Сайтқа кіру Тіркелу

Зейінді дамыту, ойлау қабілетін арттыру

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы
«Мөлдір» балабақшасы МКҚК психологі
Толыбаева Лалагул Мақсетбаевна

Тақырыбы: «Зейінді дамыту, ойлау қабілетін арттыру»
Мақсаты: Педагогтардың арасында өткізілу барысында олардың зейіндерін дамыту, әрі қарай ойлау қабілеттерін арттыру, бойды сергіту, т. с. с;
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады. Нұсқау:
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар.
1. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты - 2 минут.

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр…….
…….
Псрмоамткөрмеваьтаротарақатитаитьиьтикорлсәлемжэдэзщллюүстелчсмчваысчмғаламторщшщолрьоиьгүлуцывчждзматазхшщмысықгшгкеубьбтнанцыфяқаламввчпсрпердеыуфсумбьхорокітапмиьарпдлотерезепз

щнгшалбаренпанаропгшбалабжэзшгшарцуфқұлақывччеронектөсекывмипілишгпарташгнголтошашлорогшроэжжхтасйцфучпапдопукенгщзжурналитмисчякиімошгнортлқолхэъзщждрезинкайцувчсм

Қанша сөз құрай алдыңыз: ____

2. «Кәсіптік герб» жаттығуы
— Біз бәріміз де әріптеспіз. Мен сіздерге өз жеке кәсіби гербтеріңізді жасауды ұсынамын. Оның сипатын, формасын, қандай болуы керек екендігін әркім әр түрлі пайымдайды. Мен бәріңізге бір - бір ватман парағын, түрлі түсті қарындаштар үлестіремін. Сіздер соған кәсіптік герб контурын бейнелеп алып, сосын оның ішін мазмұнды бейнелермен толықтырасыздар. Бұл үшін кәсіби қызметтің бірқатар маңызды тұстарына көңіл аудару керек:
— қатысушы өзінің кәсіби қызметінде неғұрлым маңызды деп есептейтін жетістік немесе оқиға;

3. Жаттығу «Мәке Жәке Қоқиев» 10 мин.
Мақсаты: Көңіл күйді көтеру.
Ол қатысушылардың босаңсуына, көңіл күйлерін көтеруге бағытталған. оларды 6 - 8 адамнан топтарға бөлу қажет. Қажетті жағдайды жасау үшін, келесі оқиғаны айтыңыз: «Бұл ескі кавказдық салт. Бір тайпаның көсемі жоғалды. Күнде кешкілік сол тайпа адамдары жиналып, алау маңында шеңбер жасап отырып, бір - бірінен Мәке Жәке Қоқиевты кімде - кім көрді деп сұрайды. Ең бастысы тайпалардың ішінен ешкім күлмеу керек, себебі көсемнің жоғалуы – ол жаман қасиет».

1. Қатысушылар шеңбер болып отырады. Ойын бастайтын жүргізуші алыңыз. Ол оң жағындағы көршісіне былай дейді: «Сен Мәке Жәке Қоқиевты көрген жоқсың ба?». Осы сөздерді айтқан кезде жымиюға, тіпті күлуге болмайды.
2. Оң жақтағы көршісі мынадай белгіленген жолдарды айтады: «Қап, мен оны көрген жоқпын. Мен өзімнің көршімнен сұрайын».
3. Ол да сол сұрақты күлмей, жымимай оң жақтағы көршісіне қояды. Бірақ ол басқалардың күлкісін келтіретіндей бірдеңелерді қосуына болады.
4. Кім жымиса немесе күлсе, сол ойыннан шығады.

Талдау: Қазір өзімізді қалай сеземіз? Біз шеңберге тұрғанға дейін және тапсырманы орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз?

4. Жаттығу «Біз қандаймыз?»

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір - бірінің мінез - құлықтарымен жеке танысу.

Жүргізушіден үлкенірек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі жағына өзінің есімін жазады және парақты вертикаль сызықпен екі бөлікке бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына «плюс», оң жағына «минус» белгісін қоямыз. «Плюс» жазылған бөлікке, қатысушылар кез - келген түстің, кез - келген жыл мезгілінің, кез келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі қанағаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, мысалы киноға бару, суда жүзу, кітап оқу т. с. с. «Минус» белгісі бар оң жаққа, әркім ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т. б. атап шығады. Жүргізуші әр бөлікті 10 - 12 минуттың ішінде кезекпен оқып шығады. Жүргізуші жеке өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға қатысады.

Соңында, қатысушылар парақты кеуделеріне тағып алады. Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір - бірінің парақтарына жазылғандарын оқиды.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай?

5. Жаттығу «Рөлдік билер»

Мақсаты: Көңіл күйді көтеру.

Жүргізуші: «Қазір біз рөлдік билерді билейміз. Яғни мен сіздерге образ ұсынамын, сол образды көрсете отырып билеп көрейік. Мұқият болыңыздар. Сонымен, біз «ұялшақ адамның биін» билейміз… Енді «мас адамның биі» және «құлағы мүлдем естімейтін адамның биі», т. с. с.»

Талдау: Осы тапсырма ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? Не қиындық келтірді? Образдарды көрсету барысында өзіңді қалай сезіндің? Бір - бірлеріңе сұрақтар қойыңдар.

5. Есте сақтау: 71, 32, 44, 68, 12, 59, 85.
25, 47, 93, 51, 74, 11, 36.
94, 37, 15, 78, 52, 43, 28.

Сезімдер: Алған әсерлерімен бөлісу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×