Сайтқа кіру Тіркелу

Біз бір жылда не үйрендік?

Біз бір жылда не үйрендік?
Білім беру cаласы: Қатынас, Таным, Денсаулық.
Бөлім: Қоршаған орта, Математика, Тіл дамыту, Сауат ашу, Валеология.
Сабақтың мақсаты: Балалардың білім, білік, дағдыларын қорытындылау, жыл бойы меңгерген білімдерінің деңгейін бақылау, ойлау қабілеттерін, зейінін, тіл байлықтарын дамыту.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Қажетті құралдар: Слайд, суреттер, қима әріптер мен цифрлар.
Билингвальды компоненттер: денсаулық - здоровье, құс - птицы, балалар - дети.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Қуанасың сен де,
Қуанамын мен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!

Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн, қонақтар!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Жүзіміз жарқын болсын!
Күніміз сәтті болсын!

Ұйымдастырушылық - оятушылық
Балалар, мына өлең шумағын оқып берейін, мұқият тыңдаңдар.
Табиғат атты ананың,
Бой жеткен төрт қызы бар.
Көркі де солар даланың,
Ісіне адам қызығар.

Қыс, Көктем, Жаз бен Күз атты
Қыздары өсіп бой жетті.
Төртеуін Жылға ұзатты,
Төрт үй боп бесік тербетті.

- Өлең не туралы?
Дұрыс айтасыңдар, өлең жыл мезгілдері туралы екен.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Атап шығыңдар.
- Әр жыл мезгіліне тән далада қандай өзгерістер болады, айтыңдаршы?

- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде неше ай бар?

- Көктем мезгілінде далада қандай өзгерістер болады?

- Көктемнің қазір қай айы?
- Аптаның нешінші күні, оны қалай атаймыз?
- Балалар, назарымызды енді экранға аударайық. Суретте не бейнеленген?
1. Тапсырма:
Сурет бойынша балаларға сөйлем құрату.

2. Тапсырма: «Кім зерек?».
- Бала сөзі неше буыннан тұрады?
- Сөзде неше дыбыс бар?
- Неше дауысты дыбыс бар?
- Неше дауыссыз дыбыс бар?

- Ағаш сөзі ше?

- Құс сөзі неше буыннан тұрады?

Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты - қатты соғайық.

- Балалар, қолымызды он рет соғайық.

3 - тапсырма.
Енді тақтадағы тапсырмаға қарайық.
- Тақтадағы цифрлар 1 - ден 10 - ға дейін ретімен орналасып тұр ма?
Олай болса цифрларды ретімен қойып тура және кері санайықшы.

Дидактикалық ойын: «Дауыстап сана». Ойынның мақсаты: Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді.
- Балалар, ойын сіздерге ұнады ма?
Жақсы, балалар. - Табиғаттың ең маңызды сыйы кім деп ойлайсыңдар?
- Адамның тіршілігіне табиғатта не қажет?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×