Сайтқа кіру Тіркелу

Менің мектепке барар жолым. О дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты:
О дыбысы және әрпімен танысады, о дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келетінін біледі, таңбасын салуды үйренеді. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір - бірімен дұрыс байланыстыру және оларды каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігі қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:
Дыбыстарды ажыратады, сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасайды.
Мәтінге қатысты пікірін айтады және себебін түсіндіреді.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийлері
Мәтінге қатысты пікірлер айтады.
Өз көзқарасын білдіреді.

Пәнаралық байланыс
Математика - буын, дыбыс санын анықтау кезінде.
Дене шынықтыру - оқушылардың гигиеналық талаптарға сай отыруы, сергіту сәті.

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта - Жол жүру ережесі туралы суреттер.
Аудиотаспа - тыңдалым кезінде, «Мектебім», «Көңілді күн» әндері.

Бастапқы білім
Өзім туралы, Менің мектебім, сөз, дыбыс, буын, дауысты, дауыссыз дыбыстар, талдау.
Сабақтың барысы
Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет Ресурстар

1) Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
«Мектебім» әнін тыңдау. Сұрақтар қою.
- Балалар сендерге өлең ұнады ма?
- Өлең не туралы?
- Сендер мектепке не үшін келесіңдер?
2) Сабақ мақсатын анықтау.
Ал, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
«Оюда» бармын,
«Түнде» жоқпын
«Допта» бармын,
«Кітапта» жоқпын.
- Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
Диалог
- Балалар, бүгінгі сабақта біз қандай әріппен танысуымыз мүмкін?
- Құрамында о дыбысы бар қандай сөздерді білеміз?
- О әрпі неге ұқсайды?
3) Нәтижеге бағыттау
Сабақ барысында толық жауап бергендерге - қызыл доп.
Жартылай жауап бергендерге - жасыл доп.
Шамалы жауап бергендерге - сары доп.

Аудиотаспа
«Мектебім»әні

Қызыл, жасыл, сары доптар

(МТ). 1. О дыбысының айтылу процесімен таныстыру, артикуляциясын байқату.
Артикуляция.
Аузымызды дөңгелетіп о дыбысын айтамыз.

О дауысты дыбыс екенін айту (қызыл түспен белгілеу).
О әрпінің баспа және жазба түрлерін көрсету.

2. Оқулықпен жұмыс.
(МК). Тыңдалым. Аудиотаспадан мәтінді тыңдайды.
Арал мен Орал доп ойнады. Олар ойынның қызығына түсіп, жолға жығып кеткендерін байқамай қалды.
Көлік жүргізушілердің бірі: - Жолда ойнамаңдар! Жолда ойнау – адам өміріне қауіпті, - деді.
Олар қателерін түсініп, көлік жүргізушілерден кешірім сұрады.

(Т). Қызыл, сары, жасыл алмалар арқылы топтарға бөлу.
Мәтін астындағы сұрақтарға топтасып жауап беру.
- Балалар кешірім сұрау үшін қандай сөздер қолданады?
- Оралдың мұндай іс - әрекеттеріне қалай қарайсыңдар?
- Жолды өткенде ненің ережесіне бағынуымыз керек?
Ойын: «Жүргізуші мен жолаушы».
Әр топтан бір оқушыдан шығады. Бір оқушы көлік жүргізушісі, екіншісі оқушы баланың рөлінде, үшінші бала бағдаршам рөлінде. Оқушылардың сұхбатқа түсуін ұйымдастыру.
Мысалы: - Жолда ойнамаңдар! Жолда ойнау адам өміріне қауіпті.
- Кешіріңіз! Бұдан кейін жолда ойнамаймын.
“ Қол белгісі” әдісі арқылы топтық жұмыстарын бағалау.

