Сайтқа кіру Тіркелу

Қызықты математика әлемінде

Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика әлемінде»
Сабақтың мақсаты:
1. Түзете - білімділігі: Балалардың геометриялық пішіндер: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш жайлы білімін бекіту.
Балаларды 5 - ке дейін санауға жаттықтыру, түстерді ажыратуға, сәйкестендіруге үйрету, ұзын - қысқа ұғымдарын дұрыс қолдана білуін үйрету.
2. Түзете - дамытушылығы: Балалардың жан - жақты психикалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілетін, қол қимылдарының үйлесімділігін дамыту, ойын дағдыларын қалыптастыру. Балалардың сенсорлық дамуына әсер ету.
3. Түзете - тәрбиелігі: Балаларды ұқыптылыққа, бірлікке тәрбиелеу, жағымды қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: информациялық - рецепиялық әдіс: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, ойнату, көмек беру.
Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар, слайд, компьютер ойындар, логикалық Дьенеш блоктар пайдалану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау
Балалар бірінің артына бірі тұрып, шеңбер бойымен жүреді (әр баланың оң қолында шар), музыкамен залға кіреді.
Жылулық шеңбері: «Қайда екен» өлеңі
Қайда екен қолымыз,
Оңымыз бен солымыз.
Білеміз бе оны біз?
Міне, оң мен солымыз
Міне, алақай қолымыз
Қол соғайық, бір, екі!

ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, бүгін біз сіздермен ойнаймыз, санаймыз және геометриялық пішіндер туралы білімдерімізді көрсетеміз.
- Балалар, бүгін мен сендерге «Үйшік» ертегісін айтып беремін.

Орыс халық ертегісі «Үйшік»
Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады.
Үйшікке баратын екі жол бар, ұзын және қысқа, тышқан қай жолды таңдау екенін білмей тұр. Қандай жолмен үйшікке тез барады?
- Сендер қалай ойлайсыңдар?
1 - тапсырма: «Ұзын - қысқа жолақша»
- Балалар, сендердің алдарында 2 жолақша бар. Олардың айырмашылығы неде?
- Түсі мен өлшемінде. Қай жолақша ұзындау екенін қалай білуге болады? Жолақшаларды салыстырайық, бір - біріне беттестіріп көрейік.
- Қысқа жолақшаға тышқанды коямыз. Жарайсыңдар, балалар, сендер дұрыс қысқа жолды таптыңдар.
Тышқан үйшікке кіріп, өмір сүре бастайды.
Үйшікте бір тышқан - 1 санын қоямыз.
Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып, сұрайды:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Ал сен кімсің?
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Секеңдеген қоян, сен тапсырманы орындасаң бірге тұрамыз.
2 – тапсырма: «Дұрыс орналастыру»
Шарты: Балалар геометриялық пішіндерді дұрыс орналастыру керек.
- Кел бірге тұрайық! – деп, тышқан мен қоян үйшікте екеуі бірге тұрады - 2 санын қоямыз.
Бақылдап бақа келеді:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Ал сен кімсің?
- Мен, бақамын бақылдаған.
- Кел, бізбен тұр! Енді олар үшеуі үйшікте тұрады – 3 саны.
ІҮ. Сергіту сәті
Қимылды ойыны: «Бақа»
- Бақа, бақа, балпақ
Басың неден жалпақ?
- Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ!
- Бақа, бақа, балпақ
Көзің неге тостақ?
- Қарауылға көп қарап,
Көзім содан тостақ!

Көзге жаттығу:
- Шар сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Шар жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
- Шар қайда ұшты?
- Жоғары, төмен, оңға, солға.
Терезені түлкі тоқылдатады:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Мен, бақамын бақылдаған.
- Ал сен кімсің?
- Мен, түлкімін
- Түлкі, сен тапсырманы орындасаң бірге тұрамыз.

ҮІ. Бекіту
3 – тапсырма: «Сиқырлы пішіндер»
Шарты: Балалар, пішіндер арқылы суреттерді құрастыру.
- Кел, бізбен тұр! Енді олар төртеу болды – 4 санын қоямыз.
Жүгіріп келіп сұр қасқыр сұрайды.
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Мен, бақамын бақылдаған.
- Мен, түлкімін
- Ал сен кімсің?
- Мен, сұр қасқырмын.
- Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болды – 5 саны.
Барлығы көңілді өмір сүріпті.
ҮІІ. Қорытынды
4 – тапсырма: «Сұрақ - жауап»
- Үйшікте тығылған жануарларды ата.
- Үйшікте қанша жануарлар?
- Үйшікке бірінші келген қандай кейіпкер?
- Екінші қандай жануар келді?
- Үшінші қандай кейіпкер келді?
- Төртінші қандай жануар келді?
- Бесінші қандай жануар келді?
- Ертегіде қанша кейіпкерлер бар?
- Үйшікке кіруге кейіпкерлерге кім көмектесті?
- Қандай тапсырма сендерге ұнады?
ҮІІІ. Бағалау
- Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар.
Жылулық шеңбері:
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын.
Деніміз сау болсын,
Бәріміз тату, дос болайық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×