыздың қатығын тауып беру үшін неге көмектесеміз? - Мысыққа.
1 - тапсырма.
Сиырдың тапсырмасы: бірнеше сөздер тобын беру.
Жаңбыр, шегіртке, шыбын, тасқын, сатушы, шелек, мұғалім, қоңыз, кесе,
бұршақ, жүргізуші, боран, ара, есепші, найзағай, тәрелке.
1 - топ. Табиғат құбылыстары атауларын теріп жаз.
2 - топ. Мамандық атауларын жазады.
3 - топ. Жәндік атауларын жазады.
4 - топ. Ыдыс - аяқ атауларын жазады.
Сұраққа жауап берген оқушы жұлдызша алады.
2 - тапсырма.
Ағаштың тапсырмасы: Ережені өздеріне қорытындылап шығарту.
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. (4 топтан сұрау)
Яғни адамның аты - жөні, мамандық атауларына, атақ - дәрежеге қатысты сөздер, туыстық атауларға кім? кімдер? деген сұрақтар қойылады.
Құстар, аңдар, төлдер, жемістер, заттар мен құбылыстарға не? Нелер? деген сұрақтар қойылады.
ІV. Оқулықпен жұмыс:
3 - тапсырма.
Қыздардың тапсырмасы: 1 - жаттығу. Суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың?
1 - топ. 1 - сурет. - Бұл не? – Қарлығаш (СКТ тех. Дыб. талдау жаса.)
2 - топ. 2 - сурет. Сауысқан (Мат. талдау жаса.)
3 - топ. 3 - сурет. Қарға ( Фонол. талдау жаса.)
4 - топ. Кім? сұрағына қандай сөздер жауап болады? (Бір сөзді сөз құрамына талда.)
4 - тапсырма.
Дүкеншінің тапсырмасы:
4 - тапсырма. Сөйлем мүшелеріне талда.
1) Лаура кітапханаға келді.
2) Ауылдан атам келді.
3) Жүннен жіп иірді.
4) Балықшылар көлге жақындады.
V. Сергіту жаттығуы. Мұқағалидың жанды дауысын электронды оқулықтан тыңдату. Кімнің дауысы екенін тапқызып, оқушыларға Мұқағали өлеңдерінен мәнерлеп үзінді оқыту.
5 - тапсырма.
Тауықтың тапсырмасы: 4 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз.
Дәптермен жұмыс:
1 - топ. Төрт түлік: сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе.
2 - топ. Аңдар: арыстан, түлкі, қасқыр, қоян.
3 - топ. Құстар: қарлығаш, қара торғай, бұлбұл, сауысқан.
4 - топ. Отбасы мүшелері: ата, апа, әке, ана, бала, қыз.
5 - жаттығу. Оқы, әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай атауға болатынын айт. Сөздерге сұрақ қой.
1 - топ. Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі - төрт түлік.
2 - топ. Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған - ыдыстар.
3 - топ. Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз - көкөністер.
4 - топ. Венн диаграммасы бойынша 1 - ші және 3 - ші қатардағы сөздерді салыстырамыз.
Ұқсастығы: Екеуі де тірі ағза, қоректенеді, өседі, өледі, жарық, жылу сүйеді. Айырмашылығы: Төрт түлік – жануарларға жатады, көкөністер - өсімдіктерге жатады.
VІ. Сабақты бекіту:
6 - тапсырма.
Тышқанның тапсырмасы: семантикалық картаны толтыру.
Сөздер Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
Көйлек +
Оқыды +
Бесінші +
Суық +
VІІ. Қорытынды. «Бәйге» ойыны бойынша ұяшықтағы сұрақтарға ауызша жауап алу.
VІІІ. Үйге тапсырма: 6 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдердің үстіне з. е. деп белгіле. Мәтінде қай сөз көп? Кім? не? Таразымен өлшеу.
ІХ. Бағалау: Алынған жұлдызшалар бойынша бағаларын айту.

Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Сарыжаз орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мақсұтбай Индира Ерсанқызы
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, туған жер, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету