Сайтқа кіру Тіркелу

Кел, Жаңа жыл!

«Кел, Жаңа жыл!» атты І кіші тобының жаңа жылдық ертеңгілігі.

Зал іші әдемі безендірілген. Балалар залға тізіле кіреді. Шыршаны айнала дөңгеленіп тұрады.
Жүргізуші құттықтайды.
Келді міне жаңа жыл
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп, ойнап, би билеп,
Ән салайық бәріміз.
Құрметті әріптестер, ата - аналар, балалар сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жаңа жылда жаңа табыстарға жете берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз. Біздің кішкене бүлдіршіндеріміз, І «Б» кіші «Еркетай» тобының «Кел, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастаймыз.

І. Ән. «Мереке әні» (балалар орындайды).
Балалар өздерінің мерекелік құттықтауларын айтады. Тақпақтар.
1. Даниял
Далада қар борайды,
Ақ күміске орайды.
Мұз болып қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.

2. Ақбота
Ал балалар тұрмайық,
Би билейік ойнайық.
Аяз ата қуансын,
Дөңгеленіп жырлайық.

3. Керим
В лесу родилась елочка...
Жүргізуші: бір дене тарсылдайды, біреу келе жатқан сияқты.
Ой, Ақшақар ғой.
Ақшақар құттықтайды
Ақшақар: Қане, менің қарша қыздарым, қайда билейік?
Би: «Ақшақарлар «биі.
Ақшақар айтады: Аяз атамыз әлі келмей жатыр.
Тәрбиеші: Кәне, шақырайық. Аяз ата (3 рет).
Аяз ата сөзін айтып құттықтайды.
Амансыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма, қыздарым.
Аталарың сендерге алыстан шаршап келді.
Аяз ата отырады (орындық дайындап қою).
Тақпақтар.
1. Ерасыл
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

2. Дария
Тауда туып, Тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән саламыз баршамыз.

3. Каусар
Жасыл шырша жағылған.
Асыл моншақ тағылған.
Келді сұлу шыршамыз,
Көптен күткен сағынған.

«Достық» биін балалар орындайды.
Осыдан кейін сыйлық алып «Аққала» кіреді.
Ойын: «Қар жинау» Аяз ата, Ақшақармен

«Сылдырмақ» әні
Тақпақтар
1. Мидина
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

2. Диас
Келіңдер, келіңдер,
Өлең айтып беріңдер.
Жомарт аяз атадан,
Сыйлық алып келіңдер.
3. Мағжан
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әдемі жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Соңында Аяз ата мен Ақшақар сыйлығын таратады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар «Кел, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар.

Турмаганбетова Гульнара Жангазовна
№36 «Ақбота» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Қарағанды обылысы, Сәтбаев қаласы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар

Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар

Дала нұр, қала нұр Құтты болсын Жаңа жыл Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр Сақалы аппақ күмістей Тістері аппақ күріштей Нұр жайнаған ажары...
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында!

Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында!

Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған, Міне сұлу шыршамыз, Көптен күтіп сағынған....
Кел, жаңа – жыл төрле

Кел, жаңа – жыл төрле

Ертеңгілік іс – шараның тақырыбы: «Кел, жаңа – жыл төрле» Мақсаты: Жаңа жылға арнап ертегі кейіпкерлерімен бірге жаңа жылды қарсы алу кешін...
Қош келдің, Жаңа жыл!

Қош келдің, Жаңа жыл!

(Зал іші түрлі - түсті шарлар, жылтыр жіпшелермен, жаңа жылдық суреттермен, жаңа жылдық шыршамен безендірілген. Оқушылар көңілді ән ырғағымен залға...
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр

Жаңа Жыл - Жаңа Жыр

Жаңа Жыл - Жаңа Жыр 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×