Сайтқа кіру Тіркелу

Етістік

Кубизм стратегиясы:
Оқушыларға куб лақтырылады. Ол кубтың беттерінде сұрақтармен тапсырмалары бар.
А - етістік дегеніміз не?
В - етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
С - етістіктерге мысал келтір
Д - оқыды сөзін қатыстырып сөйлем құра
Е - жануарлардың дауысын келтір
К - табиғаттағы дауыстарды келтір

«Тез ойла, сөз ойла» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтап, жаңа сабаққа дайындық жасау.
Не? ------------------ Кім?
... қоздайды... емдейді
... құлындайды... оқытады
... лақтайды... ұшады
... боталайды... тігеді
... бұзаулайды... жазады
- Балалар, біз қандай сұраққа жауап беретін сөз таптық?
- Кім? Не? сұрағы кімдерге байланысты қойылады?
- Ол қай сөз табы?
- Зат есімнің ережесін сұрап, мысал келтіру

Қызықты грамматика.
«Бір сөзбен атаңдар» ойыны. Жалпы сынып ұжым бірігіп орындайды.
Төбе шашы тік тұрды (қорықты)

Жүрек жұтқан адам (батыл)
Бетінен оты шықты (ұялу)
Ит өлген жер (алыста)
Тас бауыр (мейірімсіз)
Жер соғып қалу (өкіну)
Тілінен бал тамды (шешен)

Жалпы мақсаттар
Білімділік: Етістік заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретіні туралы түсініктерін қалыптастыру үшін сөйлемдерге сұрақ қоя отырып, етістіктерді таба білуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылар сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту. Өз ойларын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, өзіндік

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×