Сайтқа кіру Тіркелу

Отан» Е. Өтетілеуұлы,«Мерекелік отшашу»

Апта тақырыбы: «Менің елім Қазақстан»
Білім беру саласы: « Коммуникация», «Шығармашылық»
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - қызметі: Көркем әдебиет, Сурет
Тақырыбы: «Отан» Е. Өтетілеуұлы,«Мерекелік отшашу»
Мақсаты: Отан туралы шығармаларды оқып беру арқылы әдебиетке деген құштарлықты баулу, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Өз Отанын сүюге, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Тіл байлықтарын, сөйлеу қабілеттерін дамыту Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру. Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру. Үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету.
Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, сергіту сәті, ойындар, «триз» әдісі элементтері.
Көрнекілігі: демонстрациялық материалдар, бейне таспа, суреттер(Мнемо кесте), слайд.
Сабақтың типі: Кіріктірілген
Сөздік жұмыс: туған ел, өскен жер
Билингвальды компонент: Отан - Родина, астана – столица, Ту – Флаг, Елтанба – Герб, Әнұран – Гимн, Отшашу - салют

Ұйымдастырушылық қозғаушылық
Шаттық шеңбері (3 тілде)
Қайырлы таң ұстаздар,
Қайырлы таң балалар!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық
Доброе утро учитель
Доброе утро друзья!
Посмотрите друг на друге
Пожелайте добра!
God mornind (3рет) to you
God mornind (3рет) you
glad to see you
Балалар саяхатқа шыққыларың келеме?
Ендеше мен сендерге сиқырлы ұшақпен саяхаттауды ұсынамын.

Сонымен, біз сиқырлы ұшақпен туған өлкеміздің үстімен ұшып бара жатырмыз. - Біздің отанымыз қалай аталады?
Картадан еліміздің аумағын көрсетіп,
- Отанымыз туралы әңгімелеу.
Мынау Қазақстан елінің картасы, бұл картаға бүкіл қазақ елінің ірі қалаларын, үлкен облысын, тау тасын, өзен көлін, бүкіл қазба байлықтарын сыйыстырып жасаған.
- Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған туыстары, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Біз қазақстанда тұрғандықтан біздің отанымыз - Қазақстан республикасы. Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аңы мен құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол елміз.
Кішкентай үйлер, киіз үйлер, жайлауда малдар жайылып жүр, түтіндеп жатқан фабрикалар мен зауыттар көрінбейді. Табиғаты әсем, ауасы таза, суы мөлдір.
- Бұл қай жер екен? (Ауыл)
Сонымен бұл біздердің туып өскен ауылымыздың көрінісі.
Әрі қарай ұшағымызбен саяхатымызды жалғастырайық. Енді баладар біз ауылда тұрамыз, өзіміздің облысымыз яғни қаламыз бар. Сол қаламыздың аты қалай аталады, біз қай қалада тұрамыз?
- Әрине біз мұнайлы қала Атырау қаласында туып өстік. Қаламызда үлкен көп қабатты үйлер, завод, фабрикалар, көп оқу орындары, мен жұмыс орындары көп. Сендер Атырау қаласына немен барасыңдар?
Әрі қарай сиқырлы ұшағымызбен саяхатымызды жалғастырайық.
Бұл еліміздің ең бас қаласы - Астана.
Астана жас қала, ол әдемі, онда үлкен ғимраттар, үкімет үйлері, хан шатыры, ойын сауық орталықтары, көп қабатты үйлер бар. Сонымен қаттар үлкен - үлкен зауыттар, фабрикалар да бар. Астананы сұлуландырып көркейтіп тұрған Бәйтерек бар. Осы астанада елбасымыз Н. Ә. Назарбаев қазақстан елін басқарып отырады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет, ұлтымыз - қазақ, өз ана - тіліміз қазақ тілі. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздіңТуымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар.
«Отан» Е. Өтетілеуұлы өлеңін оқып беру Е. Өтетілеуұлы суретін көрсетіп, жазушы, ақын, ол әсіресе балаларға арнап өлең, тақпақтар, шығармаларды көп жазған жазушы екенін айтып таныстыру.
Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - үлкен,
Қазақстан - туған ел.
Балалар өлеңді қайталайды.
Балалар, Отан деген не екен?
Отан - атамекеніміз, анамыз, туған еліміз, жеріміз екен.
1. Отан туралы тақпақтар, мақалдар сұрау
2.«Отшашу» туралы әңгімелеу, көрсету, суретін салғызу (топтық жұмыс) елімізде, туған ауылымызда, қаламызда үлкен мерекелер болар, онда өлеңдер айтылып, билер биленеді. Осы мерекеміздің соңында не шашылады? Әрине отшашу болады. Отшашуды көрдіңдер ме?
Түсі қандай?, Қайда шашылады. Ендеше мерекелік отшашуды бейнелейміз. Үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салғызу, сурет алу кезінде «триз»әдісі элементін пайдалана отырып, қылқаламның ұшымен соғып салады.
Ненің суретін салдыңдар?
Отшашу қандай мерекелерде шашылады?
Ол кездегі адамдардың көңіл күйі?
Сергіту сәті: «Отан» өлеңі
Шаңырақ астында тұрып қимыл жасау
- Балалар ұшақпен әдемі қалаларды көрдік енді ауылымызға сиқырлы ұшағымызға отырып қайтайық.
Саяхат кезінде қайда бардық не көрдік, соны осы ойын арқылы бейнелейік.
Ойын: «Туған ауылы мен қаланы құрастыру»
Шарты: құрастырған сюжет бойынша әңгімелейді.
Сөздік жұмыс: туған ел, өскен жер
Билингвальды компонент: Отан - Родина, Астана – столица, Ту – Флаг, Елтанба – Герб, Әнұран – Гимн, Отшашу - салют

Рефлекциялық - түзетушілік

Балалар біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Еліміздің президенті кім?
- Балалар ҚР - ның мемлекеттік рәміздерін атаңдаршы.
Отан - деген не?
Қазақстан әлемге несімен әйгілі, немен мақтанамыз?
Бүгін нені бейнеледік?
Ойын: Ойлан, тап
Шарты: «Берілген пішіндерден бейне құрастыру, елімізді гүлдендіру»
Жарайсыңдар балалар! Барлықтарыңда бүгінгі оқу іс - қызметіне белсенді қатыстыңдар. Отанды сую әр перзенттің парызы. Еліміз аман, Қазақстанымыз көркейе берсін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болсын!

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Біздің Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, оқылған шығармалардан алған әсерлерін әңгімелеуге берілген тапсырмаларды.
Түсінеді: Қазақстан Республикасының кең - байтақ және бай мемлекет екенін.
Қолданады: Қазақстан Республикасы туралы мәліметтерді оқу іс - қызметтерінде қолдана білу дағдыларын.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
«Ақмарал» бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Зинешова Айгул

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Тұғыры биік Елбасы"

Мақсаты: Балаларға «
Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, Елбасының жасаған еңбектері туралы айтып беру. Отанға, туған жерге деген...
Қазақстан Республикам - менің

Қазақстан Республикам - менің

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтау. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері:...
Менің  Отаным - Қазақстан

Менің Отаным - Қазақстан

Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңі иелерін Тәуелсіздік туралы мәлімет...
Атамекен-Қазақстан.

Атамекен-Қазақстан.

Петрпавл қаласы, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп - кешені Мұхамеджанова Гүлнұр Абайқызы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп – кешені 4 сынып Сабақтың...
«Туған жерім – Қазақстан»

«Туған жерім – Қазақстан»

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×