Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ғарышқа жол ашу

Пәннің аты: Дүниетану
Тақырыбы Ғарышқа жол ашу
Жалпы мақсаты:
Күтілетін нәтижелер:
Білімділігі: Ғарышты игеру деген ұғымымен танысу. ҚР ғарышкерлерімен, Байқоңыр айлағымен таныстыру. Оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген қызығушылықтарын ояту.
Дамытушылығы: танымдылық ойлауларын, шығармашылықпен ойлауды, қызығушылықтарын дамыту. Бақылай білу, талдау, қортынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: денсаулығы мықты, ақылды, білімді балаларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі Аралас, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Керекті жабдықтар Дүниетану оқулығы, суреттер, үлестірмелер, интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, т. б.
Топқа бөлу Жұмбақтың шешімі арқылы топқа бөлу
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Топтарға бөліну
Негізгі бөлім
Сергіту сәті Ғалымдардың ғалымы,
Ғарыш әлемі жайында.
Айналады ел бір сенен,
Есіміңді білсе әлем.
Ғарышқа ұшқан қазақтың,
Ұландарына бір сәлем!
Жұмбақ жасыру
Жылт - жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге
(Жұлдыз)
2. Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұр таратқан (Күн)
3. Орақ болып туады,
Табақ болып тынады (Ай)
4. Алып кілем –
Гүлге толы
Үсті кілең (Жер)
Топқа бөлу. Топта жұмыс жасауға дағдыландыру үшін оқушыларды топтастырамын. Топ басшысымен спикер сайлау.
І. Үй тапсырмасын тексеру.
Планеталардың суретін таңдап, сұрақтарға жауап береді.
1. Күн жүйесінің ғаламшарларын кімдер зерттейді?(Астрономдар)
2. Күнді неше ғаламшар айналып жүр? (8)
3. Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар. (Юпитер)
4. Жерді қоршаған бүкіл дүниені не деп атаймыз?
(әлем немесе ғарыш деп атаймыз)
5. Жұлдыз деген не? (аспан денелері)
6. Жұлдыздар неге жарқырайды? (олар аспан денелері, күнде жұлдыз)
7. Жерге ең жақын жұлдыз? (күн)
8. Күн жүйесіндегі ғаламшарларды атап бер?
(Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Жаңа тақырып бойынша видео ұсынылады.
Оқулықпен жұмыс. Сиқырлы таяқша әдісі бойынша мәтінді оқушылар оқып шығады.
Топтық тапсырмалар
1 топ - Ғарыш туралы постер қорғау.
2 топ – 5 жол өлең.
3 топ – Ғарыш туралы шағын эссе жазу.
4 топ - Ғарышкерлер жайлы мәлімет.
«Молекула» ойыны Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Жазылған жұмбақтар
Жұмбақ шешуінің суреттері
Атау арқылы топтарға бөлінеді.
Әр топтан оқушылар шығып сұрақтарға жауап беріп, тақтаға суреттер іледі. Күн жүйесінің суреті пайда болады.
Оқушылар мұқият тыңдайды
Топқа берілген тапсырмаларды орындайды. Жеке жұмыс
Ой толғаныс
Қорытынды ІІІ. Білімдерін бекіту.
«Еркін микрофон» әдісі.
1. Ғарышқа ең алғаш кімді ұшырды?
(Лайкамен Белка, Стрелка)
2. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім және қай жылы ғарышқа ұшты?
(Т. Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда )
3. Ғарыш құрал жабдықтарымен нені зерттей бастады?
(айды, айдың топырақ үлгісі алынды, жерге жеткізіліп, бедері суретке түсірілді)
4. Алғаш рет ғарышқа жер серігі қашан ұшырылды?
( 1957 жылы 4 қазан Кеңес Одағында)
5. Юрий Гагарин қай жылы ғарышқа ұшты?
(1961 жылы 12 сәуірде)
6. Тағы қандай ҚР ғарышқа ұшқан азаматтарын білесіңдер?
(Талғат Мұсабаев 3 рет ұшты 1994, 1998, 2001жыл)
7. Жасанды жер серігі халыққа қандай пайдасын тигізіп отыр?
8. ҚР ғарышкерлеріне қандай атақ берілді?
(Халық қаһарманы)
9. Байқоңыр ғарышжайы туралы қандай мәліметтер білесіңдер? (Ресеймен Қазақстан бірігіп пайдаланады)

Тест
1) Жерге ең жақын орналасқан жұлдыз
А) Ай Ә) Күн Б) Жетіқарақшы
2) Күнді неше ғаламшар айналып жүреді?
А) 9 Ә) 10 Б) 8
3) Т. Әубәкіров алғаш рет қай жылы ғарышқа ұшты?
А) 1992ж Ә) 1991ж Б) 1994ж
4) Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар қалай аталады?
А) Марс Ә) Меркурий Б) Шолпан
5) Қазақстанның алғашқы ғарышкері
А) Ю. Гагарин Ә) Т. Мұсабаев Б) Т. Әубәкіров

Балалар өз ойларын ашып айтып, ойларын дәлелдейді.
Бағалау Спикерлерге сөз Балалар өз өздерін бағалайды.
Үйге тапсырма 95 - 97 бет оқу
Күнделіктерін ашып үй тапсырмаларын жазып алды.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Санды 1 - ге көбейту, санды 0 - ге көбейту

Санды 1 - ге көбейту, санды 0 - ге көбейту

1 және 0 сандарына көбейтуді үйрету. Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары туралы білімдерін кеңейту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Логикалық...
Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру

Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру

Тақырыбы: «Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру.» Мақсаты: а) ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы, Қазақстанның...
Тоқтар-тұңғыш ғарышкер

Тоқтар-тұңғыш ғарышкер

Білімділігі: Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға,...
Ғарышкерлер көктемі

Ғарышкерлер көктемі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі № 266 мектеп – лицейдің тарих – география пәндерінің мұғалімі Шареева Мөлдір Мақсаты:...
Жер кіндігі-Байқоңыр

Жер кіндігі-Байқоңыр

Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы. Тақырыбы: Жер...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету