Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Мен қазіргі заман педагогімін (Эссе)

Мен қазіргі заман педагогімін (Эссе)

Сәби күлкісі... Сыңғырлаған жүрегі... жүрегі, жаны таза... мұңсыз... қуанышты... албырт бала күлкісі...
Сенің күлкің қандай пәк еді?! Иә... сен бақыттысың!... Әрине бақыттысың! Сен бақытты болуға жаратылғансың! Өйткені...? Өйткені сен ХХІ ғасырдағы Тәуелсіз Қазақстан азаматысың! Сен озат технологиялар дамыған жаңа дәуірде, жаңа кезеңде өмірге келдің. Сенің болашағың алда! Сенің алдыңда үлкен – үлкен тарау жолдар тұр.

Сен бүршігін жаңа жарған тал шыбықтайсың. Сені өсіріп бекіту, қанатыңды қатайтып негізгі, тура жолға салу ата – анаңнан кейін педагог – ұстаз – тәрбиешінің міндеті. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып өмір бойы қалыптасатын құбылыс. Ұлы философ Абайдың «Адамның адамшылығы ақыл ғылым, жақсы ата – ана, ұстаздан болады» деген сөзінде терең мағына бар. Өйткені санасына сызат түспеген періште көңіл сәбиді өмір баспалдағына жетелеп, білім мен тәрбиенің ақ желкеніне отырғызып, рухани дүниесін байытып, біліммен нәрлендіретін абзал жан – педагог – ұстаз.
Ақ сүтімен тәніне қуат беріп, бесік жырымен тербеткен ана, асырап – сақтаған әке тәрбиесінен кейінгі жан – жылуын бала бойына дарытатын да ұстаз.

Ұстаз – өзінің уақытын басқаның бақытына сыйлайтын адам». Сондықтан қазіргі заман педагогіне жүктелер аманат, сенім ешқандай заңғар биікпен салыстыруға келмейтін өлшем. Менің санамда «Мен ХХІ ғасыр – жаңа заман педагогімін», «Мен жас шыбықты тіктеп, діңгегін берік етіп өсіретін бағбанмын» деген үлкен леп белгісі әрдайым жатталып қалған. Осы үлкен леп белгісімен белгіленген жауапкершілікті ұстанып жүру үшін маған не керек? Әрине үлкен сауаттылық, біліктілік, ізденімпаздылық, тәжірибе алмасу, іскерлік, шығармашылық керек.

Менің алдымда бетіне сия түспеген ақ қағаздай таза жүректі сәбилер. Ақ парақтағы жазуды қалай әдемі мағыналап бастасаң солай әдемі жалғанатындай, бұл балалардың жүрегіне тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағын мен дәл солай әдемілеп таспалап түсіре бастауым керек. Өйткені қазіргі балғын бүлдіршіндер – келешек қоғам иесі. Сол болашақ қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол ұрпақ етіп тәрбиелеу - біздің қоғам алдындағы борышымыз. Үлкен жауапкершілікті талап ететін ұрпақ тәрбиелеуде Елбасымыздың саясатын ұстана отырып, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыазаматтық құндылықтар тәрбиелеуде мен өз білімімді жетілдіріп бәсекеге қабілетті жаңа заман педагогі болуға лайықпын...

Атырау облысы, Исатай ауданы,
Аққыстау селосы, «Балдырған» бөбекжай – бала бақшасының
Жоғары санатты тәрбиешісі Хайруллаева Назгүл
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы

Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы

«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» деп, халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен...
Мамандығым-мақтанышым (Эссе)

Мамандығым-мақтанышым (Эссе)

Мен балабақшада әдіскер болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол...
Мектеп

Мектеп

Атырау обылысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Абай орта мектебінің 2 «С» сынып оқушысы Қапсихқызы Дильназ...
Тәрбие ана сүтінен басталады

Тәрбие ана сүтінен басталады

Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – тәрбиенің бір саласы десек, жалпы...
Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары

Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 мектеп Есназарова Жанат Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету