Сайтқа кіру Тіркелу

Мейірімділік сенен басталады

Тақырыбы: «Мейірімділік сенен басталады»
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы, «қайырымды адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.
Міндеттері: - Мейірімділіктің адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру, жақсылықты түсіну, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша құрылған

Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
Алдымен тәрбиеленушілерге өздеріне ұнаған түстерін таңдауын сұраймын (мен үш топқа бес баладан бөлдім: сары, жасыл, қызыл пішіндер) Сол түстер бойынша топқа бөлінеді.

Ой шақыру
Тәрбиеші сөзі: Балалар, бүгінгі тақырыпты айтпас бұрын, мен сіздерге мына слайд шоуды мән беріп қарауды сұраймын. Содан кейін өздерің тақырыпты табатын боласыздар. (жай музыка жүріп тұрады, слайд көрсетіледі)
Ал, бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбы не болмақ, қалай ойлайсыздар? (балалардың жауаптары тыңдалады)
Дұрыс айттыңдар, бүгін біздер мейірімділік туралы сөз қозғаймыз. Жақсылық пен жамандық адамның іс - әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі мол мейірімді, қайырымды адамды «жақсы адам» деген. Ендеше жақсылық пен жамандық туралы ойланып көрейік. Тәрбиеленушілерге сұрақ қойылады:
- Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?
- Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?
- Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?
- Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
- жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Тәрбиеші: Адамның ішкі сұлулығы — адамның жүрегі, жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Ойымызды әрі қарай өрбіту үшін видеоролик бойынша жұмыс жүргіземіз.
Әр топқа үш түрлі видео мысал көрсетіледі.

І топ: «Жақсылық сынықтары» мәтіні
Сұрақтар: Бұл мысалдан нені ұқтыңдар?
Сендер қалай ойлайсыңдар, әже неліктен көп жылдар бойы әйнек сынықтарын жинап жүрді?
Егер де адамдар әженің не істеп жүргенін білгенде не істер еді?

ІІ топ: «Мейірімділік әлемді құтқарады»
Сұрақтар:
Бұл мысалдан кейін қандай сезімде болдыңдар?
Адамдар жасаған жақсылығының қайырын сұрайма, қалай ойлайсыңдар?
Мен жаңа айтып кеттім, Адамның ішкі сұлулығы — адамның жүрегі, жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды деп, жүрегімізді жамандық жауып тастаса біз қалайша жақсы адам боламыз. Сондықтан да бұл әңгімеден не түюге болады?

ІІІ топ: «Екі қасқыр» әңгімесі
- Ата Екі қасқыр деп нені меңзеп отыр?
Жамандық пен жақсылық өмірде бірге жүреді екен. Ал қайсысы жеңеді? Жақсылық жеңу үшін адам не істеу керек?
- Осы үш мәтінді бір бірімен байланыстыруға бола ма? Үшеуі бір бірін толықтырып тұр ма?
Енді біраз бой сергіту мақсатында мынандай ойын ойнайық. Алдымен мен сендерге бір сұрақ қоямын, сол сұрақтың жауабын іздеп көресіздер. («Аралас, қатып қозғалма, топтас» әдісі бойынша өткізіледі. Тәрбиеленушілер қолдарына қалам мен қағаздарын алып шығады да бір минут ішінде мәлімет жазып алу керек)

Сұрақ: Мейірімді адам деген қандай адам?
Тәрбиеші «Аралас» дегенде тәрбиеленушілер бөлме ішінде арлы берлі жүріп, араласып «Мейірімді адам деген кім, және біздің балалар үйінде кімді ең мейірімді, ең қайырымды адам деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтарға жауап алып, қағаздарына жауаптарын жазады.
«Қатып, қозғалма» дегенде орнында тұрып қалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің жауабын жинап алады. Жазылған жауаптар сабаққа қатысып отырған үлкендерге тапсырылады. Жауаптағы ең мейірімді, ең қайырымды деп табылған адамның есімі сабақтың соңына дейін жасырын болады.
«Топтас» дегенде өз топтарына отырады.

Тәрбиеші: Рахмет, мен де өз жауабымды айтайын:
Мейірімді кісі деп сөзінен ісі көрінетін, айтқан сөзін кейіннен өзі ұстанатын кісіні айтады. Мейірімді кісі түсінуге тырысады, бірақ одан пайда іздемейді. Жай адам пайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды. Адам дүниеге ештеме қалап келмейді. Жақсы мен жаманды өскен соң өзің қалап аласың.
Алдарыңызда бірнеше жағдаяттар көрсетілген сол бойынша тығырықтан шығудың амалдарын келтіріп, ойларыңызды ортаға салсаңыздар. Тәрбиеленушілердің жауаптарын тыңдау.
Келесі тапсырма шығармашылық жұмыс: слайдта көрсетілген сурет бойынша тәрбиеленушілердің жауаптарын талқылау.

Тәрбиеші: Сабақтың қорытындылай келе «Жүректен жүрекке» деген ниетпен мынандай кішкентай жүрекшелерге өз тілектеріңді қалаған адамдарыңа жазып тапсыруларыңды сұраймын. Сонымен балалар бүгінгі сабақтан не білдік? Не туралы, қандай адами құндылықтар, қасиеттер туралы білім алдық?
Сабағымыздың басында сендерге «Ең мейірімді, ең қайырымды адамды табу тапсырылған болатын. Сол тапсырманың қорытындысы бойынша «Алтын жүрек» иесін анықтасақ деймін. Ол үшін сендердің жауаптарыңды қорытындылаған адамдарға сөз берейік.(«Алтын жүрек» иесін алтын жүрекшемен марапаттау).

№8 отбасылық үлгідегі балалар үйі» КММ
Өткізген: Ермухамбетова А. С.

Мейірімділік сенен басталады. жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мейірімділік – асыл қасиет

Мейірімділік – асыл қасиет

Мейірімді адам өзге адамға, тума - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. “Табиғаттағы барлық жылу –...
«Мейірімділік сенен басталады»

«Мейірімділік сенен басталады»

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы, «қайырымды адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен...
Адамдардың қажетіне жарай біл!

Адамдардың қажетіне жарай біл!

Бәрі де адам бойындағы асыл қасиеттер мен мінезден басталады. Жақсы қасиеттерге қайырымдылық, мейірімділік, достық жатады. Адам дүниеге келгенде...
Мейірімділіктің жолы- жарық күн

Мейірімділіктің жолы- жарық күн

Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы педагог психологы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы...
Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты "Балаға жылулық сыйла"

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×