Сайтқа кіру Тіркелу

Ғ дыбысы мен әрпі

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу жоспары
1. 3. 10. 2 Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз).
1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,
дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1. 3. 10. 1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.
1. 3. 5. 1 тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
1. 3. 11. 1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар орындай алады: Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтай алады. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдана алады және мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжам жасай алады.

сызбаның сол жағындағы сөзді оқиық.
Моншақ+ы= моншағы
атақ+ы= атағы
қармақ+ы= қармағы
қандай өзгеріс байқадыңыздар?
«қ»- ға аяқталған сөздерге «ы»- ны қосқанда нендей өзгеріс болды?
Ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Қ - ға аяқталған сөзден дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ - ға айналады. Орақ - орағы, құлақ - құлағы, ұршық - ұршығы, қаймақ - қаймағы.
1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,
дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұ рыс дыбыстау
№2 ойлан тап.
Берілген суреттермен берілген сөздерден «ғ» әрпі бар сөздерді тауып тақташамызға жазайық.
Таға, сырға, сағат, шалғы, тоғыз, сызғыш,
қарлығаш.
ДЖИГСО әдісі негізінде.
Енді әуелі жеке өзбетімізше буындық, дыбыстық талау жасайық.
Жұпта тексерейік.
Топта тексерейік.
Саусақ сигналы арқылы бағалау.
1. 3. 10. 1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.
№3 тапсырма топтық жұмыс.
Берілген диалог жауаптарына сұрақтарын топтаса отырып тауып көрейік.
- Мынау қай құс?
- Қарлығаш.
– Ол қандай құс?
– Ол - адамға дос құс.
– Қарлығаш адамды неден сақтайды?
– Қарлығаш адамды қатерден сақтайды.
Сергіту сәті
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×