Сайтқа кіру Тіркелу

Ойна да ойла!

Тақырыбы: Ойна да ойла!
Мақсаты: Балаларды қызықтыра отырып ойын арқылы ойлана жауап беруге үйрету.
Білімділік: Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері туралы айту, дыбыстарды анық айтқызып тілін дамыту.
Дамытушылық: Балалардың білімдерін бекіту арқылы ақыл – ой белсенділігін арттыру. Балалардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды логикалық ойлауға ойын арқылы үйрету және тәрбиелеу. Дидактикалық ойындар шартын дұрыс орындауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: қыс мезгілінің суреттері, үй жануарлары, аңдар суреттері, үй және орман суреті, геометриялық пішіндер, сандар.

Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті.
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар!

Тәрбиеші: Балалар қазір мен сендерге жұмбақ – өлең оқудан бастайын
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды
Қарға омбығып бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып
Ұйтқып боран соғады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыста
Тәрбиеші: Ал қазір қай мезгіл?
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы
Балалар: Айналаны қар басады, қыста күн суық болады, қар жауады, боран болады, аяз болады.
Адамдар жылы киімдер киеді.
Тәрбиеші: Қыстың неше айы бар?
Атап беріңдерші
Балалар: үш айы бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: Ал балалар мен сендермен бүгін мына зырылдауықтың көмегімен ойын ойнағым келіп тұр. Бұл зырылдауықтың тұсында әр түрлі ойын тапсырмалары берілген, сол тапсырмаларды кім жақсы, дұрыс орындаса мен оған мынадай күннің шуақтарын ұсынамын. Кім бұл күннің шуағын көп жинаса сол бала өте білгір, ақылды болғаны.
Олай болса алдымен біз тіл ұстарту жаттығуын жасап жіберейік
Ыр - ыр - ыр ырылдайды қасқыр
Ян - ян - ян секіреді қоян
Ю - ю - ю қорбаңдайды аю
Ла - ла - ал Дияр жақсы бала
Ыз - ыз - ыз Кәусар жақсы қыз.
Енді мен зырылдауықты бірінші болып айналдырайын...

Ойын тапсырмалары:
*Апта туралы санамақ айту
*Дидактикалық ойын «Төлін тап»
* «Қалай айтуды білемін» балаларға аңның құстың, жануардың атын атаймын сендер дауысын саласыңдар.

* Дидактикалық ойын «Ажырату»
Үйдің және орман суретіне үй жануары мен жабайы жануарды ажыратып саламыз.
Сайқымазақ кіріп келеді, қолында үш шары бар.
Тәрбиеші шарды санаймын деп біреуін жарып алады,
Сайқымазақ жылап қоя береді.
Балалар сайқымазақты жұбатайық...
Сайқымазақ кел мына зырылдауықты айналдыр, бізбен ойын ойна.
Ендеше менде сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Менің қолымдағы шаршы пішінін лақтырамын қандай сурет бетімен түссе сол суреттің қимылын жасап көрсетесіңдер.

*Зейінді тұрақтау ойыны «Орналастыр»
Фланеграф арқылы үш аю ертегісіндегі аюларды, кереуеттерін, үстелдерін орналастыру.
Сергіту жаттығуы орындалады. Ойын арасында орындалады
Бір дегенде тұрайық
Екі, үш, төрт алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып
Біз шынығып алайық
Жарайды отырайық!

*Геометриялық пішіндерді атап бер «Кім жылдам»
*Сандар туралы санамақ айтып беріңдер.

Сонымен балалар біз бүгін көп ойындар ойнап сендердің білімдеріңді байқадық
Ұқыпты ұтар,
Іздеген табар
Оқыған озар
Еріншек тозар - демекші бүгінгі ойындарыңа байланысты берілген күн шуақтарын санайық. Кімде көп екен!
Күн шуақтарын санап баларды мадақтаймын.
Енді балалар келген қонақтармен қоштасып шығарып салайық.
Орнымыздан тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×