Сайтқа кіру Тіркелу

Біз бір үйдің гүліміз

Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей Орда ауданы, Бисен ауылы,
"Салтанат" ясли – бақшасы тәрбиеші
Қымбат Мусағалиева Исағалиқызы

Біз бір үйдің гүліміз.
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тін жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Бөлме іші мерекеге сай безендірілген.
Хор: Нұрлы көктем.
Жүргізуші:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Бәрі: – Ана.

Ана, Ана, Ана… Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?!
- Болар күнде алаң,
- Жанашыр кім саған?
- Анам.
- Болсаң егер жаман,
- Кейитін кім саған?
- Анам.
- Таң қалғандай ғалам,
- Кім ең сұлу адам?
- Анам.
- Боташым дер саған,
- Кім сүйікті адам?
- Анам. )
Жүргізуші:
Бүгін – наурыздың сегізі.
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз -
Адамның
Анаға айтар лебізі.

Армысыздар құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, ару қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз аналар күнімен құттықтаймыз! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан - алуан гүлдердей құлпырып жанып жүре беріңіздер. Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!

Жүргізуші:
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар! Үнсіздік орнап тына қалыңыздар! Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін ардайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің асқақтатқан әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
Уа халайық, көрермен.
Бізге назар саларсыз
Көктем келді сәнімен
Құстар келді әнімен
Алғашқы мейрам көктемнің
Аналар күні деп білдік.
Мерекеге арналған
Кешімізді бастайық.

Сіздерді «Болашақ» ересек тобының «Біз бір үйдің гүліміз» атты мерекелік сайысын тамашалауға шақырамыз. Алғашқы құттықтау сөз балабақша директоры Айша Мусақызына беріледі.

Ұлдардың орындауында «Еркем - ай» әні
Нұрхан: Ал, бастайық, бастайық
Қолға домбыра алайық
Аналарды құттықтап,
Мерекені бастайық.
Алихан: Біздің қыздар әдемі,
Өздері сондай сүйкімді.
Біз оларды сыйлаймыз,
Шаштарынан жұлмаймыз.
Нұрхан: Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлайық.
Екеуі бірге: Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

2 - жүргізуші: Балғын жүздері албырап, қанатын жаңа қаққан, ару қыздарымызды әпкелерімен бірге ортаға - шақырамыз.
Ұлзада қыз – білімді,
Меңгерген бар ілімді.
Айсезімдей әпкесі
Өнерлі де үлгілі
Марина қыз – елгезек,
Алады тез тілінді.
Балсұлудай әпкесі
Үйретеді өнерді.
Аружан қыз үлбіреп,
Қос жанары мөлдіреп.
Ханшайым деген әпкесі.
Мінезі сондай салмақты.
Ясина қыз – еркетай
Жымыйып жүрер еркелеп,
Еркелігін көтерер
Албинадай әпкесі
Пысық біздің Нұрай,
Албинадай деген әпкесі.

Жүргізуші:
Кімдер жеңбек сайыста, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Қазылар алқасы атыңды ақтап,
Жүректерге арман мен бақыт жолда.
Әділ қазы алқасымен таныстырылады.
1. Әдіскер Нүргүл Оразайқызы
2. Медбике Айнұр Юсифқызы
3. Ата - аналар комитетінің төрайымы Гука Замирқызы
Сайысымыздың шарттары:
1. Таныстыру
2. Өнер сайысы.
3. «Білгенге маржан» сұрақ - жауап.
4. Сән үлгісі.

Жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Таныстырып өздерін ән салыпты.
Бүгінгі сайысымызда бәйге алуға,
Арулар әпкесімен бірге келіп,
Сайыста аянбай - ақ жан салыпты.
Байқауымыздың 1 - ші бөлімі арулар өздерін таныстырады.
1. Ясина
2. Ұлзада
3. Марина
4. Аружан
5. Нұрай

Жүргізуші:
Мың бұрала билеген, аруды кім сүймеген,
Күміс көмей жандарға, кімдер басын имегеген
Арулардың өнерін тамашалап көрейік
Қол соғып қошеметтеп, әділ баға берейік.
Сайысымыздың 2 - ші шарты «Өнер» сайысы. Ару қыздарымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өз өнерлерін ортаға салады.
1.
2.
3.
4.
5.

Жүргізуші:
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз!
Келесі бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады. Мұнда сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
Албинаға сұрақ: Көксерек әңгімесіндегі басты кейіпкер? (Құрмаш)
Ясинаға: Үй жануарларын ата. (Түйе, сиыр, жылқы, қой.)
Балсұлу. Абылайханның шын аты? (Әбілмансұр)
Марина: Төрт мезгілді ата (қыс, көктем, жаз, күз.)
Ханшайым: Қазақтың ұлттық аспабында орындайтын әуен? (Күй)
Аружан: Әлсін - әлсін шыр - шыр еткен бөпесін
Бір қолымен көтереді көкешім. (Телефон)
Нұрай: Бір аптада неше күн бар? (7)
Албина: Кел балалар оқылық кімнің өлеңі? (Ы. Алтынсарин)
Айсезім: Бұзылмай ұзақ сақталатын қазақтың ұлттық тағамы. (құрт)
Ұлзада: Гүлжанның туған күніне 8 қыз келді. 3 қыз үйлеріне кетті. Гүлжанның туған күнінде неше қыз қалды?

Жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,- дей келе келесі кезекте сән үлгісі.
Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.
Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп көктемнің жүрейікші.
Әділ - қазыларға тек әділдікті,
Ал, аруларға тек сәттілік тілейікші, - деп қазылар алқасына сөз кезегін берейік.
Хор: Құттықтаймын мама

Жүргізуші:
Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын,
Ешқашан да қимаған.
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын аналар! – деп бүгінгі «Болашақ» тобының мерекелік кешін аяқтаймыз. Нұрлы күндерде кездескенше аман - сау болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Аяулы ана, ару бүлдіршін» атты мерекелік сайыс

«Аяулы ана, ару бүлдіршін» атты мерекелік сайыс

Сайыс мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге...
Көктем аруы

Көктем аруы

Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке....
8 наурыз қыздар сайысы

8 наурыз қыздар сайысы

Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі...
Ана – біздің  күніміз

Ана – біздің күніміз

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектеп мектепалды даярлық тобының тәбиешісі: Зайрлиева Ботагөз...
Қыз өссе-елдің көркі

Қыз өссе-елдің көркі

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД 2012 жыл Сүлейменова Ақбота Маукенқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×