Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

«Табыс жетістікке жеткізеді» тәрбиешілерге арналған тренинг

Тақырыбы: «Табыс жетістікке жеткізеді» тәрбиешілерге арналған тренинг
Мақсаты: Тәрбиешілердің табысқа, жетістікке қол жеткізуін, мақсат қою дағдысын қалыптастыру
Көрнекі құралдар: айна, түрлі - түсті қарындаштар, қағаз, қоржын, жіп

Тренинг барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Тренингтің ұраны: «Әр адамның бойында күн шуағы бар. Тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек»
II. Негізгі бөлім
1. «Амандасу жаттығуы»
Әр елде адамдар бір - бірімен әртүрлі амандасады. Біз бүгін қызықта болу үшін бәрінен өзгеше басқа түрде амандасайық. Алма-алмұртқа саналып, екі топқа бөлінеміз. Екі шеңбер: сыртқы және ішкі етіп құраймыз. Ішкі шеңбер сыртқы шеңберге қарайды. Екі шеңбер бір - біріне қарама - қарсы қозғалады. Сыртқы шеңбер сағаттың бағытымен қозғалады. Ішкі шеңбер (алмалар) мен сыртқы шеңбермен (алмұрттар) амандасады. Көрші тұрғандар қолымен, бармағымен, құлақпен, аяқ, табанмен амандасады.
2. «Айнаға қарау» жаттығуы
(3 рет – басында, ортасында, аяғында)
Талдауы: Қандай өзгерістер бар, қандай эмоциялар бар?
3. «3 тілек» жаттығуы
Егер мақсат болса, арманыңа жетуге ештеңе кедергі болмақ емес. Ал сендерде мақсат бар ма? Шағын мәтінде бастайықшы! Сіздерге бір минут ішінде 3 мақсатты өмірде қол жеткізгіңіз келген тілектеріңізді тұжырымдап жазуыңыз керек.

4. «Табыс» туралы сөйлеу жаттығуы. Екі топқа бөлінеміз. (алма – алмұрт бойынша)
1 - топ: «Табысқа қалай жетуге болады?»
Осы тақырыпқа кеңестер, ұсыныстар жазылады.
2 - топ: Табысыңды қалай басқаруға болады?
Осы тақырыпқа кеңестер, ұсыныстар жазылады.
Бұл жаттығуда әр топ берілген тақырыбын қорғайды.

5.«Табысты адам» арт терапия жаттығуы
Бұл тапсырмада табысты адамды салуы керек. Содан кейін әр тәрбиеші өзінің суретін қорғайды.
6.«Өрмекші торы» жаттығуы
Жіптің көмегімен біз өзіміздің әсерімізбен бөлісеміз. Кімде осы жіп болса, ол өзінің әсерін айтады. Сол кездегі көңілін, ұнатқанын, әлде ұнатпағанын айтады. Содан кейін жіпті басқа біреуге лақтырып, бір талшық жібін ұстайды. Осылайша жалғаса береді.

III. Қорытынды бөлім.
Табысты адам болу үшін ең біріншіден мақсат қою керек.
Мақсат қоюдың талаптары:
- мақсат ауқымды болуы тиіс – мақсаттар неғұрлым кең, жоғары, ауқымды болса, адам жетістіктері де соғұрлым биік.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету