Сайтқа кіру Тіркелу

Қош бол – Әсем бақшамыз

Қош бол – Әсем бақшамыз
(Залға музыка әуенімен екі бала кіреді)
Абылайхан:
Қош келдіңіздер, құрметті меймандар!
Бізбен бірге қоштасуды тойлаңдар
Мадина:
Гүлдей жайнап өстік бақшада,
Енді бізді есейді деп ойлаңдар.
Абылайхан: Сәлеметсіздер ме қадірменді қонақтар, білім нәрімен сусындатқан тәрбиешілер, аяулы аналар. Біз бүгін есейіп, қарлығаштай қанат жайып білім теңізіне, яғни мектеп табалдырығын аттағалы отырмыз.
Мадина: Абылайхан сенің есіңде ме, біз алғаш осы балабақшаға келгенде былдырлаған кішкентай бүлдіршіндер едік қой. Біз мұнда ән айтып, би билеп көп нәрсені үйрендік. Ертемен балабақшаға келгенде апайларымыз күлімдеп қарсы алушы еді ғой.
Абылайхан: Ия, есімде Мадина. Оларға алғысымыз шексіз.
Абылайхан: О, Мадина кішкентайымыздан тәрбиелеп, білім берген біздің тәрбиеші апайларымыз жоқ қой. Оу, ата-аналар орындарыңыздан тұрыңыздар, тәрбиешілерімізге құрмет көрсетпейміз бе?
Мадина:
Толқимын, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Абылайхан;
Қол соғып қошеметтеп шақырайық
Құрметтеп тәрбиешілерімізді ортамызға
Абылайхан: Ал енді балабақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған достарымызды ортаға шақырайық.
Мадина: Қарсы алыңыздар 2015 жылдың түлектерін!
(музыка әуенімен балалар ортаға кіреді. Ақжол жайылып шашу шашылады)
Тәрбиеші: Назгүл апай:
Құрметті ата - аналар, бүлдіршіндер, қонақтар, балабақша қызметкерлері! Біз бүгін тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді қиямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Балабақшамен қоштауға арналған
«Қош бол - Әсем бақшамыз» атты ертеңгілігімізге баршаңыз да қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Жанаргүл апай:
Бізден ұшып талай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар
Жақсы оқып алтын ұя мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар!
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
(Балалар хорға тұрады)
Хор: "Тәрбиеші апай"
Хор: "Біз мектепке барамыз"
Осы кезде Гүлдер ханшайымы кіреді.
Гүлдер ханшайымы: Саламатсыздар ма, балалар! Мен музыка әуенін естіп сендерге келіп тұрмын. Қандай әдемі балалар, қандай әдемі безендірілген бөлме.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы жатыр, ал сіз кімсіз, қайдан келдіңіз?
Гүлдер ханшайымы: Мен ертегі патшалығынан келген Гүлдер ханшайымымын.
Жүргізуші: Онда төрлетіңіз, бізге қонақ болыңыз.
Гүлдер ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге бос қол келген жоқпын, сендерге әкелген ойыным бар. Ойын арқылы білімдеріңді тексеремін. Бұл ойынның аты «Жүрек жарды тілек» деп аталады. Мына гүлдің күлтешелерінде сендер танысқан әріптер жазылған.
- Әріптерді танимыз ба балалар?
- Балалар: Иә
- Гүл ханшайымы: Олай болса ортаға бір бала шыға қосын. Сен әріпті алып сол әріптен басталатын тілек сөзді айта ғой.
Айтқан тілектерің орындалады.
Балалар: Кезекпен кезек шығып тілектерін айтады.
а - аспанымыз ашық болсын!
т - толағай табысты болайық!
н - нардай намысты бол!
ғ - ғалым болып өсейік!
р - рахмет саған балабақша!
о - озық - ойлы болып өсейік!
м - мейіріммен махаббатқа бөленейік!
б - бақытты балалар болайық!
с - сүйіспеншілікпен сіздерге ата - аналар!
е - еліміз аман болсын!
ә - әдепті балалар болайық!
ө - өнерлі, өнегелі боп өсейік!
ү - үкілі үмітті ақтайық!
(Балалар залдан шығып кетеді)

Жүргізуші: Құрметті Гүлдер ханшайымы сізге арналған
Достарым бар қуанып
Тамашалар кештерде
Тал шыбықтай бұралып
Биші болам өскенде,- дегендей ортада "Вальс" биін тамашалаңыз!

Ересектер (а) тобы:
Шұғыла - Нұрғиса
Әсемай - Мейрамбек
Дильназ - Дархан
Жанрерке - Арсен
Жанерке - Нұрасыл
Ерсектер тобы:
Ж. Дамир - Светлана
Рахман - Бибіфатима
Айқын - Сабина
Жантөре - Нұрзада.

Рахман:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
алты жасқа толамыз,
Қуантып ата - ананы,
Мектепке кетіп барамыз!
Бибіфатима:
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

Айқын: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
Мектепке енді барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз

Сабина: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырды,
Қош бол, әсем бақшамыз.

Жантөре: Үлкендердей тап – таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.

Ересектер (а) тобының балаларының тақпақтары.

Жүргізуші:
Ата - анамның менмін ғой бала шағы
Әдептілік балаға жарасады
Жақсы азамат боламын өскенде мен,
Балалар ғой елімнің болашағы.
Балабақшамыздың сүйкімді әнші бүлдіршіні Ақылбекқызы Бибіфатиманың орындауында " Ата - ананы тыңдаймыз!" әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Табады асып сөзді ер данасы
Шығады білімдіден сөз сарасы
Көркем сөздің мәйегін шарықтатсын
Егеменді еліміздің болашағы
Көркем сөз "Қазақпын" оқитын Арсыланұлы Абылайхан.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй!
Оркестрдің орындауында Майра апайдың жетекшілігімен ән "Кел балақан"
(Ж. Дамир, Светлана, Шыңғысхан, Ержігіт, Асыл, Шырайлым, Нұрислам, Еркеназ, Мағди, Нұрғиса, С. Ақниет, Дильназ, Шұғыла)

Жүргізуші: Келіңіздер, келіңіздер
Би де билеп беріңіздер
Қызығы мол көріңіздер
Тамашасын көріңіздер
Би: "Көңілді Гномдар"

Атырау облысы, Исатай ауданы,
Аққыстау селосы, Балдырған бөбекжай – бала бақшасының
жоғары санатты тәрбиешісі Хайруллаева Назгүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×