3.(Ұ). Оқылым. О дыбысы бар сөздерді хормен - буындап, тұтас оқу; тізбектей, жекелей оқу.
Дыбыстық талдау - жинақтау әдісі арқылы жаңа сөздерге талдау жүргізеді. Сөйлемдер құрастырады.

4. (Ж). «Іздену» тәсілі. Тапсырма: Оқушылар жұптарымен сызбаға сәйкес сөйлем құрастырады. Әншілер, бишілер сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасайды.

5. (Ө; Қ).
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Айдар бірінші сыныпта оқиды. Оның Мойнақ деген күшігі бар. Ол күнде Айдарға ілесіп, мектепке барады. Айдар сабақтан шыққанша есіктің алдында күтіп отырады.
Бір күні Айдар Мойнаққа өзінің сөмкесін беріп қойды. Мойнақ сөмкені тістепалып, Айдарға ілесіп келе жатқан. Кенет жолдың шетінде жатқан сүйекті байқап
қалды. Ол сөмкені тастай салып, сүйекке жармасты. Айдар бұған таңдана қарады.
•Мәтін кім/не не туралы?
•Мәтіннің қай бөлігінде күлкіңіз келді?
•Мәтін сізге ұнады ма, ұнамады ма? Неліктен?
Бағалау критерийі Дескриптор
Мәтінге қатысты пікірін айтады Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
Өз көзқарасын білдіреді Мәтінге қатысты пікірін айтады және себебін түсіндіреді.

Сергіту сәті. «Көңілді күн».

6) Дәптермен жұмыс.
(Ө). Жазылым.
Жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды сақтауды ескерту.
Оо әрпін жазу. Бас әріп пен кіші әріпті бір - бірімен байланыстыру.

(Ж). Суреттердің астындағы сөздердің түсіп қалған әріптерін қою.

7. Ө.
Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға:
Тапсырма. Тиісті әріпті қой.
Ш.. ртан, т.. ған, т.. рғай.
Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға:
Тапсырма: Дыбыстық талдау жаса
Орман, он, шопан
Аз қолдауды қажет ететін оқушылар:
О дыбысы кездесетін бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді жаз.

Қызыл дөңгелекше
Кеспе әріптер
Аудиотаспа
сары, қызыл, жасыл алмалар
Бағдаршамның суреті
Оқулықтың 43 беті

«Көңілді күн» әні
Дәптер (14бет)

Үлестірмелі парақшалар

1. Рефлексия. «Ыстық орындық». Оқушылар орындыққа отырған оқушыға сұрақтар қояды.
– Оо дыбысы қандай дыбыстар қатарына жатады?
- Қай сөздерде О дыбысы кездеседі?
- О дыбысынан басталатын сөздерді ата

2. «Бір минут» кері байланысы.
Оқушылар жұптарға бөлініп бір - біріне қарама – қарсы тұрады. Оң жақта тұрған оқушылар 1 минут ішінде О дыбысынан басталатын 10 сөз айтып өз жұптасына адымдап жақындай береді. Жұптасы оған кері байланыс береді.
3. Бағалау. Сабақ барысында жиналған доп санымен оқушыларды бағалау. Мұғалім кері байланыс береді.

Орындық
Доптар
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп шеберханасына саяхат. Р дыбысы мен әрпі

Мектеп шеберханасына саяхат. Р дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке...
Ж ж дыбысы мен әрпі

Ж ж дыбысы мен әрпі

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты: 1. 2. 9. 1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1. 2. 1. 2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі...
Ц дыбысы мен әрпі

Ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. Ц ц дыбысы мен әрпін танытып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп...
Ё ё дыбысы мен әрпі

Ё ё дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ё дыбысы мен әрпін меңгерту. Ё ё дыбысы бар сөздерді дұрыс айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету...
З дыбысы мен әрпі (1 сынып)

З дыбысы мен әрпі (1 сынып)

З дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, дауыссыз дыбыс екенін меңгерту. З әрпінің баспа, жазба түрінің бас әрпін, кіші әрпін...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×