Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жалаң және жайылма сөйлемдер

Жалаң және жайылма сөйлемдер
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты өздігінен меңгерту
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, талдау
Көрнекілік: постер, тапсырмалар, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.

І Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Топқа бөліну: Түстер арқылы топқа бөліну:
1 - Топ: Бастауыш 2 - топ: Тұрлаусыз мүшелер 3 - топ: баяндауыш.
2 - Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
Бағалау парағын үлестіру. Топ басшыларына.

«Ұққаныңды айт, ұмытқаныңды есіңе түсір» өткен материалды еске түсіру.
Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:
1) Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
2) Жай сөйлем дегеніміз не?
3) Жай сөйлемнің түрлері қандай?
4) Жалаң сөйлем дегеніміз не?
5) Жайылма сөйлемнің жасалу жолдары қандай?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Тақтаға сөйлемдер жазып, сөйлем мүшелеріне талдату арқылы түсіндіремін.
Жаңбыр жауып тұр. Қоңырау соғылды.
- Қандай ерекшелік байқадыңдар?
- Екі сөйлемде тұрлаусыз мүше жоқ.
Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірту. Қорытындыны оқушылар айтып, жалаң сөйлемнің ережесін шығарады.
Оқушылар мынадай ережелер шығарады:
1) Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.
2) Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.( распространненные предложения)
Бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлемдейміз. ( нераспространненные предложения)
Оқушылар шығарған ережені оқулықтағы ережемен салыстырады.

Жалаң сөйлем

Бастауыш
Баяндауыш
Берілген сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосуға болады.
Жаңбыр жауып тұр. Жаңбыр себелеп жауып тұр.
Қоңырау соғылды. Қоңырау шыр етіп соғылды
Екі сөйлемнің айырмашылығын ажыратады.
Оқушылар сөйлемді талдап, жайылма сөйлемнің ережесін айтады.
1) Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
2) Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
Мысалдардан көріп отырғандарыңдай, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыруға болады екен. Жалаң сөйлемдерсіз жайылма сөйлем болмайтындығын көрдік.
Шығарылған ережені оқулықтағы ережемен салыстырып, оқушылардың ойларының дұрыстығына көздерін жеткіземін.

Жайылма сөйлем

Бастауыш
Баяндауыш
Анықтауыш
Пысықтауыш
Толықтауыш
Мысалдарды оқушыларға талдатып, ерекшелігін түсіндіру.
Берілген мысалдарды сөйлем мүшелеріне талдатып, жай және жалаң сөйлемдердің ерекшеліктерін тапқызу.
Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады. Қызықты кітапты оқи бергің келеді.
1. «Ойлан, тап, ойыңды айт» айдары бойынша
Оқулықпен жұмыс /жаттығуларды орындау/
15 – жаттығу Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр.
Тау мұнартады. Өсімдік көктейді. Жел тұрды. Шық түсті. Бұлт қаптады.
17 – жаттығу Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.
Депутат сайлаушылармен кездесті. Ар алтынмен өлшенбейді. Күзгі суық өңменінен өтті. Дулат ертең ауылға жүрмекші. Аңшы қақпан құрды. Құсбегі бүркіт салды.
19 – жаттығу ауызша
Атам қыстауға келді. Атам бүгін қыстауға келді
Ақан мектептен келді. Ақан мектептен қазір келді.
Хамит Болатпен сөйлесті. Хамит Болатпен бүгін сөйлесті.
Қонақтар көрмеде болды. Қонақтар кеше көрмеде болды.
20 – жаттығу суретке қарап әңгіме құра. Құраған әңгімеңнен жалаң, жайылма сөйлемдерді тап.

«Тапқыр болсаң тауып көр» айдары бойынша
18 – жаттығу Сөзжұмбақты шеш /төрт/
1. Табиғи дарын, ерекше қабілет.
2. Тор құратын жәндік.
3. Үстінен пойыз, трамвай доңғалағы жылжып жүретін болат білеу жол.
4. Сан

«Теріп жазып түсіндір» айдары бойынша
21 – жаттығуды орындау. Қарамен берілген сөздерді теріп жазып, сөйлем құра. Сонда тағы бір мақал шығады.
Аузында сөзі тұрмастың бір жерде өзі тұрмас. Сөз асылы – кітапта. Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. Оқуын тапса, білім қонар.

Топтық тапсырма: 1 - топ. Адасқан әріптерден сөйлем құрау.
2 - Топ. Сөзсазындық талдау. Өрмекші» сөзіне
3 - Топ. Жұлдызды сағат. Сағат тілі бойынша мақал құрастырып шығару.
Топтың жұмыстарын әр топ бағалайды. Саусақ» арқылы, «бағдаршам» арқылы, «от шашу» арқылы.
Жинақтау: Тест
1. Жай сөйлем дегеніміз не?
2. Жай сөйлем......... және................. болып екіге бөлінеді?
3. Жалаң сөйлемді тап.
4. Жайылма сөйлемді белгіле.
5. Жайылма сөйлем дегеніміз не?
Бағалау. Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, бағаларын айтады.

Мұғалім: Ж. Бахитова

Жалаң және жайылма сөйлемдер. жүктеу
Жалаң және жайылма сөйлемдер. слайдын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлем

Жаттығулар орындау барысында жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдерді айыра білуге жаттықтыру. Тұрлаусыз мүшелер жайында білімдерін жетілдіру Сөздерден...
Жалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы...
Жалаң және жайылма сөйлем (қысқа мерзімді жоспар)

Жалаң және жайылма сөйлем (қысқа мерзімді жоспар)

«М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Г. М....
Қазақ тілі 4 сынып сабақ жоспарлары

Қазақ тілі 4 сынып сабақ жоспарлары

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, А. Меңдалыұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Анесова Светлана...
Жалаң және жайылма сөйлем.

Жалаң және жайылма сөйлем.

Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы Қазақ тілі. 3 сынып. Сабақ тақырыбы: Жалаң және жайылма...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету